Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3541 0 пікір 25 Шілде, 2013 сағат 13:28

Қазақтың оюлы туырлығымен дәретхананы қоршаған кәсіпкер Цойдың бұл қай басынғаны?!

Осыдан бірнеше жыл бұрын Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа жылға дайындалып жатқан талдықорғандық шенеуніктердің намыссыздығы мен көрсоқырлығы кесірінен Мелекеттік туымыз қоқыс таситын дорбаға айналғанын да көзімізбен көріп, құлағымызбен естіген едік. Ақыры заң орындары араласып, қалалық әкімдіктің коммуналдық кәсіпорны болып табылатын  мекемені жауапқа тартқан  болатын.  Дегенмен, содан бері облыс орталығында жағдай жақсарып кетті, мемлекеттік тілдің көсегесі көгеріп, ұлттық және мемлекеттік нышандарымыз бен рәміздеріміз салтанат құрып тұр деуге аузымыз бармайды. Осыдан біраз ғана бұрын «Меняем старые на новые» деген жарнаманы «Кәріні жаңаға  ауыстырамыз» деп аударып, орталық көшеге жалаулатып іліп, айды аспанға бір-ақ шығарған еді. Ақыры, журналистер дабыл қағып, ақыры кемшілік дұрысталған болатын.  

Жалпы ақтаңгер ақын Ахмет Кендірбекұлы Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасын басқарған жылдары мұндай келеңсіздіктер бірден назарға ілігіп, тиісті шаралар қолданылатын. Қазіргі кезде аталған басқармадағылар ұлттың намысы, мемлекеттің мәртебесіне көлеңке түсірер жағдайларға көз жұма қарайды. Соның кесірінен Ұйғыр ауданындағы ауылдардың, мектептердің атауларын екі тілде: қазақша, ұйғырша жазу қайта өріс аылп, шектен шыққандар қазақша атауды бүлдіріп тастауға дейін баруда. Талдықорғанды айтпағанда, облыстағы басқа да ірі елді мекендер мен жол бойында сақау әрі сапасыз жарнама, қазақтың тілі мен діліне нұсқан келтірер көріністер қаптап кетті.

Енді, міне, «Дастархан W» кешені өзінің облыс орталығындағы адамдар көп жүретін, демалатын жеріне орналасқан «Камышовый рай» атты жазғы алаңының жанына  алыстан көзге түсетін жерге жабайы дәретхана орнатып, оның сыртын қазақтың оюлары бедерленген қасиетті киізімен қаптап қойыпты. Ондағылар осынау оспадарлықтары арқылы қаладағы қазақтардың орны қайда екенін көрсетіп отырғандай. «Киізіңе түкіргенім бар, сондықтан оюыңды да өзорнына қойдым» дегендей болып көрінетін дәретхана орналасқан тұстан өтетін жолмен қала, облыс басшылары, былайғы азаматтар күн сайын арлы-берлі ағылып өтіп жатады. Кейбірі сол жазғы алаңда тамақтанып, оюлы киізбен қапталған дәретханаға барып ішін босатады.  Солардың біреуі де кәсіпкерге жолығып: «бұның не масқара!» демегені анық. Шыдам таусылғаннан кейін өзіміз арнайы  барып сауал салғанымызда, жазғы алаңның қожайыны Вячеслав Цой еш қысылмастан: «Бұрындары киіз үй тігіп, жазғы алаң ретінде пайдаланғанмын. Оның киізін ақ көблек жеп қойған соң, қалғанын алып қалып дәретхананы қымтап қойдым. Өйткені, осында тамақтануға келгендер дәретхананың қаптамасы тым жұқа екенін айтып шағымданған еді. Қазіргі кезде барлығы дұрыс болды. Ештеңе көрінбейді. Онда тұрған не бар. Мұнан ұлттық кемсіту іздеудің жөні жоқ», – деп өзімізге жөн айтты. Суреттегі көрініс оюлы киіз жамылған нәжісхананың бергі жағы ғана, негізінде дәретхана түгелімен оюлы киізбен, нақтырақ айтқанда қазақтың киелі киіз үйінің бір бөлігімен қапталған.

Алмас Қылыш,

Алматы облысы.

Abai.kz

0 пікір