Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3488 0 пікір 3 Шілде, 2013 сағат 10:10

«Қазақстан барысы-2013»: Айбек туған өлкесіне келді

Ел Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен үшінші рет өткен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы, «Алтын белбеу» мен ауыспалы «Алтын тайтұяқтың» иегері Айбек Нұғымаров кеше таңертең Астанадан туған жеріне ұшып келді. Елорда төріндегі дүбірлі додада Шығыстың намысын абыроймен қорғаған балуан ұлдарын Өскемен әуежайында облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ күтіп алды.

Аймақ басшысымен бірге қарсы алушылардың қатарында Айбектің ата-анасы, достары, спорттағы сенімді серіктері һәм бапкерлері, қай кезде де қиқу қосып, қолдап жүретін жанкүйер жерлестері бәрі, бәрі осы әуежайдан табылды. Туған жерге табаны тиген сәтте-ақ көкірегін ерекше сезім билеген «Қазақстан барысы» қаумалаған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беріп, қуанышын бөлісті.    

Ел Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен үшінші рет өткен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы, «Алтын белбеу» мен ауыспалы «Алтын тайтұяқтың» иегері Айбек Нұғымаров кеше таңертең Астанадан туған жеріне ұшып келді. Елорда төріндегі дүбірлі додада Шығыстың намысын абыроймен қорғаған балуан ұлдарын Өскемен әуежайында облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ күтіп алды.

Аймақ басшысымен бірге қарсы алушылардың қатарында Айбектің ата-анасы, достары, спорттағы сенімді серіктері һәм бапкерлері, қай кезде де қиқу қосып, қолдап жүретін жанкүйер жерлестері бәрі, бәрі осы әуежайдан табылды. Туған жерге табаны тиген сәтте-ақ көкірегін ерекше сезім билеген «Қазақстан барысы» қаумалаған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беріп, қуанышын бөлісті.    

– Астанадағы байрақты бәсекеге үкілеп үміт артып, шығарып салып, жарыстың басынан аяғына дейін маған жанкүйерлік танытып, қолдаған жерлестеріме ризашылығымды білдіремін. «Қазақстан барысы» турниріне баратын кезде облысымыздың басшысы Бердібек Мәшбекұлы Семейдегі стадионға арнайы келіп, 15 мың адамның алдында бізге ақ батасын беріп, ақ жол тілеп, шығарып салып тұрып, маған: «Ең төменгі орын бірінші орын болсын!» деп міндет жүктеген. Мен осы міндеттің үдесінен шығуға, жерлестерімнің сенімін ақтауға бар күшімді салдым. Ең әуелі жаратушы Алла жолымды оңғарып, екінші, сіздердің тілеу-ниеттеріңіз орындалып, осындай жеңіске жеттім. Мен бұл жеңісімді Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ және еліміздің ордасы Астанамыздың туған күніне арнаймын! – деп ағынан жарылған ол турнирдің өту барысы туралы да өзінің ой-пікірін ортаға салды.

Журналистердің «Бұл жолғы «Қазақстан барысы» қалай өтті? Былтырғы чемпион Бейбіт Ыстыбаевтың ақтық сынға шыға алмай қапы қалуын қалай қабылдадыңыз?» деген сауалдарына ол былайша жауап берді: – Қазақ күресінің мерейін тасытқан «Қазақстан барысы» турнирі жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарым осал болған жоқ. Негізі мен ақтық сында Бейбіт Ыстыбаевты күткен едім. Бірақ қарағандылық балуанның бағы жанып, Ержан Шынкеевпен кездестім, Жалпы, «нағыз балуанға оң-солы бірдей» демекші, шешуші сайыста кіммен белдессем де мен үшін басты мақсат жеңіске жету еді.

– Бұдан бір жыл бұрын дәл осы әуежайда Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованы қарсы алған едік. Енді, міне, сол жеңісті жол жалғасып, Айбек ұлымыз туған жеріне «Қазақстан барысы» атанып келіп отыр. Оны бұл үлкен жетістігімен және осы қуанышты сәтпен қатар келген бүгінгі туылған күнімен облыс жұртшылығы атынан құттықтаймын. Айбекті жарысқа шығарып салған кезде бәріміз оған үлкен сенім артып, жеңіспен оралуына тілектестік білдіргенбіз. Мінеки, жерлестерінің сол тілектері қабыл болып, ауыспалы тайтұяқ Шығыс Қазақстанға бұйырды, - деді облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВ.

2013 жылдың «Қазақстан барысын» алқалау рәсімі осы күні түстен кейін де жалғасын тапты. Өскеменнің орталық алаңындағы ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым ету салтанаты жасалғаннан кейін мерекелік шара ерке Ертістің жағалауында орналасқан амфитеатрдағы концерттік бағдарламаға ұласты. Ашық аспан астындағы амфитеатрға жиналған қала тұрғындары мен қонақтары алдында өңіріміздің мақтанышына айналған Айбек Нұғымаровты құттықтаған облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ: – Ең алдымен осындай ұлды дүниеге әкеліп, өсіріп-жеткізген Айбектің ата-анасына рақмет айтамын. Екінші кезекте күндіз-түні тыным көрмей, тер төккен бапкерлерінің еңбегі зор екенін айтуымыз керек, – деді.

Құттықтау сөзден кейін аймақ басшысы Айбектің қолына «Азия Авто» зауытында құрастырылып шығарылған судай жаңа темір тұлпардың кілтін ұстатты. Бұған қоса Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов балуанға үш бөлмелі пәтер сыйға тартатынын да жеткізді. Ал жеңімпаздың бапкерлері Серік Қожыкенов пен Шыңғыс Тұрсыновқа 2 мың доллардан ақшалай сыйлық берсе, алып ұлды өмірге әкелген ата-анасының иығына қымбат шапан жауып, құрмет көрсетті.

Салтанатты шараның қызығына жиналған көпшілік те құр қалған жоқ. Чемпионмен тілдесіп, құттықтауларын арнады. Жастар жағы естелік үшін фотосуретке түсіп, қолтаңба алып жатты. Сахна төрінде әуелеп ән шырқалып, күмбірлеп күй төгілді.

Шалқар ЖОЛАМАНОВ, 2012 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері:

– Өткенде Қазақстан телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасында Айбекке «Сіздердің қоржында күміс және қола жүлде бар, енді жетіспей тұрғаны алтын медаль» деген болатын. Сол кезде Айбек «бұйыртса, осы жолы алтынды аламыз» деп жауап берген еді. Міне, ол сөзінде тұрып, ел-жұрттың тілеуі қабыл болып, «Алтын белбеу» мен ауыспалы «Алтын тайтұяқты» Шығысқа алып келді. Бұл тайтұяқ енді біраз жылға дейін біздің облыста қалуы үшін Айбек бастаған жігіттер намысты қолдан бермеуге тырысатын болады. Мен оларға сенемін.

Жанәділ АТАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы:       

– Еліміз тәуелсіздік алғалы осындай байрақты бәсекелерде спортшыларымыздың жұлдызы жарқырап жанып келеді. Бұл орайда қазақтың төл күресін дамытуға бағытталған «Қазақстан барысы» турнирінің де маңызы зор.

Бүгінде спортқа мемлекет тарапынан баса көңіл бөлініп, жағдай жасалуда. Шығысты ғана алсақ, Бердібек Мәшбекұлы өңірге әкім болып келгелі бірнеше дүниежүзілік дүбірлі додаларда жүлделі орындардан көрініп келеміз. Айталық, Лондонда топ жарған Ольга Рыпакова, шаңғышы Алексей Полтораниннің жеңісті жолын Айбек бауырымыз да жалғады. Осындай жеңістердің нәтижесінде өңірімізде спорттық нысандар көптеп бой көтеріп, спортты дамытуға қыруар қаржы бөлінуде. Алдағы уақыттарда да біздің Шығыстың спорты биіктен түспейді деген сенімдемін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610