Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4796 0 пікір 17 Шілде, 2013 сағат 09:29

Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі

23-24 тамызда облысымызда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты ІІ халықаралық этнографиялық форум өтеді. Отандық және шетелдік әйгілі түркітанушы-ғалымдар биыл тағы да Шығыста бас қосады.  

Соңғы ғылыми зерттеулер, атап айтсақ, Берел қорғандарындағы қазба жұмыстары осы жерде, яғни, Еуразияның кіндігінде адамзат өркениетінің ең ежелгі ошақтары орналасқан деген болжамды тағы бір мәрте растап отыр. Шығыс Азияның және Сібірдің көптеген ұлттары мен ұлыстары осы Алтай тауынан тараған. Осылайша, Шығыс Қазақстан түркі мәдениеті пайда болған тарихи аумақ ретінде саналып отыр. 

Осы ретте аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ бастамасымен халықаралық этнографиялық форум сынды бірегей жоба қолға алынған-ды. Оның мақсаты қасиетті Алтайдан бастау алған мәдениеттерді қайта түлету, бір-біріне жақындастыру, ұлы рухани мұраны сақтап, ары қарай дамыту. 

Бұл жоба бір жағынан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің үдесінен шықса, екінші жағынан Шығыстың беделін биіктетіп, оның туристік мүмкіндіктеріне әлем назарын аудартады.

Алғашқы халықаралық басқосу осыдан екі жыл бұрын өткен болатын. Әлемнің он екі елінен өкілдер келген аталмыш келелі жиын ұйымдастырушылардың да, форум қонақтарының да үмітін ақтап, жобаның маңызы мен қажеттілігін растай түсті. Бұл форум адамзат өркениеті мен мәдениетіндегі Алтайдың алар орнын зерделеу бағытында ғалымдардың күш біріктіруін, тәжірибе алмасуын мақсат етті. Кездесуге қатысушылар ғылыми-тәжірибелік конференцияны дәстүрге айналдырып, оны екі жылда бір рет өткізіп тұру туралы уағдаласты.

Міне, кезекті кездесудің уақыты да таяп қалды. «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумына қатысуға 15 елдің танымал түркітанушы-ғалымдары ниет білдіріп отыр. Шақырылған құрметті қонақтар тізімінде Біріккен ұлттар ұйымының Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Қасымжомарт Тоқаев, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Мұхтар Әуезов қоғамдық қорының президенті Мұрат Әуезов және бірқатар министрлер, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, елшіліктердің өкілдері мен ғалымдар бар.

Облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдын Қиқымов форумның бұрынғы форматы сақталатынын жеткізді. Мұнымен қоса, халықаралық деңгейдегі екінші кездесу кезінде Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында Алтайтану ғылыми-зерттеу орталығы ашылмақ.  

– Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысы аясында Өскеменде түркі халықтары музыкалық аспаптарының көрмесі өтеді. Ал Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана қызылордалық әріптестерімен бірлесе отырып, сирек кітаптардың экспозициясын ұйымдастыратын болады, – дейді Айдын Қиқымов. 

Этнографиялық мереке одан әрі  Катонқарағай ауданында жалғасады. Берел қорғандары маңында киіз үйлер тігіліп, түрлі спорттық сайыстар, ауыл шаруашылық өнімдерінің және қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өткізіледі. Бұл жолы оған облыстың он өңірі қатысады, атап айтсақ, Жарма, Зырян, Тарбағатай, Глубокое, Катонқарағай, Көкпекті, Шемонайха, Күршім, Зайсан аудандары мен Риддер қаласы.

Осы жерде орын тебетін басты сахнада түркітілдес халықтар дәстүрлі музыкасының халықаралық фестивалі өтеді. Өздерінің концерттік нөмірлерін Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Түркиядан, Ресейдегі Саха елі мен Татарстаннан келген әртістер ұсынады деп күтілуде.

Abai.kz

0 пікір