Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3762 0 пікір 18 Шілде, 2013 сағат 08:50

«Fresh Market» - делдалсыз сауда орталығы

Өскеменде «Fresh Market» атты сауда-логистикалық орталығы ашылмақ. Сәтпаев даңғылының қаланың негізгі бөлігі мен жібек маталар комбинатын жалғап тұрған тұсында бой көтеріп келе жатқан сауда орнының ғимараты тамыздың аяғында қолданысқа берілмек. Орталық тек ауыл шаруашылық өнімдеріне арналып отыр.

«Азық-түлік өнімінің қауіпсіздігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ тікелей қолдауымен ашылатын сауда нүктесі бірнеше мақсатты көздеп отыр. Бұл орталықты еуропалық үлгідегі заманауи азық-түлік базары десе де болады.

«Біздің нысан автокөлік қоюға ыңғайлылығымен, сауда жасауға арналған жерінің түбегейлі ойластырылғандығымен, онда сатылатын тауарлар қолайлы температуралы режимде сақталуымен, мемлекеттік ветеринарлық зертханасының, сонымен қатар тоңазытқыш және мұздатқыш камераларымен жабдықталған қоймасының болуымен ерекшеленеді, - дейді осы орталықтың баспасөз қызметінің жетекшісі Амангелді Ошақов. Бұған қоса, аты аталған сауда орталығы кәсіби күзет, бейнебақылау, тұтынушыларды тегін арба мен себет беру қызметімен қамтамасыз ететін болады. «Fresh Market» сауда-логистикалық орталығы сатып алушылар мен жалға алушыларға сапалы қызмет көрсетуге жағдай жасау үшін сауданы жабдықтау және азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған барлық қажетті инфрақұрылыммен қамсыздандырылмақ. Жоспар бойынша іске асырылып жатқан орталықтың ішінде ет, сүт, балық, жеміс-жидек, көкөніс өнімдері, дәмді тағамдар және де кондитер өнімдерін сатуға арналған сауда орындары болады деп жоспарланған.

Сауда-логистикалық орталық деп аты айтып тұрғандай, ең бастысы, бұл жерде ауыл шаруашылық өнімін тұрғындарға жеткізу ісінде делдалдардың килігуіне тосқауыл қойылмақ. Мұндағы жүйе тым қарапайым. Ол жүйемен жұмыс істеу, әсіресе, іріленген шаруа қожалықтары үшін аса тиімді болмақ. Серіктестікпен белгілі бір мерзімге келісімшартқа отыру арқылы шаруа өз өнімін ұзақ мерзім бойы саудалайтын орынға ие болады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл сауда орталығына облысымыздың кез келген кәсіпкері немесе шаруа қожалығының өкілі өз өнімдерін әкеліп, оны өз қолымен сата алады.      Сауда орынымен бірге оған өнімді қажетті температурада сақтау мүмкіндігі де беріледі. Логистикалық орталық таңғы тоғыздан түнгі онға дейін ашық тұрады. Барлық саудаланатын өнім дербес зертхананың тексеруінен өткеннен кейін ғана сөреге қойылады. Бұл нысан ауыл шаруашылық өнімін саудалау ісінде шынайы бәсеке қалыптастыруға әлеуетті бірден бір орталық болмақ. Осы басымдықтарды ескерген облыс басшылығы ғимараттың инфрақұрылымын түзуге қаржы бөлген. Сауда үйіне келушілерге арнап автобус аялдамалары да орнатылмақ. Мұндағы сауда нүктесін жалға алу құнының нақты қанша болатыны әлі белгісіз. Алайда орталық өкілдері келешекте мұндағы өнімдердің қаладағы өзге сауда орындарынан төмен бағада сатылатынын айтады. Сауда орталығы жайында толығырақ мәлімет алғысы келген адамдар 87232 265006 нөміріне хабарласуына болады.

Абай-ақпарат

0 пікір