Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3667 0 пікір 18 Шілде, 2013 сағат 11:26

«Сыбаға» бағдарламасы 915 жобаны қаржыландырды

«Сыбаға» бағдарламасы басталғаннан бері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жалпы сомасы 14 млрд. теңгеден асатын  915 жобаны қаржыландырды. Бүгінге дейін аталған қаржыға шаруалар  77 мың бас ІҚМ сатып алды.  

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2011 жылғы ақпаннан бері етті мал тұқымын жаңғырту үшін аналық бас ІҚМ мен асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға бағытталған Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелеу бағдарламасын іске асыруда.  

Корпорацияның «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсаты шағын және орта бизнесті еліміздегі етті мал шаруашылығын дамытуға жұмылдыру, етті бағыттағы мал басының үлесін арттыру, ІҚМ өсіру нарығында бәсекелік пен инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады.   

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелер: сыйақы мөлшері жылдық 6 %, аналық ІҚМ басын сатып алу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге, өндіруші–бұқалар мен шаруашылықтың айналым қаражатын толтыру үшін несие – 2 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

«Сыбаға» бағдарламасы басталғаннан бері Корпорация жалпы сомасы 14 млрд.187 млн. теңгеден асатын 915 жобаны қаржыландырса, бұл сомаға шаруалар 77 мың бас ІҚМ сатып алуға мүмкіндік алды.

Сонымен бірге, Корпорация 2012 жылдан бастап, еліміздегі 165 несие серіктестіктері арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие беруді жүзеге асыра бастады. Қазіргі күні осы жұмыстардың нәтижесінде  несие серіктестіктері арқылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне 170 қарыз беріліп, жалпы сомасы 1 млрд. 198 млн. теңгеден аса қаржыға 5829 бас ІҚМ сатып алынды. 

2013 жыл басталғананнан бері жарты жыл ішінде (01.07.2013 жылғы мәлімет бойынша) Корпорация 312 ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне 15 400 бас ІҚМ сатып алу үшін жалпы сомасы 2 млрд. 963 млн. теңгенің несиесін берді.  

Анықтама:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіпкешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустриаландыру және әртараптандыру. «ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ,

Баспасөз қызметі

0 пікір