Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4382 0 пікір 17 Шілде, 2013 сағат 10:56

Жарқын Жеті. Тағы да Бас мүфтидің назарына

Қасиетті Рамазан айының оразасына орай, ҚМДБ жағынан жасалынған оразаның уақыт кестелері сайттарда жәрияланып, мұсылман жұртшылығының осы бір қасиетті құлшылықты жаңылмай дұрыс жасауына мүмкіндік берді. Бұл өте сауапты іс еді. Тәуелсіз Қазақ еліндегі қазақтар Алланың шексіз рақымына бөленіп,  тәуелсіздіктің арқасында құлшылығын ешқандай қысым көрмей әрі қателеспей, жаңылмай жасап жатқанда, шеттегі Жеті Миллион қандасының хәлін ойлап, бір уақ солар үшін игі дұға-тілектер жасайтынына еш шүбәміз жоқ.

Шеттегі қазақтың аса ірі бір бөлігі – Қытайда.

Қытайда жасайтын қазақтардың қарасы қалың.  Үкіметтің есебінде ешқашан екі жүз түменнен(екі миллионнан) асырылмағанымызбен, өз есебімізде үш жүз түменнен(үш миллион) баяғының баяғысында-ақ астық деп мөлшерлейміз. Қазақтар шоғырлы қоныстанған Іле Қазақ автономиялы облысының отызға жақын аудан, қалаларына өзге де жерлерді қосқанда,  жалпы сұлбасы қырық шақты аудан, қалаларда қазақтар тығыз қоныстанған.  Бір Үрімшінің өзінде ЕКІ ЖҮЗ МЫҢ қазақ жасайды. Ал, енді осы жерлердегі қазақтардың Ораза уақытын есептеуі күрделі мәселе болып тұр.

Қызыл коммунисттер қара халықтың дінге сенуін басы бүтін шектеп отырған жоқ. Бірақ, былайғы ел-жұрттың діни білім алу қайнары шектемелі. Ең қарапайымы – қасиетті түндердің қашан екендігін де ғаламторға қарап отырған жастар болмаса көп ешкім біле бермейді. Көп жұрт Ораза, Намаз уақытын да жаңылады. Кей жылдары мүлде ақылға сыймайтын ораза кестесі  Қараңғы Базарларда сатылып, тарап кетіп жүреді. Ондай кестелерге сүйенсек, күн шыққасын да ауыз бекітуге бола береді екен.

Соңғы кезде ғаламторшы жастар екі түрлі сайт арқылы әр жердің ораза уақытын білуге болатынын жазып жүр. Сүйенер фатуалы ештеңесі  жоқ жұртқа мұның өзі жоқтан әлдеқайда жақсы болғаны шын. Бірақ, бұл сайттарға да күмәніміз бар болып тұр. Бірі Түріктің   http://www.namazvakti.com  деген сайты да, бірі Ағылшынша  http://www.islamicfinder.org/ деген сайт. Бұл сайттар әлемнің кез келген жеріндегі елдімекендердің намаз, ораза уақыттарын анықтап бере алады екен. Бірақ, кейде, ұқсас бір жердің ұқсас мезгілдегі ораза, намаз уақытын екі түрлі есептеп беретіні тағы бар. Сонымен, қайсысына жүгінерімізді білмей дал болып отырмыз.

 Отаршылар жаулап алудан бұрын іргесі бүтін, қабырғасы сөгілмеген толыққанды біртұтас қазақ елі едік. Алтай мен Атыраудың арасынан тартып, Еренқабырғаның, Алтайдың, Майлы Жәйірдің арасы бір тілде сөйлеп, бір дінге сенген еді. Ділі де бір болатын. Бұл күнде Інжілді төтеше жазумен басып шығарып қазақтар арасына тегін таратып немесе ИеҺовасын уағыздап жүргендердің біртұтас  мұсылман қазақы болмысымызға жік салмақ болып жанталасып жатқаны үшін, Аты Ислам болғанымен заты басқа, ұстанымы басқа кей ағымдардың да мұндағы діннен мақсатты түрде жырақтатылып бара жатқан ел-жұртқа өршелене уағыз жүргізіп жатқаны үшін,  шеттегі қазақ пен Қазақ Отанындағы қазақтың бір дін, бір діл, бір мазҺапта болуы үшін, біртұтас қазақы болмысымызға жік түспесі үшін осыдан біраз бұрын сіздің құзырыңызға арнаулы  түрде “ҚМДБ САЙТТАРЫ ТӨТЕШЕЛЕНСЕ ЕКЕН” деген  өтініш-дәтімізді жеткізген едік. ( http://old.abai.kz/content/zharkyn-zheti-m-ftiyat-saittarynyn-toteshe-nyskasy-kashan-zhasalady)

Ұзын сөздің қысқасы, мынау қасиетті айда,  сауапты амалдар еселеніп жазылатын мүбарак  айда, ҚМДБ құзырындағы білікті мамандардан қытайдағы қазақтар қоныстанған жерлердің ораза уақыттарын қалай есептеу турасында көмек күтеміз.  Ғаламтор дамыған заман ғой, әр қаланың  Ораза және намаз уақыттарын есептеуге қажетті болған ақпараттарды, мысалы, қалалардың  бойлық-ендік градустары, жер түзілісі, таулы не ойпат жер екендігі хақындағы ақпараттарды алу да  аса қыйын шаруа емес.

Түріктің сайтына сеніңкіремей тұрғанымыз олардың есептеуінше осы жылғы 17-ші шілдедегі Астананың Таң намазы кірген уақыты 01:16 екен.(http://www.namazvakti.com/Main.php?cityID=8359) Бұған өздері былай деп түсіндірме беріпті:http://www.namazvakti.com/fecrvesafakKZ.pdf

Ал, ҚМДБ таратқан кестеде, бұл уақыт 03:38 деп көрсетілген. (http://muftyat.kz/uploads/2013/01/keste/ast.jpg)

Бір ғана Астана қаласын есептеуі бойынша, түрік сайтындағы уақыт пен ҚМДБ көрсеткен уақытта екі сағат айырма бар болғандықтан, біз осы түрік сайтының дұрыстығына күмәнданып, мұнымен қытайдағы қазақтар қоныстанған қалалардың намаз уақытын есептеуден қорқып отырмыз.  Бірақ, мұнан басқа анау  http://www.islamicfinder.org  деген сайтымызға да сенер- сенбесімізді біле алмаудамыз.

ҚМДБ-да дін мамандары жетерлік қой. Дін оқуын мықты оқыған қазақ бұл күнде аз емес. Ендеше, осы білікті мамандарымыз шеттегі өзінің қаракөз қандастарын шетелдің сайттарына телмеңдетпей, өз тараптарынан бір рухани көмек берсе, жол нұсқаса, нұр үстіне нұр болар еді әрі мол сауап тапқан болар еді.  Шетелдің діни мамандары жұмыр жердің бұрыш-бұрышын түгелімен түгендеп , намаз уақыттарын көрсетіп, өз фатуаларын беріп отырғанда, біздің мамандарымыз Қазақстанмен шектесіп жатқан мына тұрған Шыңжаңдағы қазақтар қоныстанған жерлердің Намаз және Ораза уақыттарын есептеп беруден қинала қоймас дейміз.

Ежелгі қуатты Үйсін Мемлекетінің   ескі қалалары Құлжа, Алтай, Шәуешек, Күнес, Текес, Манас, Сауан, Құтыби т.б сияқты қырық шақты қаланың аумағында жасайтын қазақтар жүз мыңдап саналады. Ендеше, "Асыл Арнамыз" осы ірі қалалардың ораза-намаз уақыттарын қоса берсе, ешкім қарсы болмас еді. "Асыл Арна" ғана емес, "Қазақстан Ұлттық арнасы" берсе де,  от алып қопаға түсе қоятын ешкім шыға қоймайды. Бірақ, ұтарымыз мол болмақ, иншаллаҺ.

Abai.kz

0 пікір