Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3100 0 пікір 17 Шілде, 2013 сағат 08:33

Тарихты зерттеуде тіл мамандары аса қажет

Арай ОМАРОВА, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, арабтанушы-этнограф

 – Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствалық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің жасаған баяндамасының басын­да-ақ сөз еткен тіл – ұлттың негізгі құнды­лығы екені баршаға мәлім. Тілсіз ешбір ұлт жасампаз болмасы анық. Соңғы жылдарда Президент Н.Назарбаев мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге тікелей бас-көз болып, өзінің «Қазақстан халқына Жолдауында» тілге айрықша көңіл бөліп, айтып кетті. Қазақстан халқы біртұтас қазақ тілінде сөйлеуі үшін әрбір азамат өзінен бастауы қажет екенін үлгі ретінде ел басының өзі көрсетіп, соңғы халықаралық мәжілістер мен кездесулерді Президент мемлекеттік тілде жүргізіп жүр. Бұл біздің ел басқарушы ағаларымыздың біразына мемлекеттік тіл­д­е, яғни қазақ тілінде сөйлеуіне қозғау бол­ған сияқты. Тек сөйлеп қана қоймай, мем­лекеттік тілді жоғары деңгейге көтерудің бір құралы – ресми іс қағаздарының да сол тілде жазылуында.

Алайда бізде көптеген мемлекеттік ме­ке­мелер мен ғылыми институттарда барлық іс-қағаздары, хаттар, есептер мен жобалар әлі мемлекеттік тілге қоса жағаласа орыс тілінде жүргізіліп келеді. Бұл – минис­трліктің талабы. Бізге Елбасы да, Мемле­кеттік хатшы да қазақ тілінің мәртебесін көтеру жайлы айтып жатқанда, біз неге қазақ тіліне үнемі аударма жасап жүреміз? Бұл жерде әңгіме тек министрлік талап ете­тін іс-қағаздары жайында, ал ғалымдардың ғылыми зерттеулері қай тілде жазылса да, тіпті шет тілдерінде жазылса, құба-құп. Ол біздің ғалымдарымыздың еңбектерінің кеңі­нен танылуына үлкен мүмкіндік. Ал іс­қағаздарын үнемі қазақ тілінен орысшаға, орыс тілінен қазақшаға аударумен қызмет­керлердің негізгі жұмыс уақыттары өтеді. Ол үшін арнайы аудармашы алуға министр­ліктен қаражат қарастырылмаған, бірақ та­лап екі тілде жазылу керек. Егер құжат мем­лекеттік тілде жазылғанда, Қазақстанның өз ішіндегі мекемелер арасында болғанда аударма жасаудың не қажеттігі бар? Мемле­кетаралық немесе халықаралық деңгейдегі құжаттар болса әрине, түсінікті. 

Біз қазақ тілін Қазақстан халқының бар­лығына ортақ тіл жасау үшін әрбір мә­селеге немқұрайлы қарамауымыз керек де­ген ойдамын.

Мемлекеттік хатшының: «Ұлы Жібек жо­лының, әсіресе, оның біздің ел аумағы арқылы өтетін бөлігінің – Дала жолының дипломатиялық және сауда-экономикалық рөлі қандай еді? Ол жол мәдениеттердің өзара кірігуі мен бірін-бірі байытуына, Орта­лық Азия мен Еуразияның басқа да мемлекеттерінің, әсіресе, Шығыс елдерінің мәдени-өркениеттік қарым-қатынасына қалайша септескен?»деген жолдардан біз тарихымызға қатысты елдердің барлығымен арадағы әртүрлі қарым-қатынастар мен байланыстарды қарастыруымыз қажет екенін түсінуге болады. 

Иә, оның ішінде әсіресе, Шығыс елдері­мен арадағы мәдени-өркениеттік байланыс­тарға мән беру керектігін атап өтті. Бізде жылына шығыстану мамандығы бойынша қаншама мамандар жоғары оқу орнын тамамдайды. Яғни қытай, араб, парсы, урду, т.б. тілдері мен тарихынан мамандар бітіріп шығады, бірақ бұл мамандықпен жұ­мыс таппай, басқа салаларға кетеді. Өйткені бізде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ғана ғылыми-зерттеумен айна­лысады, басқа жекелеген ғалымдар болса, жоғары оқу орндары тек білім беру, маман­дандырумен ғана шұғылданады және онда Қазақстан тарихына қатысты деректер­мен айналысу мәселесі оқу бағдарламасында жоқ. Сондықтан да шығыстанушы маман­дығы бойынша бітіріп шыққан мамандар Қазақстан тарихына қатысты деректану, тарихнама саласынан дайындығы аз болып шығады. Біз тек шетел компаниялары мен Сыртқы істер министрлігіне ғана мамандар даярлап қоймай, Қазақстан тарихын зерт­теуге қажетті мамандарды дайындауды қа­рас­тыруымыз қажет сияқты. Яғни шығыс­танушы мамандығымен оқып жатқан сту­денттердің біраз бөлігін осыған маман­дандырсақ, қытай, араб, парсы, т.б. тіл­дер­дегі қолжазба мен ортағасырлық кітаптардан өз тарихымызға қажетті деректерді жинауға мол мүмкіншілік туар еді. Өйткені бүкіл бір Республика үшін жалғыз Шығыстану инс­ти­туты азшылық болар. Ашылмай жатқан деректер мен мол мағлұматтардың барына күмән жоқ. «Барлық осы деректер, идеялар, оқиғалар жүйелі әрі объективті бағаға ие болуы тиіс. Бірақ бұл әдеттегі кезекті баян­дауды емес, байыпты ғылыми талдауды қажет етеді. Менің ойымша, бұл – біздің та­рих­шыларымыздың алдында тұрған мін­деттің маңызды бөлігі».

Міне, Мемлекеттік хатшының осы сөздерін басшылыққа ала отырып, жұмыс істеу әрбір тарихшыға жүктелген міндет. Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы сөзінен түйетін тағы бір мәселе тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстан жайлы тек Батыс саясаткерлерінің ғана пікірлері мен жазғандарын есепке алып қоймай, көршілес Орта Азия мен Шығыс елдерінде жазылған мәліметтер мен деректерді де Қазақстан тарихын жазуда кәдеге жарату.

Сонымен, отандық тарихты оқытушылар мен ғалымдардың алдында ауқымы үлкен міндеттер тұр. Ұлттық тарихымызды зерт­теуде ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, жаңаша жұмыс істеу қажеттілігі туындады.

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3601