Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3323 0 пікір 17 Шілде, 2013 сағат 08:32

Үмітті үш сала

Ауыл шаруашылығын дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болған. Бұған себеп қазақстандықтар пай­да­ланатын азық-түліктің басым бөлігі им­портталатындығы. Сонау АҚШ мем­ле­кетінен тауықтың сирағын та­сып жүр­міз.

Балықтың басым бөлігі тағы сырттан келеді. Жеміс-жидек түгіл көкөністің де көп бөлігін оңтүстік көр­шілерден сатып аламыз. Демек, Қазақ­станға бүгіннен бастап үш салаға ерекше көңіл бөлу қажет секілді.

Біріншіден, құс етімен, жұмыртқа­мен өзімізді өзіміз қамтамасыз ететіндей құс шаруашылығы кешенін жасауға тиіс­піз. Құс шаруашылығын дамытуды астық өндірісімен айналысатын барлық об­лыстарға міндеттесек, бұл мәселе толық шешілер еді. Егер олар бұл іске жауап­кершілікпен қараса, Қазақстан мил­лиондаған тонна астық экспорттамай, оның орнына салмағы мен көлемі одан еселенген мөлшерде аз құс етін сыртқа сату мүмкіндігіне ие болады. Ал бұл өз кезегінде тасымал шығынын азайтып, жұмыс орындарын көбейтіп, елге түсер кірісті ұлғайтатын сенімді көз болары сөзсіз. Құс жемі болатын дәнді-дақыл­дар тың аймағының кез келген жерінде өсе­ді. Демек, елімізде құс шаруашылығын қар­қынды дамытуға қажеттілік бар да ешқандай кедергі жоқ. 

Екіншіден, барлық су көздерінде балық шаруашылығы мекемелерін ұйымдастыруға инвестиция құйса, ол қайтарымды ғана емес, пайдалы да болар еді. Қазіргі таңда Еділ мен Жайық, Арал жағалауларындағы елдер ғана балық шаруашылығын дамытуға көңіл бөлген секілді. Басқа жерлерде ондай бар деген­ді естімедік. Ал кейбірі «балық шаруа­шы­лығы» дегенді балық аулап, оны ба­зарға өткізіп, пайда табу деп қана тү­сінеді. Демек, сала үлкен қозғалысты күтіп жатыр. Балық шаруашылығын кешенді дамыту үшін уылдырықтарды шабаққа «айналдыратын» арнайы «инку­батор» керек екенін көпшілік біле бермейді. Демек, бұл іс мемлекет тара­пынан қам­қор­лықты күтеді. Егер балық шаруа­шылығын дұрыс жолға қоя алсақ, онда Қазақстан өзін-өзі адам ағзасына қажетті фосформен толық қамтамасыз ете алар еді. Ал бүгінге дейін балық им­портына шығындалған қыруар валюта өзімізде қалса, немене қалтамызды тесе ме? 

Үшіншіден, Елбасымыз Ауыл ша­р­уашылығы министрлігіне, жергілікті әкімқараларға «азық-түлікпен қамта­масыз ететін іс жасаңдар» деп нұсқау бергенде көкөніс шаруашылығын да­мытуды ерекше ескерткен болатын. Содан бері елімізде есебі белгісіз жы­лыжайлар мен қоймалар салынды де­ген хабар жеткілікті. Бірақ нәтиже шама­лы. Қазір Астана түгіл Алматы қаласы­ның өзіне көкөніс Өзбекстаннан импорт­талады. Шығынды былай қойғанда, на­ғыз ұят тұс – осы. Қу ағаш түссе көктеп шыға­тын Жетісуда халықты көкөніс­­пен қамтама­сыз ете алмау не сұмдық?! Де­­мек, Үкімет нақты қаулы қабылдап, онда бү­кіл аймақтар мен қала басшыла­рын, ай­мақ тұр­ғын­да­рын жыл ұзағына көкөніспен толық қамтамасыз ететіндей іске мін­деттеу қажет секілді. Жерінің құнары жоқ Израиль дүниежүзінде көкөніс экс­порттаудан көшбасшылардың бірі. Ал жері құнарлы Қазақстан, керісінше, көк­өністі импорттайды. Сұмдық! Иә, әр қала тұрғындарының санына байла­ныс­­ты сол қалалар маңында көкөністі жыл ұзағы­на беріп тұратын жылыжай салу қанша қиын? Демек, бұл мәселені сөзбұйдаға салмай, әкімқараларды нақты нәтижеге жауапты ету – бүгінгі күні қолға алатын мәселелердің бастысы. 

Біз ауыл шаруашылығында кезек күттірмей, қолға алатын өзіміз үшін аса қажетті үш сала туралы әңгіме еттік. Кө­ңіл аударарлығы сол – бұл салалар­ды дамыту «велосипед» ойлап табуды не­месе мол қаражатты қажет етпейді. Сондай-ақ бұл салаларға құйған инвес­тицияның қайтарымы да сенімді. Со­нымен бірге сырттан азық-түлікті, әсіресе, көкөністі импорттай отырып, біз ақшаны сыртқа шашумен бірге отан­дастар өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп келген мем­лекеттердің бірі болу­дамыз. Мұны біз емес, Біріккен Ұлттар ұйымының та­лаптары айтады. Олай болса, еліміз үшін аса қажетті және та­бысты осы үш сала­ны қолға алу Ауыл шаруашылығы министр­лігі мен жергілікті аймақтық әкім­дер басшыларының беделін анықтауда басты талаптардың бірі ретінде қарастыры­луы керек секілді.

Осы үш саланы дамыта алсақ, жүз мың­даған қазақстандық тұ­рақ­ты жұмыс орнын тауып, миллиардтаған теңге ақшамыз шет ел аспай өзімізде қалуын қамтамасыз етіп, инфляцияны да тежер едік. Бар мәселені толық шешу деген осы емес пе?!

0 пікір