Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4740 0 пікір 2 Шілде, 2013 сағат 05:16

«Ғасыр саңлағындағы» жалған деректер: А.Байтұрсынов пен Бәдрисафа туралы

Ахаң туралы талай ғылыми зерттеулер жарық көргенімен, соңғы кезде баспадан шыққан еңбектер, оныңөмірбаянында әлі күнге дейін нақты анықталмаған деректердің бар екеніне көз жеткізді. Соңғы жылы Алматыдағы А.Байтұрсынов атындағы мұражайдың директоры Р.Имаханбетованың "Ғасыр саңлағы -А.Байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырбаяны" атты кітабы баспадан шыққан болатын.  Бұл кітап авторы Р.Имаханбетова  ғылыми зерделеу, зерттеуімен емес, құжатсыз, дәлелді дерексіз тұжырым жасауымен мені таңғалдырды.

Кітаптың бірінші тарауының бірінші бөлімі  А.Байтұрсыновтың «Өмір деректерін» баяндаудан басталады. Бұл тараудағы үлкен қателік А.Байтұрсынов пен Бәдрисафаның үйлену мерзімін көрсетуден кеткен. Автордың өзі осыны былай деп баяндайды «...Яғни, олардың шамамен 1896-1897-жылдары(?) некелескені анық. Ерлі зайыптылар шаңырақ құрғанда Ахмет -25 жаста, Бәдрисафа -19 жаста болған»деп (44- бет)  тұжырымдама жасайды. Ғылыми зерттелген еңбекте осындай нақты тұжырымдама жасалған кезде, сол жерде дәлелді деректің немесе құжаттың көрсетілуі қажет. Ал, осы кітаптың авторы Р.Имаханбетовада ондай жоқ.Кітаптың басынан аяғына дейін қарап шықсаңыз да, «А.Байтұрсынов пен Бәдрисафа 1896-1897- жылдары некелесті» деген дәлелді деректі немесе құжатты таба алмайсыз және осы аталған екі жылдың біреуі нақты көрсетілуі керек еді.

http://masa.kz

0 пікір