Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3118 0 пікір 24 Маусым, 2013 сағат 05:47

Бас мүфти Украина мүфтиін қабылдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Украина мүфтиі шейх Ахмет Тамимді қабылдады.

Кездесуде діни басқармалар арасында тәжірибе алмасу, мұсылмандардың ынты­ма­ғын арттыру, қасиетті Рамазанға дайын­дық жұмыстары талқыланды.

Шейх Ахмет Тамим Украина діни басқармасының қызметі жайлы баяндап берді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы елдегі және әлемдегі діни ахуал туралы ой-пікірлерімен бөлісті. «Бәріміздің мақсаты­мыз бір: ол – елдегі халықтар бірлігі мен тыныштығын нығайту, ұлтара­лық қарым-қатынастарды жандандыру. Осы тұрғыдан келгенде дін өкіліне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Біз айна­ла­мыздағы елдердегі жағдайларға, діни ахуал­дарға бейқам қарап, көз жұма алмай­мыз. Өйткені ислам – бейбітшілікті уағыз­дайтын дін. Тыныштық орнамаған елде береке-бірлік болмайды», – деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Шейх Ахмет Тамим Қазақстанның жан-жақты өркендеп келе жатқанын жеткізді. «Біз әрқашан ізгі істерде бір-бірімізге көмекші болуға дайынбыз. Ортақ мүдде­лер мен ұлы мұраттар ғана бізді біріктіреді», – деді ол.

Abai.kz

0 пікір