Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3868 0 пікір 3 Маусым, 2013 сағат 10:48

Алла кім?

Абай артық мінез, өтірік дінді бала жасынан-ақ мазақтаушы еді.

Абайдың Семей медресесінде оқып жүрген кезі. Бір жылы жазды күні Құнанбай Семейдегі бір имамды шақырып әкеп, қонақ қылады. Елге дін туралы өсиет айтқызып, құшыр-зекет сияқты көп қайыр-садақаларды әлгі имамға жинап беріп жатыпты. Имамға арнап ауылдан оңаша бір ақ үйді тіккізіп, ол үйде имам мен екеуі ғана болыпты. Ауыл-аймағына: – Имамның үйіне дәретсіз ешкім кірмесін! – деп жарлық береді.

Бір күні таңертең шай ішіп отырғанда Абай сол үйге сәлем беріп кіріп келеді. Құнанбай баласының дәретсіз, рұқсатсыз кіріп келгенін жаратпай баласына ұрсады. Сонда Абай:

 – Менің имамнан сұрайтын бір ауыз сұрағым бар еді, рұқсат болса? – депті. Имам:

– Сұра? – депті. Сонда Абай:

–  Біз құлшылықты кім үшін істейміз? – депті. Имам:

– Әрине, жаратушы бір Құдай үшін, – депті.

– Тақсыр, ол жаратушы Алла Тағалла тыста ма, жоқ, осы үйдің ғана ішінде ме? Біздің тысқарыда, өз үйімізде дәретсіз қалай отырып-жүруге правалы болып, бұл үйге ғана дәретсіз кірмейтініміз қалай? – депті. Сонда Құнанбай ашуланып, баласын қуып шығыпты. Соңынан Имам: – Құнанбай, мына балаң, жанып тұрған от екен, келген жерінің қиынын-ай! – депті.

Ш.629 №4 (ОҒК). Абай туралы өміріне, ақындығына байланысты әңгімелер (Абайдың ертегісі). Айтушы: Мұхаметжанов Оразғали (Абайдың туысқаны), Жинаған: Қасиманов Садық, 1941 ж. (261 б.)

 Нұржұма Елесбай, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері

Abai.kz

0 пікір