Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4186 0 пікір 2 Маусым, 2013 сағат 20:11

Шәріпхан Қайсар. Қасірет күні неге ұрланды?

Жыл сайын саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алуға арналған 31 мамырды, біздер ұлттың жартысын ойсыратқан ашаршылықты да еске алу деп ұғамыз. Неге? Үнсіз ғана еске алыңдар деп әлдекім ымдаса керек. Әйтпесе, тарихшы Талас Омарбеков айтқандай, қуғын-сүргін басқа да, ұлттың жартысын қырған геноцид мүлдем басқа тақырып емес пе?

1997 жылғы 5 көкекте жарияланған № 3443 жарлықта Қазақстандағы ашаршылық турасында бір сөз жоқ... Ендеше, неге ақымақ боламыз? Ең болмаса Бесеудің хаты жазылған 4 шілдені ашаршылық нәубетіне ұшырағандарды еске алатын ұлттық қасірет күніне айналдырып, мемлекеті бар халыққа ұқсап, қырылған бабаларымыз бен бауырларымызға дұға оқып, тарихи қаралы күн екенін неге сол саясатты тықпалағандардың бүгінгі ұрпағының бетіне баса алмаймыз?

Қазақ халқының 40 пайызын жалмаған Ашаршылық нәубеті саясатпен көмкеріліп, жасырылып отыр. Өткен тарихтың бүгінгі Ресейге де қатысы аз. Бастысы, тірі қалған ұрпақтың болашағы үшін тағлым болуы керек. Солақай ма, сұрқия ма, әйтеуір, сондай саясаттың қайталанбауы үшін керек. Бүгінде Еуразияның азулы мемлекеті болатын Қазақ елі демографиялық деміккен жағдайда отыр. Бұл саясатпен аға ұрпақ барынша күресті.: Бесеудің хаты соған куә. Түбінде сол хат жазылған 4 шілде болашақта қолға алынатынына сенеміз.

Abai.kz

Анықтама

Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкілхалықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды. Хаттың авторлары — жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985), Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903—1938), Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев (1904 — 1982), Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906 — өлген жылы белгісіз) қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.

http://kk.wikipedia.org/

0 пікір