Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3476 0 пікір 1 Маусым, 2013 сағат 19:56

Әбіләзовтың әйелі мен қызы қайда?

Алматыда екен. Бұл туралы Мұхтар Әбіләзов өзінің Фейсбук парақшасында былай депті: «Алма мен қызымды Алматыдағы туыстарымның үйіне апарып тастағанын жаңа ғана білдім».

Бұған дейін экс-банкир Фейсбуктағы парақшасы арқылы: «29 маусым күні таңғы сағат 4.30-да әйелім Алма мен алты жасар қызым Алуа тұрып жатқан Рим қаласының маңындағы үйге шабуыл жасалып, 30 шақты қаруланған полицейлер үйге бас-көктеп кіріп, ешқандай үйдегі туысқанымды ұрып-соғып, ешқандай ескерту, ордер көрсетпестен қызым мен әйелімді белгісіз жаққа алып кетіпті», деп жазған еді.

Бұл хабар лезде таралды. М.Әбіләзовтың баласы Мадияр Әбіләзов «Би-би-сидің» орыс қызметіне Оларды Италиядан алып кетті деп хабарлаған.  Сондай-ақ,  Би-би-сидің» орыс қызметі Италия полициясы «Депортацияланғандар елде жасанды құжатпен жүрген» деп дерек бергенін жазады.

Ал, «Қазақпарат» агенттігі: «Рим қаласының құқық қорғау органдары 31 мамыр күні Италия аумағында заңсыз әрі Айан Алма деген аты-жөнге рәсімделген орталықафрикалық республикалардың бірінің жасанды төлқұжатымен жүрген іздеудегі экс-банкир Мұхтар Әбіләзовтың әйелі 47 жастағы Шалабаева Алма Боранбайқызы мен олардың кәмелеттік жасқа толмаған қызы Әбіләзова Алуа Мұхтарқызын Қазақстан Республикасына қайтарды», деп хабар таратты.

Алайда, Әбілазовтың қызы мен әйелінің тұтқындалып, Қазақстанға жеткізілгенінен Сыртқы істер министрлігі хабарсыз екені жөнінде министрліктің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов «Азаттық» радиосының тілшісіне айтқан.

Әзірге Әбіләзовтың әйелі Шалабаева Алма Боранбайқызы мен олардың алты жасар қызы Әбіләзова Алуаның қалай тұтқындалып, Қазақстанға қандай мемлекеттік органның қызметі арқылы жеткізілгені туралы ресми мәлімдеме жасалынған жоқ.

Бұл істің әрі қарай қалай өріс алатыны белгісіз. Тек Қазақстанның беделіне нұқсан, атына сын келтіретін оқиғаға айналмаса екен...

Abai.kz

0 пікір