Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 3724 0 пікір 31 Мамыр, 2013 сағат 15:01

Қуғын-сүргіннің себеп-салдары құпия болып қалып жатыр

ҚР Парламенті мәжілісінің Алмас Тұртаев бастаған бір топ депутаты «31 мамыр – Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» байланысты Үкімет басшысы Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады.

Құрметті Серік Нығметұлы!

31 мамыр – Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні 1997 жылдан бері ҚР Президентінің Жарлығымен атап өтіліп келеді. Жарлыққа сәйкес ҚР Үкіметіне жыл сайын 31 – мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Ал осы іс-шаралар өз дәрежесінде Үкімет тарапынан атқарылып жатыр ма?!
ХХ ғасырда қазақ халқының жартысына жуығын қырып салған 1917-20-жылдар мен әйгілі 30-шы жылдардағы қолдан ұйымдастырылған алапат ашаршылық пен 37 жылғы қанды қырғын – саяси репрессия бағасы әлі толыққанды берілген жоқ. Украина Жоғарғы Радасы елді қырғынға ұшыратқан ашаршылықты Голодомор деп жариялап, украин халқына жасалған геноцид деп тапты. Украина соты И.Сталиннен бастап, бұрынғы КСРО басшылары мен Украин Кеңестік Социалистік Республикасы жетекшілерін де осы алапат қылмысты жасаған қылмыскерлер деп үкім шығарды.

1930-1933 жылдар аралығындағы ашаршылықта кейбір тарихшыларымыздың есебі бойынша 4 миллионға жуық адам қырылған. Алматыдағы үлкен жиында қанды қырғынның авторларының бірі Голощекин «біз керемет жетістікке қол жеткіздік» деп баяндама жасап, оған барлық коммунистер ду қол шапалақтап жатқанда, көшеде бірінің үстіне бірі үйіліп аштан өліп жатқан мәйіттердің иісі ашық терезеден ішке еніп тұрғанын айтады куәгер қайраткерлеріміз.
1897 жылы өткен Ресейдегі халық санағының ресми статистикасына қарасақ, өзбек ұлты 1 миллион 690 мың, тәжік ұлты 350 мың адамды құрапты. Сол уақытта қазақтың саны 4 миллион 84 мың адам болған екен. 100 жыл аралығында өзбек ұлты 25 миллионға жетсе, осы күндері Еліміздегі қазақ ұлтының саны 11 миллионға әрең жетті. Міне, ашаршылықтың орны толмас алапат зардабын осыдан-ақ білуге болады.
1937-1938 жылдардағы саяси репрессияда 100 мыңнан аса адам жазықсыз халық жауы атанды.
Жас ұрпақты Алаш идеясымен кең ауқымда және жүйелі түрде таныстырып, оны отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында Алаш қозғалысына қатысты архив құжаттарын, бірінші кезекте 1928-1932 жылдарға тиесілі ғасыр құжаты аталған «Алаш ісі» сот процестері материалдарын көп томдық түрінде жариялау ісі қолға алыну керектігі айтылған болатын. Сонымен қатар осы «Алаш ісі» сот процесімен тікелей байланысы бар келесі мәселе - ол ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарында жүргізілген саяси репрессия материалдары. Қазақстан тарихында ұлттық саяси басқарушы топқа және шығармашылықтағы зиялыларға байланысты жүргізілген жаппай репрессиялау шараларының себеп-салдары іргелі зерттеу тұрғысынан әлі де болса жан-жақты толық ашылмаған күйінде қалып келе жатыр.
Алматыдағы Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы саябақта біз зор келеңсіздікке куә болдық. Жылдар бойы іске аспай келе жатқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналатын ескерткіштің белгісі – тастұғыр тарихымызда ауыр қасірет алып келген зұлмат пен зобалаңның 60 жылдығында, яғни 1992 жылы орнатылған екен. Содан бері өткен 21 жылда осы тастұғырды ескерткішке айналдыра алмауымыз елдігімізге сын.
Қазақ халқының жартысына жуығын жалмап кеткен қолдан жасалған Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш- мемориалдық кешен тұрғызу – жастарымызға өткеннен сабақ беріп, отаншылдыққа тәрбиелейтін тарихи мәні зор саяси оқиға болып табылады. Ендеше бұған Президент жарлығына сәйкес жыл сайын 31 – мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған, оған Үкіметіміз терең мән беріп, баса назар аударуы керек.

Құрметті Серік Нығметұлы!

Жоғарыда аталған саябақта аяқсыз қалған ескерткіш жұмысының қашан мәресіне жететінін және Саяси қуғын-сүргін құрбандарын, сол бір тарихымыздағы қасірет жылдарын зерттеп, ұрпаққа құнды мағлұмат қалдыру жөнінде Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен хабардар етуіңізді сұраймыз.
«Ақ жол» партиясы 31 мамыр – Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні және Тәуелсіздігімізбен келген Мемлекеттік мерекелер: Тәуелсіздік күні, Наурыз мейрамы, Конститутция күні және Қарулы күштердің құрылған күндерінде барлық қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туының бір бөлшегін – көгілдір лентаны тарихымызға көрсетілген құрмет белгісі ретінде тағып жүруге шақырады.

 БІЗ
- Қазақстанда 1921- 1954 жылдар аралығында саяси себептермен 100 мыңнан астам көрнекті қоғам қайраткерлері жазаланғанын, 25 мыңнан астамы атылғанын;
- Әртүрлі бағалаулар бойынша, тұтастай алғанда қазақ халқының 60-65 пайызын құраған 2-3 миллионға жуық адамның ашаршылық нәубетінен ажал құшқанын, Қазақ елінен 1,5 миллион адамның бас сауғалап, босып кеткенін;
- Ұлттық мемлекеттілік мүддесін көздеген көзі ашық, көкірегі ояу зиялыларынан түгелдей дерлік айырылғанын;
- Қазақстанның жүздеген мың жазықсыз жандардың және репрессияға ұшырап, қуғындалып келген басқа этностардың мекеніне айналғанын, сұрапыл зұлматты басынан кешкен біздің халқымыздың оларды сұмдық жұттан, адамдарды қынадай қырған ашаршылықтан құтқарғанын әрдайым ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ.

Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП
Парламенттік фракция мүшелері:
А. Тұртаев
А. Перуашев
Е. Никитинская
А. Әбілдаев
Н. Жазылбеков
М. Қазбекова

 Т. Ерғалиев

Masa.kz

0 пікір