Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6105 0 пікір 31 Мамыр, 2013 сағат 14:19

«Жұмыспен қамту»

Жұмыспен қамту  мүгедек жандар үшін «жақсы трамплин»!

Жұмыспен қамту  мүгедек жандар үшін «жақсы трамплин»!

Үкімет 29 мамыр күні 2012-2018 жылдарға арналған «Мүгедектердің құқықтарын қамтама­сыз ету және өмір сүру сапасын жақ­сарту жөніндегі іс-шаралар жоспары­ның» жүзеге асу ба­рысын қараған болатын. «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрайымы Ляззат Қалтаева Үкіметке бірқатар тың ұсыныстарын алға тартты. Өзі де мүгедек жандардың қатарынан табылатын, қоғамдық басшысы Лаззат Қалтаева жұмыспен қамту бағ­дар­ламасын «еңбек етіп, табыс тауып, өзін лайықты, сенімді адам сезінгісі келе­тін» мүгедектігі бар адамдар үшін «жақсы трамплин» болып табылады деп са­най­ды екен. «Қазір осы бағдарлама бойын­ша біздің қоғамдық бірлестік­тер­де жұмыс жасап жатқан мүгедектігі бар адамдардың ары қарай қалай «ашық ең­бек нарығына» шығуы жайын ойласты­ру қажет» деді ол. Бұл ретте Үкі­мет басшысы «Мүгедектердің  құқық­тары  ту­ралы конвенцияға» сәйкес, Қа­зақстанның халықара­лық мін­деттемелерін жүзеге асыру тиістігін де назарға алды.  Ол үшін мемлекет әр мүгедек жанның қоғамдық өмірге белсене араласуы үшін,  оған мүмкіндік беретін әлеуметтік-эко­номикалық жағдайлар ту­ғызылуы керек». Серік Ахметов Еңбек министр­лігіне, мүдделі меморган­дармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, келесі кезеңге, 2014-2015 жылдарға ар­налған Іс-шаралар жоспарын әзірлеуге кірісуді тапсырды. Ал жергілікті атқарушы органдар мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрғын үйлерге, білім беру, денсаулық сақтау, мә­дениет және спорт нысандарына еркін кіре алуын қамтамасыз етуге міндеттелді. Премьер мүгедектерді жұмысқа орналас­тыру, оларды оқыту мәселелерін шешу қажеттігін атап өтті. 

 

0 пікір