Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3299 0 пікір 30 Мамыр, 2013 сағат 09:47

5 миллион кімге бұйырады?

«Жұлдызды сәт» тележобасының жартылай финалын  көрермендер   «Қазақстан» ұлттық арнасында тікелей  эфирде төрт апта бойы тамашалады. Маусымның бірі күні   жартылай финалдың соңғы тобы өз өнерін ортаға салды. Әсем безендірілген,  жоғары сапалы  техникамен жабдықталған сахнада жаңа өнер туындылары ұсынылды. Жүрек қылын шертіп, ұлттық намысыңды оятатын  Маржан Арапбаеваның орындауындағы  «Қазақ елі» әнін  нақышына келтіре  шырқаған  Жадыра Ернар  мен  поляктың халық әнін  еш сүйемелдеусіз орындаған  «Vid Men» тобы осы кешті әнмен әсерлі күйге бөледі. Әуеде арқанға  ілініп тұрып қатерлі қимылдармен елді таңқалдырған  ағайынды Қадыровтардың өнері барша қауымның көңілінен шықты.  Осы топтағы ең қауіпті көрініс Әділбек Дүйсебековтың бірнеше орындықты бірінің үстіне бірін қойып, өзі ең жоғарыда жайғасып отыруы болды. Жасы елуді шамалап қалса да жеңіл әрі  сергек қимылдайтын жігіт ағасының  өзгеше өнері тым  әсерлі шықты. «Оркестр адам» аталған Бейбарыс Асқарбековтың  кеңірдегімен түрлі дыбыстар  шығару арқылы  орындаған битбоксы  мен дауылпазды дүбірлете соққан «Drum Line» тобының өнері де өзгелерден қалыспады. Алайда көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп,  ең көп  дауыс жинаған -  Данияр Амангелді болды.

«Жұлдызды сәт» тележобасының жартылай финалын  көрермендер   «Қазақстан» ұлттық арнасында тікелей  эфирде төрт апта бойы тамашалады. Маусымның бірі күні   жартылай финалдың соңғы тобы өз өнерін ортаға салды. Әсем безендірілген,  жоғары сапалы  техникамен жабдықталған сахнада жаңа өнер туындылары ұсынылды. Жүрек қылын шертіп, ұлттық намысыңды оятатын  Маржан Арапбаеваның орындауындағы  «Қазақ елі» әнін  нақышына келтіре  шырқаған  Жадыра Ернар  мен  поляктың халық әнін  еш сүйемелдеусіз орындаған  «Vid Men» тобы осы кешті әнмен әсерлі күйге бөледі. Әуеде арқанға  ілініп тұрып қатерлі қимылдармен елді таңқалдырған  ағайынды Қадыровтардың өнері барша қауымның көңілінен шықты.  Осы топтағы ең қауіпті көрініс Әділбек Дүйсебековтың бірнеше орындықты бірінің үстіне бірін қойып, өзі ең жоғарыда жайғасып отыруы болды. Жасы елуді шамалап қалса да жеңіл әрі  сергек қимылдайтын жігіт ағасының  өзгеше өнері тым  әсерлі шықты. «Оркестр адам» аталған Бейбарыс Асқарбековтың  кеңірдегімен түрлі дыбыстар  шығару арқылы  орындаған битбоксы  мен дауылпазды дүбірлете соққан «Drum Line» тобының өнері де өзгелерден қалыспады. Алайда көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп,  ең көп  дауыс жинаған -  Данияр Амангелді болды. Робот биін билеген Даниярдың киімі де,  қимылы да ерекше болды.  Жинаған дауыстарының саны жағынан шамалас шыққан «өрмекші бала» атанған  Ескендір мен  «Таэквондо-Байділда» спорт мектебі   шәкірттерінің  сахнадағы  тағдырын қазылар алқасы шешті.     Төрешілердің басым дауысымен  Ескендір  ақтық сынға өтті. 

Осылайша іріктеу кезеңінен таңдап алынған   қырық адамның соңғы тобы  жартылай финалда  өнер көрсетіп, ақтық сынға өткен  сегіз  үміткер анықталды. Алда шешуші сын. Бес миллион теңге өз иесін тосып тұр. Қомақты  ақша кімге бұйырады? Қай өнерпаздың бағы жанады?  Оны 8-маусымда Қазақстан ұлттық арнасында «Жұлдызды сәт» мегажобасының финалында көреміз.

Талғампаз көрерменнің көңілінен шыққан, дүйім жұртты дүрліктірген таңғажайып жобаның  жалынды жанкүйері бола біліңіз!

 Құрметті көрермен!  Егер сіз    өзіңізге ұнаған үміткерге дауыс бергіңіз келсе, лайықты деп тапқан  өнерпаздың реттік санын 3075 қысқа нөміріне СМС арқылы жолдаңыз немесе 8 80 90 80 30 75 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Ақтық сында өнер көрсететін   бес миллионнан үміткер өнерпаздардың реттік саны:

  1. Әсел Кұлжанова                        01
  2. Ескендір                                   02
  3. Ермек Бажігіт                            03
  4. «Екі езу» сатира театры            04
  5. Арман Қарынсау                      05
  6. Сергей Цырульнтков                06
  7. Динара Намиялы                     07
  8. Данияр Амангелді                   08
0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593