Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3638 0 пікір 28 Мамыр, 2013 сағат 14:46

«Қазақстан барысы - 2013»: 33 балуан бақ сынайды

Суреттерді түсірген - Өміржан Әбдіхалықұлы

Қазақ күресінің тамырына қан жүгіртіп, ұлттық спорттың дамуына жаңа леп берген «Қазақстан барысы» биыл үшінші жыл өткелі отыр.

Жыл бойы аймақтарда іріктеу жарыстарын өткізген ұйымдастырушылар өз өңірлерінен балуан шақ келтірмей жеңіп, ақтық сынға жолдама алған 32 балуанды таныстыру рәсімін өткізді.

Атан жілік, апай төс, қараған жанның көзі де, көңілі де тоятын балуандарды таныстыру шарасы «Үшқоңыр» жайлауында сән-салтанатымен өтті.

Жайлау – жасыл кілем. Таза ауа, жайылған мал, айнала тігілген киіз үйлер, кешегінің батырлары тіріліп келгендей әсер қалдыратын қазақтың балуандары – бәрі-бәрі шараның шырайын кіргізіп, көкжайлауға ел көшіп қонғандай болды.

Суреттерді түсірген - Өміржан Әбдіхалықұлы

Қазақ күресінің тамырына қан жүгіртіп, ұлттық спорттың дамуына жаңа леп берген «Қазақстан барысы» биыл үшінші жыл өткелі отыр.

Жыл бойы аймақтарда іріктеу жарыстарын өткізген ұйымдастырушылар өз өңірлерінен балуан шақ келтірмей жеңіп, ақтық сынға жолдама алған 32 балуанды таныстыру рәсімін өткізді.

Атан жілік, апай төс, қараған жанның көзі де, көңілі де тоятын балуандарды таныстыру шарасы «Үшқоңыр» жайлауында сән-салтанатымен өтті.

Жайлау – жасыл кілем. Таза ауа, жайылған мал, айнала тігілген киіз үйлер, кешегінің батырлары тіріліп келгендей әсер қалдыратын қазақтың балуандары – бәрі-бәрі шараның шырайын кіргізіп, көкжайлауға ел көшіп қонғандай болды.

Балуандарды таныстыру көп күттірмей басталып та кетті. «Қазақстан барысын» ұйымдастырушылар төрге озып, жыл сайын өтіп келе жатқан жарыстың мән жайына аз-кем тоқталып, жігіттерге сәттілік тілеген соң, алты қанат ақ үйдің айқарма есігінен оюлы шапан киіп, қасқыр терісін иықтарына салған балуандар бұрала басқан бойжеткендермен ілесіп, бір-бірлеп сыртқа шықты. Әр аймақтан екі балуан шығып, боз кілемнің үстінде жиналған жұртқа күрестің бірнеше әдіс-амалын көрсетіп, алдын-ала дайындалған орындықтарға қаз-қатар жайғасты. Осылайша, 14 облыспен Астана және Алматы қалаларында өткен жарыстарда оза шапқан 32 балуан жұрт көзінен өтті. Ең соңғы балуан болып, төрде отырған -  2012 жылғы «Қазақстан Барысы» - Бейбіт Ыстыбаев ортаға шықты.

Көкжайлауда көпшілік көрген 33 балуан Астанада өтетін ақтық сынға қатысып бақ сынайды.

Ұйымдастырушылар іс-шараның өңін кіргізу үшін журналисттер арасында аяқ астынан қазақ күресінен жарыс ұйымдастырып жіберді. Бұл жарыстың бір ерекшелігі – ешкім жүлдесіз қалмады.

Айнала тігілген ақшаңқан үйлерде берілген астан кейін балуандар жиналып, домбыра тартып, ән салды. Жігітке жеті өнерде аз деген сөздің тегін емес екенін жігіттерді қаумалай жиналған жұрт бек түсінгендей болды.

Осылайша, ұлттық спорт – қазақ күресінің тынысын ашып, өрісін кеңейткен «Қазақстан барысы» топтан озған балуандардың таныстыруын жер жәннаты Жетісудың көрікті мекені «Үшқоңыр» жайлауында өткізіп, қазақ күресінің ұлттық бояуын бар қалпында паш етті.

Abai.kz

 

Ақтық сынға өткен 33 балуанның тізімі:

Маңғыстау облысы

 1. Мейрамбек Жаңабай

Бүркеншік аты: Жас қыран

Туған жылы: 1995

Салмағы: 87 келі

Бойы: 177  см

Бапкері: Қабыл Бисенқұл Темірханұлы

 

2. Балтабек Төтенов

Бүркеншік аты: Тәзіке

Туған жылы: 1983

Салмағы: 117 келі

Бойы: 185 см
Бапкері: Елубай Кенжебай

 

Батыс Қазақстан облысы

 1. Сұңғат Махамбетов

Бүркеншік аты: Бура

Туған жылы: 1992

Салмағы: 100 келі

Бойы: 173 см

Бапкерлері: Райбек Меңдіғалиев, Қайырбек Оңдағанов

 

2. Ринат Ибрагимов

Бүркеншік аты: Жайық балуаны

Туған жылы: 1986

Салмағы: 85 келі

Бойы: 181 см

Бапкерлері: Самат Жылқыбаев, Қошқарбай Табынбаев, Қайырбек Оңдағанов

 

Қарағанды облысы

 1. Ержан Шынкеев

Бүркеншік аты: Көкбөрі Керней

Туған жылы: 1985

Салмағы: 122 келі

Бойы: 182 см

Бапкерлері: Талғат Байшолақов, Диқанбай Биткөзов

 

2. Олжас Шынкеев

Бүркеншік аты: Жарылғап

Туған жылы: 1990

Салмағы: 102

Бойы: 179 см

Бапкерлері: Диқанбай Биткөзов, Талғат Мамашев

 

Алматы облысы

 1. Айдос Қаңлыбаев

Бүркеншік аты: Жетісу барысы

Туған жылы: 1989

Салмағы: 140 келі

Бойы: 188 см

Бапкері: Болат Қожахметов

 

2. Жігер Сәкенұлы

Бүркеншік аты: Алакөл бөрісі

Туған жылы: 1992

Салмағы: 90 келі

Бойы: 181

Бапкерлері: Айдын Смағұлов, Тимур Әбіханов

 

Қызылорда облысы

 1. Айбек Серікбаев

Бүркеншік аты: Сыр барысы

Туған жылы: 1993

Салмағы: 90 келі

Бойы: 190 см

Бапкері: Әділбек Серікбаев

 

2. Ұлан Рысқұл

Бүркеншік аты: Сыр арланы

Туған жылы: 1986

Салмағы: 132 келі

Бойы: 186  см

Бапкерлері: Садық Мұстафаев, Самат Жылқыбаев

 

Ақтөбе облысы

1. Дархан Темірханов

Бүркеншік аты: Ақтөбе арланы

Туған жылы: 1992

Салмағы: 103 келі

Бойы: 180 см

Бапкері: Айдар Жиенбаев

 

 2. Шыңғыс Шоқпытов

Бүркеншік аты: Батыр

Туған жылы: 1990

Салмағы: 106 келі

Бойы: 189 см

Бапкері: Алтынбек Жиенбаев

 

Атырау облысы

 1. Сұңғат Закарияев

Бүркеншік аты: Ағатай

Туған жылы: 1992

Салмағы: 82 келі

Бойы: 185 см

Бапкері: Аманбай Қыздарбаев

 

2. Қайрат Өтеген

Бүркеншік аты: Шеркеш

Туған жылы: 1987

Салмағы: 114 келі

Бойы: 180 см

Бапкері: Жандос Қиянов

 

Павлодар облысы

 

    1. Дархан Жоламанов

    Бүркеншік аты: Асау

    Туған жылы: 1986

    Салмағы: 96 келі

    Бойы: 179 см

    Бапкерлері: Нұрлыбек Ермағанбетов, Мейрам Қамзин

 

2. Самир Мамедов

Бүркеншік аты: Ірбіс

Туған жылы: 1988

Салмағы: 103 келі

Бойы: 181 см

Бапкері: Нұрлыбек Ермағанбетов

 

Ақмола облысы

 

  1. Нұрлан Жамалов

Бүркеншік аты: Көкше арланы

Туған жылы; 1986

Салмағы: 95 келі

Бойы: 188 см

Бапкері: Бекім Жапаров

 2. Айтуар Абдулов

Бүркеншік аты: Бурабайдың сабалағы

Туған жылы: 1992

Салмағы:  115 келі

Бойы: 180 см

Бапкері: Бауыржан Мәдимұхамбетов

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

 

  1. Рүстем Жұмаев

Бүркеншік аты: Қаражал арланы

Туған жылы: 1992

Салмағы: 125 келі

Бойы: 198 см

Бапкері: Еслямбек Бекмурзин

 

2. Айбек Қырықбай

Бүркеншік аты: Көк бөрі

Туған жылы: 1987

Салмағы: 85 келі

Бойы: 180 см

Бапкері: Сергей Волобуев

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

  1. Назар Ерсұлтанов

Бүркеншік аты: Оңтүстік барысы

Туған жылы: 1984

Салмағы: 160 келі

Бойы: 180 см

Бапкері: Шәмшидин Жарқынбеков

 

2. Сабыржан Әбілдаұлы

Бүркеншік аты: Оңтүстік арланы

Туған жылы: 1989

Салмағы: 105 келі

Бойы: 185 см

Бапкері: Құралбай Орынбасар

 

Жамбыл облысы

 

  1. Айдос Теңгебаев

Бүркеншік аты: Жауатар

Туған жылы: 1991

Салмағы: 108 келі

Бойы: 184 см

Бапкері: Елдос Далабай

 

2. Дәулетхан Жақыпов

Бүркеншік аты: Жамбыл жолбарысы

Туған жылы: 1992

Салмағы: 83 келі

Бойы: 179 см

Бапкерлері: Нұрбол Жүнісбеков, Пархат Қылышбаев

 

Қостанай облысы

 

  1. Мұрат Кеңтонов

Бүркеншік аты: Смаил

Туған жылы: 1971

Салмағы: 100 келі

Бойы: 182 см

Бапкері: Азат Ермағанбетов

 

2. Максим Гербер

Бүркеншік аты: Ақ аю

Туған жылы: 1988

Салмағы: 120 келі

Бойы: 193 см

Киім өлшемі: 185

Бапкері: Жұмахан Қасымханов

 

Алматы қаласы

 

  1. Арслан Әбдамит

Бүркеншік аты: Алматы барысы

Туған жылы: 1986

Салмағы: 98 келі

Бойы: 185 см

Бапкерлері: Дүйсенбек Аязбеков, Мақсат Қиқымов

 

2.Виктор Демьяненко

Бүркеншік аты: Алатаудың ақ аюы

Туған жылы: 1991

Салмағы:  103 келі

Бойы: 183 см

Бапкері: Талғат Биабулин

 

Астана қаласы

 

  1. Ғани Сейділдаев

Бүркеншік аты: Жаужүрек

Туған жылы: 1981

Салмағы: 102 келі

Бойы: 181 см

Бапкері: Ерлан Естек

 

2. Асхат Уәлиев

Бүркеншік аты: Тоқа

Туған жылы: 1989

Салмағы: 86 келі

Бойы: 182 см

Бапкері: Ерлан Естек

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

  1. Айбек Нұғымаров

Бүркеншік аты: Шығыс барысы

Туған жылы: 1987
Салмағы: 134 келі

Бойы: 189 см

Бапкері: Серік Қоржыкенов

 

2. Мұхит Тұрсынов

Бүркеншік аты: Алтайдың ақиығы

Туған жылы: 1988 ж

Салмағы: 90 келі

Бойы: 185 келі

Бапкері: Шыңғысбек Тұрсынов, Мұқсым Нұртазин

 

2012 жылғы «Қазақстан Барысы» - Бейбіт Ыстыбаев

Бүркеншік аты: Тараз арланы

Туған жылы: 1985

Салмағы: 140

Бойы: 190

Бапкері: Елдос Далабай

0 пікір