Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3281 0 пікір 24 Мамыр, 2013 сағат 09:26

Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: МЕН ҚАРСЫ ДАУЫС БЕРЕМІН!

 Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Осы зейнетақы жүйесін біз мемлекет болып қабылдаймыз ба? Экономикалық қауіпсіздік үшін бізде ең кемінде 20-25 миллион халық болуы керек. Зейнетақы жүйесінде көптеген шикіліктер бар, соның бәрін біз осы мәселемен жауып отырмыз.
Онда сіздер ер-азаматтар, бала табасыздар ма?
Неге үкімет әйелдерге ұсыныс шығарғанда себептерін жоймай, «шошыту терапиясын» қолданып, әйелдердің зейнетке шығатын жасын көтереді?! Зейнет жасының ұлғаюы әйелдердің жинағын ер азаматтармен теңестіре алмайды. Еш уақытта! 3 миллион теңге жинақтап, аннуитет арқылы зейнетке шығу үшін әйелдер
70-80 жыл жұмыс істеулері тиіс.

– Әйелдердің жинақтарының аз болу себебі неде? Себебі, олардың басым бөлігінің жалақысы төмен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов айтқандай, Қазақстандағы әйелдердің 65 пайызының айлығы 200 доллардан аспайды. Менің есебім бойынша, мұндай айлық алатын әйел бала тумай, декретке шықпай 40 жыл еңбек ететін болса, бар-жоғы 1 миллион 440 мың теңге жинайды екен. Ай сайын 19 мың теңге көлемінде ең төменгі зейнетақы алып отыратын болса, бұл қаржы тек 7-ақ жылға жетеді. Ал, егер орташа зейнетақы, яғни 41 мың теңге алғысы келсе екі жарым жылға ғана жетеді екен.

Бұл проблеманың бәрі ұмыт қалды. Бүгінде жұмыс істейтін қазақ­стандықтардың 41 пайызы ғана ай сайын зейнетақы жарнасын аударып отырады. Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар, жұмыс істемейтін, баламен үйде отырған әйелдерді айтпай-ақ қояйын. Әйелдердің басым бөлігінің жұмысы да, зейнетақы жинақтары да жоқ. Заң жобасын таныс­тыру барысында депутаттардың көбі қарсылық білдірді. Мен оған бірқатар түзетулер енгізер едім. Мысалы, зейнетке 58 жаста немесе одан да кешірек шығу мәселесін шешу құқын адамдардың өздеріне беруді ұсынар едім.
Егер біз бұл Заңды қабылдайтын болсақ – әйелдерге түсетін салмақты арттырамыз, демографиялық көрсеткіштер төмендейді, декретке шықпас үшін әйелдер бала тууды қояды. Екіншіден, барлық жұмыс орнында үлкен кісілер істейтіндіктен, жас­тар арасында жұмыссыздық көбейеді. Үшіншіден, әйелдердің 55 жаста зейнетке шығуына мүмкіндік беретін Ресейге көшетіндер саны артады.
Ғани Қасымов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Мен облыстарды аралағанда, әйел­дердің зейнет жасын 63-ке дейін ұзарту туралы бастаманы қолдаған бірде-бір әйел көрген жоқпын. Үкімет орындарының осындай ауқымды реформаны жүргізуге дайын еместігі айқын көрініп тұр. Оны шикі күйінде қабылдауға болмайды. Мен, Заң шығарушы ретінде бәрі Конституцияға сай болуы қажет деп есептеймін. Ал, Конституцияда азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарды қабылдауға депутаттардың да, Парламенттің де құқы жоқ делінген. Сондықтан мен Заң жобасын Конституциялық кеңеске сараптамаға беру қажет деп есептеймін.

"Түркістан" газеті

0 пікір