Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3494 0 пікір 24 Мамыр, 2013 сағат 08:19

Әр руға жеке президент сайланса, қазақ деген ұлт қайда қалады?

Русыз қазақ ұлты жоқ. Арғы терең тарихты қазба­ламағанның өзінде, бергі кезеңге зер салайықшы. Қазақ тарихын зерттеуші кез келген ғалымның ру­ларға, руаралық қатынастарға соқпай өтпейтіні жоқ. Өйткені ол кез келгеніміздің өткеніміз, ата тегіміздің анықтаушысы. Шыққан тегін білу — әр перзент­ке парыз. Десек те, руымен мақтану, руының беделін негізсіз әрекеттері арқылы көтеруге ұмтылу көбейіп барады. Бұл бүкіл қоғамның алаңына айнала бастады.
Жақында Шымкент қаласының атқарушы билігі жекеменшік көлік нөмірлері салынған рамкалардағы «ұлы жүз», «орта жүз», кіші жүз» деген анықтамалықтардың ұлттық бір­лікке  қауіп төндіретін нышан екенін мәлім­деді. 250 теңге тұратын бұл рамкалардың бар­лық сауда нысандарына қайдан түсетінін, астыртын қай жерлерде дайындалып келіп жатқанын қазірге құзырлы орындар анықтай қойған жоқ. Әйтсе де, арнайы орындар мұндай «әшекейлер» үшін автокөлік иесінің айыппұл төлейтінін мәлімдеді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов осы мәселеге байланысты жақында қаладағы ірі сауда орындарының басшылары мен жол полициясы қызметкерлерін, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жинап: «Трайбализм індетін өршіту көріністерімен бәріміз бір кісі­дей күресуіміз керек.

Русыз қазақ ұлты жоқ. Арғы терең тарихты қазба­ламағанның өзінде, бергі кезеңге зер салайықшы. Қазақ тарихын зерттеуші кез келген ғалымның ру­ларға, руаралық қатынастарға соқпай өтпейтіні жоқ. Өйткені ол кез келгеніміздің өткеніміз, ата тегіміздің анықтаушысы. Шыққан тегін білу — әр перзент­ке парыз. Десек те, руымен мақтану, руының беделін негізсіз әрекеттері арқылы көтеруге ұмтылу көбейіп барады. Бұл бүкіл қоғамның алаңына айнала бастады.
Жақында Шымкент қаласының атқарушы билігі жекеменшік көлік нөмірлері салынған рамкалардағы «ұлы жүз», «орта жүз», кіші жүз» деген анықтамалықтардың ұлттық бір­лікке  қауіп төндіретін нышан екенін мәлім­деді. 250 теңге тұратын бұл рамкалардың бар­лық сауда нысандарына қайдан түсетінін, астыртын қай жерлерде дайындалып келіп жатқанын қазірге құзырлы орындар анықтай қойған жоқ. Әйтсе де, арнайы орындар мұндай «әшекейлер» үшін автокөлік иесінің айыппұл төлейтінін мәлімдеді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов осы мәселеге байланысты жақында қаладағы ірі сауда орындарының басшылары мен жол полициясы қызметкерлерін, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жинап: «Трайбализм індетін өршіту көріністерімен бәріміз бір кісі­дей күресуіміз керек.

20 жылдан бері біз демократия қағидаларын басшылыққа алатын тұтас бір ұлт қалыптас­тыру жолында еңбек сіңіріп жатырмыз. Ендеше, бүгін қо­ғамда орын алып отырған бұн­дай келеңсіздіктермен бірлесе отырып, күресуге тиіспіз», – дегенді айтты. Сара Най­ман, Аша Матай, Нұрлан Ал­бан секілді әншілер тұрғанда, батыс­тың, шығыстың руара­лық жи­налыстардың жиілей түс­кен тұсында бұл көрініс бір ғана Шымкент қаласында орын алып отырған жағдай деп тағы да айта алмаймыз. Қазіргі таңда әр жерде өзінің ру шежіресін жи­нап, оны том-том кітап қылып шығару ісі сәнге айналды. Және мұндай ғылыми ізденістермен айналысуға, тарихын түгендеуге  кез келген азамат құқылы. Бірақ, осы мәселені бүгінгі заманның әкімшілік құрылымымен, қо­ғамның қандай да бір басқару­шылық қатынастарымен қа­быс­тырамын деу қаншалықты ақыл­ға қонымды, заң аясына қаншалықты сіңім­ді дүние. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана Қият деген рудың өз президентін сайлағаны жөнін­де ақпарат жергілікті ба­сы­лымдарда жарық көрді. Әлеу­меттік желілерді аралап отырып «Керей.кз» деген сайт­ты көзіміз шалды. Арнайы, дәс­түрлі жиын өткізіп, ат шапты­рып алыстағы руласын жинай­тындай, өз президенттерін сай­лайтындай біртұстастықты ұран етіп отырған ұлттың басына не күн туды? Жаһандануға аяқ басқан капиталистік қоғам қа­зақ­тың осындай бөлінісін неге ауыздықтай алмай отыр? Демо­кра­тиялық зайырлы, құқықтық мем­лекет құруға ұмтылған ел заңдарының бәрі «Мақсаты немесе iс-әрекетi республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтас­тығын бұзуға, мемлекет қауiп­сiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеу­меттiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және ру­лық араздықты қоздыруға ба­ғыт­талған қоғамдық бiрлес­тiктер құруға және олардың қыз­метiне, сондай-ақ, заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынатынын» көрсетеді. Қазақстан Республикасының өзінің атқару­шы билігі, азаматтарының ұста­натын ашық саясаты, адам құ­қығын басшылыққа алатын прин­циптері бар. Ата Заң, Аза­маттық кодекс, Әкімшілік кодекс, адам құқығы төңірегіндегі халықаралық құжаттар ұлттық қана емес, әлемдік адамзатты тұтастыруды, солардың бірлік, ынтымақ, ауызбірлікте бейбіт ғұмыр кешуін насихаттауды мақсат етеді.

Ендеше, азғантай қазақтың алатайдай бөлінуі «алтау ала болып ауыздағыны кетірдінің» кері емес пе?

Қазақ интернетін, қазақ контенттерін дамыта алмай отырған кезде арнайы ру сайтын ашу сол ру «патриоттарының» сеператистік көзқарастарының шарықтау шегі дейміз бе? ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 344-бұқаралық ақпарат құралдарының өнiм­дерiн, сол сияқты өзге де өнiм­дердi Қазақстан Республи­ка­сының аумағында даярлау, сақ­тау, әкелу, тасымалдау, тарату бабында да «тектiк-топтық және рулық араздықты қоз­дыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпай­тын өзге де өнiмдердi Қа­зақ­стан Республикасының аума­ғында даярлау, сақтау, әкелу, та­сымалдау, тарату заңмен қуда­ланатынын айтады. Ендеше, ол сайттың арнайы құзырлы орындарда тіркеуден өтіп, бүгінгі таң­да жұмыс істеп отырғанының өзі көпке беймәлім ахуал.
Бір кездегі хандық дәуірде рулық қатынастар арқылы бас­қару ондай жартылай жауынгерлік, жаугершілік заманда шынында тиімді болды. Бірақ, бізде қазір мемлекеттік басқарудың заманауи, жаңаша сипатқа негізделген атрибуттары толықтай қалыптасты. Тарихшылар тарапынан Тәуке ханның негізгі кемшіліктерінің бірі саналатын жүздік бөлініс келмеске кетке­нін уақыт әлдеқашан дәлелдеп қойды.

Шолпан Рақымқызы,
«Заң газеті»

Тақырыпқа орай

Смағұл ЕЛУБАЙ,
жазушы:

– Бұл талайдан бері қа­зақтың үлкен мәселесіне айналып, айтылып келе жа­тыр. Кезінде дәл осы мә­селе үшін үлкен бір жазушы ағамызбен сөзге келіп, ай­ты­сып да қалған едім. Ол: «Руға бөлінуді қайта тіріл­тудің ешқандай зияны жоқ, керісінше, пайдалы тұстары көп» десе, мен «Халықтың руға бөлінуі билікке әсер етеді, елдің бірлігіне іріткі түсіреді. Мәселен, депутат сайлаған кез­де халықтың руға бөлініп, тура ХІХ ғасырдағы кейпіне түс­кенін талай рет байқадым», – деген едім. Әлі де осы ойымнан қайтпаймын. Алдағы уақытта халық рушылдықты қоймаса, президент сайлауына да бұл бөліністің өз әсерін тигізуі әбден мүмкін. Олар бүгін орталарынан хан сайлап отырған адамын ертеңгі күні президент етіп сайлауға тырысуы ықтимал. Ал, өз руын ғана жарылқағыш, мұндай президенттерден халыққа қандай пайда бар?! Сондықтан, мен руға бөлініп, араларынан біреуін президент сайлап, құрылтай өткізіп, әбігерленіп жатқан елдің тіршілігін құптамаймын. Бұл жақсы нәрсе емес. Мен руға бөлінуге қос қолымды көтеріп қарсы тұрамын.

Жалпы халықтың руға бөлінуді әдетке айналдырып алғанын көп нәрседен байқаймыз. Мәселен, қазір ауылда қанша ру болса, сонша мешіт болуы әдетке айналды. Алла біреу десек те, ауылдағы ағайын басқа рудың мешітіне пітірін бермейді, басқа рудың мешітіне кірмейді. Тіпті, сол мешіттің өзін өзара бәсекелесіп салуды әдетке айналдырды. Ол аздай жастар мініп жүрген көлігінің сыртына найман, арғын, албан деп жазып алатын болыпты. Қай күні бір көлік көшеде жүйткіп барады, артына Ұлы жүз деп жазып алыпты. Тағы бір жастар керей, албан, матай деген руларын есімдеріне тіркеп сахнаға алып шығып жүр. Тізе берсек мұндай мысалдар өте көп. Руға бөлінуден бас тарту қазақ болудан бас тарту деген сөз емес. Біз осыны түсінуіміз керек. Әр қазақ бір-біріне бауыр. Басты қағида осы болуы керек. Руға бөлінуге тыйым салу үшін арнайы заң қабылдаудың қажеті жоқ. Мәселен, көліктерінің сыртын сәндеп алған көлік жүргізушілеріне тыйым салу жол полициясы қызметкерлерінің әрекеті болуы керек. Онсыз да көлікті орынсыз сәндемеу туралы заң бар ғой. Осы заңның аясында тентектерді тезге салсын. Әр руды ағаштың бұтағына теңейтін болсақ, осы бұтақты әркім өзіне керегінше бұрып алатын болса бұл ағаштың діңгегіне әсер етпей ме? Яғни, руға бөліну де мемлекеттігімізге әсер ететін дүние. Рас, қазір батыр бабаларымызға ас жиі беріліп жатады. Бірақ, сол батырды бір рудың иемденіп алып, асты сол рудың жиналысына айналдыру қажет емес. Қазір мені де өз жеріміздің батыры Барақ батырдың 270 жылдығына шақырып жатыр. Батырдың әруағы үшін барып қол жаю парызымыз. Алайда, көңілге кірбің ұялататын нәрсе бар. Ол жерде міндетті түрде бір рудың балалары болады. Екінші жағынан алып қарасақ, қазақтың батырын, қазақ елін қорғау үшін жауға шапқан батырды бір рудың адамдарының бөліп алып, асын бөлініп алып тойлауы көңіліңді құлазытады. Осыдан кейін асқа баруға да ойланатын халге түстік. Сондықтан, қайталап айтамын, біз рушылдықты қоюымыз керек. Онсыз да аз халықпыз. Оның өзінің бірлігі болмаса, қайтіп ел боламыз біз? Қазақтың бірлігі болмаса, Қазақстан мемлекетінің күйрейтінін ойлауымыз керек.

Жабал ШОЙЫНБЕТ,
«Хакім Абай» қайырымдылық қо­рының президенті, Абай атын­дағы ҚазҰПУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу орта­лығының атқарушы директоры:

– Барлық нәрсеге рушылдық тұрғыдан қарап баға беру дұ­рыс емес. Мен елімізде рушыл­дық дерті асқынып тұр деп айта алмас едім. Бірлі-жарым тен­тек көлігінің сыртына руы­ның атын жазып алды деп тік­сінудің қажеті жоқ. Ел болған соң сондай тентегі болады. Руын білудің артық тұстары да бар. Мәселен, қазақ руға бөліну арқылы қан тазалығын сақтап отырған бірден-бір ұлт. Біз мұны қалай жоққа шығарамыз?! Немесе рудағы ең үлкен ақсақалды рубасы сайлау арқылы сол рудың тентегін тезге салып отыру дәстүрі бұрыннан бар нәрсе. Ел ішіндегі болмашы тентектігі үшін темір тордың ар жағынан шығып жатқан жастарымыз аз ба? Ал, сондайларды ауыл ақса­қалдары ортаға алып, ақылдарын айтып отырса олар тез жөнге түсер еді. Осы секілді руға бөлінудің де артық тұстары бар. Біз осыны жан-жақты ойластыра отырып, баға беруіміз керек.

Атап айта кетер жайт, әр нәрсенің шегі болады. Біз осыны ұмытпауымыз керек. Рулық жүйе қажет. Бірақ, ол әр рудың президентін сайлап алу секілді асқынған дәрежеде болмауы тиіс. Руға мұншалықты дәрежеде бөліну сыртқы жаулары­мызға оңтайлы тұс тудыратынын ұмытпауымыз керек. Сон­дықтан, рушылдықтан арылу үшін арнайы заң қабылдап, даурықтырудың жөні жоқ. Бірақ, рулық жүйе өзінің шегімен болуын қадағалауымыз керек. Руға бөлінген ағайын өздерінің  мемлекеттің бір бөлшегі екенін ұмытпаса екен деймін. Айналып келгенде, бәріміздің илейтініміз бір терінің пұшпағы, бір мемлекет, бір Елбасы екенін естен шығармайтындай дәрежеде болса болғаны. Барлық рудың басын қосқанда қазақ деген бір ұлт қана пайда болатынын ұмытпауымыз керек. Руға бөліну қажет. Бірақ, ол әркімнің өз отбасының шығу тарихын білумен ғана шектелуі керек. Бізге руға бөлінудің тиімді тұстарын ұғынып, өз мүддемізге қарай бейімдейтін кез жетті.
Сауалнаманы дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

"Заң" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3540