Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3215 0 пікір 24 Мамыр, 2013 сағат 07:29

Балбалдарың қайта оралуы

Неге екенін білмеймін, мамырдың 22-сін асыға күткен мен ғана емес жұрттың бәрі секілді. Бұл күні таңертеңнен бастап аспанды түнерген бұлт басты, құдды қар жауатындай ма, нөсердің бұлты ма, қою қара жабағы бұлт тұтасты да алды. Сағат кешкі бестен өте Ерлан Қариннің «Балбалтас» альбом-кітабының таныстырымына асыға шығып, аялдамаға келіп үлгердім. Жауын басталды, бұршақ араласты. Нөсерлеткен жауын найзағайдың жарқылы мен күркірі араласып, құйып кетті. Міне салатындай такси жүретін де жер емес, әйтеуір автобус та келіп үлгерді...

Қызығы сол, нөсер жауын он минуттай құйды да тыныштала қалды. Қалың бұлт демде сейіліп, күннің шуағы құйылып қоя берді! Таныстырым енді бастала бергенде жетіппін. Шараны белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов ашты. «Жұрт еңбек демалысын алып, Түркияға болсын, Европаға, Тайланд, Эмират дейсің бе, әйтеуір жан тыныштығын ойлап шетелге асса, Ерекең бес жыл бойы демалысын дала кезіп, рух іздеумен өткізіп ақырында мынадай қомақты дүниені алдымызға әкеліп отыр», - деді ол.

Астаналық элитаның алдына қымсына шыққан Ерлан Тынымбайұлы: «Бұл жобаны қолға алуға Маңғыстауға барғанда Зейнолла Самашев ағамызбен таңға дейін тарих жайында әңгімелескенде келген идея негіз болып еді... Балбалтас – жай ғана ескерткіш емес, біздің ата-бабаларымыздың игерген кеңістігін қорушы Ұлы даланың тас сақшылары десек те, рухы десек те жарасады» - деді іргелі істің алғашқы нәтижесін жариялауға қобалжи сөйлеп сөзді ғылыми ұстаз апайы белгілі тарихшы, ғалым Айман Досымбаева ханымға берді. Тебірене сөйлеген ғалым балбалтастар жөнінде біршама мәліметтерді жайып салды. Онымен қоймай, көпшілік арасында пікірін жалғастырған Айман апай нұрдың да бекер құйылмағанын жеткізіп жатты.
Жобаның бас демеушісі «Мицубиси Корпорэйшн Интернэшнл Б.В.» компаниясының вице-президенті де бұл жобаның игілікті әрі қайырымды екенін айта отырып,  Жапонияда да балбалдардың молдығын, соның өзі халықтарымыздың тамырластығын білдіретінін айтып өтті.

Шараға тарихты қадыр тұтушы астаналықтар мол жиналды. Назарбаев орталықтың 4-қабаттағы күмбезді фоесіне жайғастырылған адам бойындай балбалтас фотолары жиналған ұрпақтарының арасында жүрген ежелгі тас бабалардай әсер етеді. Көптен көріспеген жұртшылық бабалардың рухына қуаттанып, мәз болысты. Арнайы түсірілген 37 минуттық деректі фильм де көрсетілді. Әдеттегідей таныстырылатын кітапты тегін үлестіру рәсімінің орнына жұрт сатып алған альбом сомасын Аружан Сайын басқаратын «Мейрімділік» ерікті  қоғамы қоғамдық қорына салып жатты.

Найзағай ойнатып, нөсерлете келген бабалар рухы шайдай ашылған астананың аспанындай жиналған қауымды да жадыратты. Өйтпегенде ше, бұл бір бойды қуаты кернеп, бас қаланы рухтар жайлаған күн еді.

Елсерік
Астана, 22 мамыр 2013жыл
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499