Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5126 0 пікір 28 Тамыз, 2009 сағат 19:31

Узеир Гаджибековтің атақты операсы түркі әлемінің таңдамалы орындаушыларының көп дауыстық орындауында шырқала бастады

Алматы. 26 тамыз. ҚазТАГ- Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымымен дайындалған ерекше опералық жоба аяқталуға жақын, деп мәлімдеді, Алматыда «ТҮРКСОЙ» халықаралық қордың директоры Дүйсен Касеинов, Абай атындағы МОБАТ бас директоры Қуаныш Оразғалиев пен осы театрдың әншісі Шахмардан Әбілов

Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, сондай-ақ Татарстан мен Башқұртстанның (Ресей федерациясы) 250-дей белді опера өнерінің майталмандары әзербайжанның ұлы композиторы Үзеир Гаджибековтың «Көроғлы» операсының тұсау кесерінде шырқайтын болады.

Операның премьерасы 8-9 қыркүйекте Қырғызстанның Малдыбаев атындағы опера және балет театырының сахнасында өтеді. Одан соң спектакль Абай атындағы Қазақ опера және балет театырында 12-ші қыркүйекте көрсетіліп, 15-ші қыркүйекте Анкара опералық театырында және 18-шы қыркүйекте Бакудегі Меликов атындағы опера және балет театырында көрсетіледі.

Ең алғаш рет У. Гаджиевтің халық эпосы негізінде жазылған «Көроғлы» операсы 1937 жылы қойылды. «Көроғлы» эпосы барша түркі әлемінің ортақ фольклорлық мұрасы. Түркия мен Әзербайжан ұлттық әдебиетінде Көроғлы зорлық-зомбылыққа қарсы күресуші халықты қорғаушы ретінде көрініс тапса, түркмен, қазақ, қырғыз және өзбек эпикалық мұрасында – эпикалық жырдың негізгі тұлғасы ретінде көрініс тапқан.

Бұл ауқымды жоба, әртістері осы опералық шығармаға қатысатын барша түркі мемлекет басшыларынан қолдау тапқан.

0 пікір