Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3431 0 пікір 29 Наурыз, 2013 сағат 07:17

Дариға Назарбаева: «Ғалымдарды қараңғы бөлмеге қамап қою керек»

Кеше Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кезекті отырысы болып, латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыға түсті.

Жиналыс барысында Мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева латын әліпбиі төңірегінде қоғамда жүріп жатқан пікірталас туралы айта келіп: «Егер ғалымдардың еркіне салып, латын алфавиті қандай болу керек деген мәселені талқылата берсек, олар өзара 50 жыл дауласатын шығар. Сондықтан ғалымдардың бәрін бір қараңғы бөлмеге қамап,  алдарына нан мен суға ғана қойып, бір аптаның ішінде мәмілеге келіңдер деп талап етуіміз керек. Сол кезде ғана олар ортақ мәмілеге келуі мүмкін» деді.

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

Осы жиналысқа қатысқан М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы болса: «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру - тез жүруді қажет етпейтін мәселе. Асықпауымыз керек. Өзбекстан мысалы, осы мәселеге қатысты заңын үш рет ауыстырды. Біз олардың қателігін қайталамауымыз керек. Асығыстыққа жол беруге болмайды», - дей келіп:

-Мысалы, 50 томдық туындыны аудару керек делік. Бізде компьютерде дайын графика тұрады, біз оны басып шығамыз, тек үстінен "корректировка" ғана жасау керек. Сонда бір айда белгілі бір адамдар тобы төрт томды аударып, дайындай алады. Тағы бір есте сақталар жайт, мысалы, коммунистік өмірді әспеттейтін, архивте сақталуы керек кітаптарды латынға аударудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Олар архивте тұрады ғой,- деп өз көзқарасын айтыпты.

Abai.kz

0 пікір