Сәрсенбі, 23 Қазан 2019
Жаңалықтар 1347 0 пікір 29 Наурыз, 2013 сағат 06:15

Сағат Жүсіп. Ұлтшылдықты қалай бастап едік?

Жеке қағаздарымды қарап отырып мына  хатты  тауып алдым. Бұл 1989 жылдың  23 маусымында Мәскеуде өткен  ЦК-ның  ұлтаралық мәселе бойынша өтетін  Пленумына  жолдаған үндеуіміз.  Ол кезде Қызылорда облыстық атқару комитетінде бөлім бастығы болып жұмыс істеймін. Михаил Горбачевтің "қайта құруына» қуанып жүрген кезіміз.  Коммунистік партияны «реформалауға» болады дегенге  Құдайдай сенген уақыт.  Әсіресе,  «адам факторы» дегенге ерекше сендік. Тіпті «Адам факторы» деген көркем фильмді шығарды қазақ режиссерлары. Ұлтымыздың  талай жылғы мәселелерін, тілі мен тарихына байланысты мәселелеріне Кремльдің көңілін бұрамыз деп ойладық.  Аңқау басымыз-ай...

Облаткомның аппаратында істейтін бір топ  қазақтың жігіттерінің басын қосып  ұлттық  тақырыптарды әңгіме етеміз. ЦК-ның әртүрлі пленумдары мен съездеріне, газеттерге хат, жеделхаттар дайындаймын. Өзім бірінші болып қол қоямын, мекен жайымды көрсетемін...

Қазағымыздың қапастан шыға алмай жүрген еркіндікке деген ой-санасын оятуды осылай бастаған едік.  «Ұлтшылсың» деген қазақ үшін ең ауыр айыпты сөзді  сол кезде өз қазағымыздан ести бастадық. Осы жылы «Қазақ тілі» ұйымын құрып оның облаткомдағы  төрағасы  болдым. 1990 жылы «Азат» қозғалысын құрып  оның алғашқы бес  төрағасының бірі, сосын үшеу, сосын  жалғыз төрағасы.  Сосын компартиядан арызбен шығу, облатком жұмысын тастауым...

Сағат  ЖҮСІП.  26.03.2013 ж.

МОСКВА

ЦК   КПСС     ПЛЕНУМУ     ЦК    КПСС

Просим  на Пленуме рассмотреть и снять существовавший запрет с вопроса об унизительно-оскорбительном процентном меньшинстве коренного населения Казахстана. Предлагаем рассказать всю правду о деформациях и причинах приведших к такому несправедливому меньшему удельному весу казахов. Считаем также, что оно послужило одной из причин принижения роли языка и потере многих национальных черт его культуры. Чтобы сохранить коренную национальность как нацию, необходимо признать казахский язык государственным, русский  -  языком межнационального общения. Считаем, что меньший удельный вес коренного населения не должна быть причиной ущемления интересов его языка и культуры.

Г. Кзыл-Орда.  Работники облисполкома:  Жусупов С, Жанузаков К, Смаганбетов К, Байтасов У, Узакбаев Б.      23.06. 89 г.

Abai.kz

0 пікір