Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3566 0 пікір 28 Наурыз, 2013 сағат 06:07

Мақсат Нұрыпбаев. Діни экстремизммен күрес дінмен күреске айналмасын...

«Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны

іздеп табуға айналып кетпеуге және

дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс.»

Нұрсұлтан Назарбаев

Неге Ислам? Қақтығыстың түп төркіні неде?

Діни экстремизм мен терроризмнің әлемдік тарихы арыда болғанымен 2001-жылдың  11-қыркүйегіндегі Нью-Йоркте болған жарылыстан кейін ол жаңаша сипат алып, жаңа бағытқа бет бұрды.

Ол жарылысты кім ұйымдастырды деген сауал өзінше жеке бір тақырып... Осы уақытқа дейін АҚШ ғалымдары мен сарапшыларының пікірі де сан қилы. Бір қызығы жарылысты АҚШ-тың арнайы органдары ұйымдастырды деген болжамды сол елдің өз сарапшылары мен ақпарат құралдары жиі айтады.  Алайда ресми АҚШ бұл сұмдық оқиғаның орын алуына тікелей діни экстремистер, исламдық терроршылар кінәлі деп тапты және солай етіп көрсетуге барын салып бақты. Соның салдарынан діни экстремизм десе ислам ойға оралып, терроризм десе оны жасайтын адам міндетті түрде діни экстремист яғни мұсылман  болуы керек сияқты болды да қалды...

Неге Ислам?

«Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны

іздеп табуға айналып кетпеуге және

дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс.»

Нұрсұлтан Назарбаев

Неге Ислам? Қақтығыстың түп төркіні неде?

Діни экстремизм мен терроризмнің әлемдік тарихы арыда болғанымен 2001-жылдың  11-қыркүйегіндегі Нью-Йоркте болған жарылыстан кейін ол жаңаша сипат алып, жаңа бағытқа бет бұрды.

Ол жарылысты кім ұйымдастырды деген сауал өзінше жеке бір тақырып... Осы уақытқа дейін АҚШ ғалымдары мен сарапшыларының пікірі де сан қилы. Бір қызығы жарылысты АҚШ-тың арнайы органдары ұйымдастырды деген болжамды сол елдің өз сарапшылары мен ақпарат құралдары жиі айтады.  Алайда ресми АҚШ бұл сұмдық оқиғаның орын алуына тікелей діни экстремистер, исламдық терроршылар кінәлі деп тапты және солай етіп көрсетуге барын салып бақты. Соның салдарынан діни экстремизм десе ислам ойға оралып, терроризм десе оны жасайтын адам міндетті түрде діни экстремист яғни мұсылман  болуы керек сияқты болды да қалды...

Неге Ислам?

Адамзат жаратылысындағы ең әділ, ең бейбітсүйгіш дін неге әлемдік құбыжыққа, үрей мен қорқыныш символына айналды? Исламды озбырлық пен қантөгіс құралына айналдыру кімге керек және оның оған қандай пайдасы бар?

Бұл сұраққа тікелей жауап бермес бұрын мына жайтқа сәл назар аударайық... 1990-жылдың басында Швецияда НАТО-ға мүше елдер өкілдерінің саммиті өтеді. Сол жерде Кеңестік одақтың ыдырауының әлемдік даму мен геосаяси ахуалға тигізер әсері туралы сөз болады.  Сол кездегі Түркияның премьер-министрі Нәджметдин Эрбаканның Солтүстік Атлантикалық одақты одан әрі сақтап қалудың қаншалықты маңызы, қажеттілігі бар деген сауалына сол кездегі Ұлыбританияның Премьер-министрі Маргарет Тетчер былай деп жауап беріпті: «Идея белгілі бір жаудың бейнесі болмаған жерде өмір сүре алмайды. Біз, Батыс мемлекеттері өзіміздің тіршілігімізді одан әрі жалғастыру үшін сондай жау тауып алуға тиіспіз. Кеңестік одақ құлады, енді оның орнын  жаңа жау бейнесі басады, ол жау - ислам болады.» («Идея не может жить в отсутствии образа врага. И, мы, государства Запада, ради продолжения своего существования должны такого врага иметь. Советский Союз пал, и нам необходимо найти на эту роль другого, и этим врагом является ислам»)

Өздеріңіз байқап отырғандай исламды әлемдік «жауға» айналдырудың негізгі көрінісі немесе оны жүзеге асырудағы үлкен жоспардың басталуы дәл 2001-жылдың 11-қыркүйегінде Нью-Йоркта орын алды...

С. Хантингтон өзінің «Өркениеттер қақтығысы» деген атақты кітабында «Батыстың негізгі проблемасы - ислам фундаментализмі емес. Ол - ислам, басқаша өркениет» дейді. Осыдан-ақ исламның неге әлемдік құбыжық кейпін жасауға таңдалып алынғанын аңғаруға болады. Оның арғы түбінде Батыстың, Израилдың, Америка құрама штаттарының  әлемге үстемдік ету мақсатының жатқаны белгілі. Олардың бұл мақсатқа жетуіне негізгі кедергі келтіретін, иық теңестіріп, жойқын соққы бере алатын да ислам әлемі ғана еді. Өйткені ислам дінін берік ұстаған азаматты ақшаға сатып ала алмайсың, алдауға көнбейді, айдауға жүрмейді. Бір Аллаға ғана бас иетін, өзін ақшаның емес, Алланың құлымын деп санайтын азаматтардың қоғамын, мемлекетін ыдырату, бағындыру мүмкін емес. Бұл жерде «сатылмайтын нәрсе жоқ, тек әрқайсысының өз құны бар» деп өскен батыстық адам үшін, иманын әлемнің бүкіл байлығын берсе де сатпайтын адамды кездестіргенде шынымен де оның құбыжық болып көрінері сөзсіз. Ия шынымен де басқаша өркениет, басқаша құндылық.

Десек те Исламның жауға айналуының себебі тіпті де әріде жатыр деуге болады. Библияда  «...ия, көптеген халықтарға өсіммен қарыз бересің, ал өзің өсіммен қарыз алмайсың, сонда сен көптеген халықтарға үстемдігіңді жүргізесің, ал олар саған үстемдігін жүргізе алмайды» дейді. («...и будешь давать взаймы многим народам, а сам не будешь брать взаймы и будешь господствовать над многими народами, а они над тобою не будут господствовать.» Библия. Ветхий Завет: Второзаконие,15:6).

Не болмаса «Өз бауырыңа күмісті де, нанды да өсімге берме, өсімге беруге болатын нәрсенің бірін  де өсімге берме; жат жұрттыққа өсімге бер, Құдай тағала сені барлық нәрседе жарылқасын десең, жердегі сенің қолыңмен істелетіндердің бәрін, сен ие болуға бара жатқан жер үшін» («Не отдавай в рост брату твоему ни серебра, ни хлеба, ни чего-либо другого, что возможно отдавать в рост; иноземцу отдавай в рост, чтобы господь бог твой  благословил тебя во всём, что делается руками твоими на земле, в которую ты идёшь, чтобы овладеть ею» Библия. Ветхий Завет: Второзаконие, 23:19) дейді...

Ал Құран Кәрімде өсімге байланысты мыналар бұйырылған: «Сондай өciм жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: "Сауда да бейне өciм" дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, мінe солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады. (Бақара сүресі, 275аят) («Те, которые берут лихву, восстанут [в Судный день], как восстанет тот, кого шайтан своим прикосновением обратил в безумца. Это им в наказание за то, что они говорили: "Воистину, торговля - то же, что и лихва". Но торговлю Аллах дозволил, а лихву запретил. Если к кому-либо [из ростовщиков] придет увещевание от Аллаха и если он поступит согласно этому увещеванию, то ему простятся прошлые его грехи. Его дела принадлежат Аллаху. А те, кто станет [вновь давать в рост], - обитатели адского пламени на вечные времена. Сура 2. аль-Бакара «Корова» Аят 275).

«Алла өсімқорлықты жояды, сауданың берекесін арттырады. Алла барлық нысапсыз күнәкарды ұнатпайды. (Бақара сүресі, 276 аят)» («Аллах искореняет лихву и поощряет милостыню. Аллах не любит никого из неблагодарных грешников.» Сура 2. аль-Бакара «Корова» Аят 276,)

«Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) бұны Аллаға, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер. Егер тәубе қылсаңдар, сонда малдарыңның басы өздеріңдікі. Зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшырамаған боласыңдар. (Бақара сүресі, 279 аят)» («Если же вы не оставите ростовщичества, как приказал вам Аллах, то знайте, что у Аллаха и Его посланника будет война с вами: война веры против неверия; но если вы покаетесь, то при вас останется только ваш капитал, ни больше и не меньше. Не берите больше, несмотря на причину долга, потому что рост, который вы берёте, представляет несправедливость по отношению к людям. И не берите меньше, чтобы не быть обиженными!» Сура 2. аль-Бакара «Корова» Аят 279).

Майер Ротшильд, Джон Рокфеллер сияқты алпауыттар сүрлеу салған әлемдік қаржы айналымы мен әлемдік банк жүйесінің пайда табу жолы, жұмыс жүйесінің негізі өсіммен қарыз беру екенін ескерсек те көптеген мәселенің мән жайын аңғарармыз. Бұл ойды Ротшильдтің өз сөзімен түйіндесек: «Елдің ақшасын басқаруды берсеңдер болды, оның заңдарын кімнің жасайтынында жұмысым жоқ»...(«Дайте мне управлять деньгами страны, и мне нет дела, кто создает ее законы»...)

«Сананы ақша билеген уақытта сатылмайтын нәрсе қалмайды» деген сөз бар. Ал мұсылмандықта, исламда сананы ақша, байлық емес иман, Алланың мейіріміне деген сүйіспеншілік пен жазасына деген қорқыныш билеуі тиіс. Осы жерден барып Сэмюэл Хантингтон айтатын өркениеттер қақтығысы туындайды.

Неге салафизм?

2001-жылдан бастап әлемдік брендке, кейбір алпауыт мемлекеттердің геосаяси құралына, қорқытатын қаруына айналған діни экстремизммен, терроризммен күрес кімге бағытталған?

Әлемдік ақпарат көздеріне, беделді ақпарат құралдарының, батыстық аузы дуалы сарапшылардың, ғалымдардың айтқандарына, жазғандарына зер салсақ  діни экстремизмнің негізі - ислам, оның ішінде салафизм бағыты болып табылады. Ислам дінінің қалайша және не үшін жауға айналғанын жоғарыда айттық. Енді неге салафизмнің батыстық өркениетке қауіпті екеніне мән беріп көрейік.

Бірінші фактор адам саны. Жалпы жер шарында  енді бір он бес жылда мұсылмандар саны 2 миллиардтан асады. Әлем халқының төрттен бір бөлігі мұсылмандар болады деп болжануда.

Ислам Конференциясы Ұйымы бүгінде 1,5 миллиард тұрғылықты халқы бар 57 мемлекетті қамтиды және де жер бетіндегі барлық құрлықтарды, ең алдымен Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Американы қамтиды. Бүгін әлемде жер бетіндегі барлық халықтардың бестен бір бөлегі исламды ұстанады және де ерекше атап өту қажет басқа дін өкілдеріне қарағанда исламда жыл сайынғы адам өсімі жоғары: мұсылмандар арасындағы жыл сайынғы адам өсімі 25 млн. адамды құрайды. Бұл дегеніміз мұсылман халықтарының жыл сайын  2,1% өсіп отырғандығын білдіреді, яғни жер бетіндегі жалпы халық өсімінің  0,4 пайызын құрайды деген сөз.

2020 жылға қарай Еуропа мен Солтүстік Америка мемлекеттерінде халық саны кемитін болса, араб мемлекеттерінде керісінше арта түспек. Себебі араб мемлекеттеріндегі жастардың үлесі 57% құрап отыр. (Қараңыз. «UN, Population Division, Department of Economic and Social Affairs» // «World Population Prospects: 2000 Revision». - 02.2001. New York).

Екінші экономикалық фактор. Ислам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттер аумақтарында табиғи ресурстардың аса мол қоры жатыр. Нақты мәліметтер бойынша, оның көлемі әлемдегі запас қордың 65 пайызын құрайды. Сондай-ақ ұйымға қатысушы елдер әлемде өндірілетін шикізаттың 45 пайызын өндіреді. 2009 жылы олардың ішкі жалпы өнімі 7,5 трлн. АҚШ долларын құраған. Басқа байлықтарды айтпағанның өзінде Ислам елдерінде әлемдік мұнай қорының 70%, газ қорының 50% шоғырланған.

Жер шарындағы адам санының өсуі мен экологиялық ахуалдың күрделене түсуі жаңа қиындықтар туғызуда. Соның салдарынан енді бір он жылда, ары кетсе  ширек ғасырда адамзатты асырау күрделі мәселеге айналуы мүмкін. Ал тек араб елдерінде ауыл шаруашылықты дамытуға жарамды 500 млн гектар жер бар болса, қазір оның 70 млн гектары ғана игерілген.

Тағы бір шешілмес түйінге айналуы мүмкін ауыз су мәселесінде ол елдер 390 млрд. куб метр ауыз суға ие болса, оның бүгінде тек 175 млрд. кубы ғана пайдаланылады. Араб елдерінде бүгіннің өзінде 200 млн. тонна астық өндіру мүмкіндігі бар.

Үшінші фактор қаржы жүйесі. Алпауыт елдердің қаржы жүйесіне кереғар жүйедегі  Ислам банктық жүйесі де, қаржы айналымы да қарқынды даму үстінде. Қазіргі күні Таяу Шығыстың банктық астанасына айналған Бахрейнде 400-ден аса қаржы институттары болса, оның ішіне 1.3 трлн. доллар активі бар 150 банк кіреді. Бұл батыстық қаржы жүйесіне тікелей қауіп төндіру екенін айтпаса да түсінікті.

Сондықтан да батыстық жүйеге, АҚШ пен Израилдың әлемге үстемдік ету саясатына қауіп төндіретін Ислам әлемін әлсірету - олар үшін басты мақсат. Ал Исламның діңгегі саналатын араб мемлекеттерінің, араб түбегі елдерінің ресми, мемлекеттік діні-салафизм.

Енді салафизм қандай дін, оның ұстанымдары қандай деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Салафия дегеніміз - қысқаша айтқанда Исламды Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның шәкірттері қалай түсінсе дәл солай түсіну және қабылдау дегенді білдіреді. Яғни Құран мен Суннаға оралу, Құранға ешқандай өзгеріс енгізбеу, оны өзгеріссіз, жаңалықсыз орындау деген сөз...

Батыстың саясаты мұнайы, қазба байлығы бар мемлекеттерді өз ықпалында ұстау екені белгілі. Егер ол мемлекеттер тәуелсіз саясат жүргізіп, өз ұлтының мұддесін қорғағысы келсе оны ішінен ірітіп, лауазымды тұлғаларын азғырып, бүлік ұйымдастырып, қала берді ашық қарулы күш жұмсап өзіне бағынышты ету.  Оған дәлел 2011-2012 жылдардағы Солтүстік Африка, Араб түбегі және Таяу Шығыс елдерін шарпыған «араб көктемін» еске түсірсек те жетіп жатыр. Ол елдерде неге төңкерістер мен қантөгістер орын алды? Қанды оқиғалардың орын алуына тек сол елдің ішкі саясаты кінәлі ме, әлде «сыртқы күштердің» тікелей әсері болды ма? Оны түсіну үшін ең алдымен америка азаматы Джон Перкинстің «Исповедь экономического убийцы», Джон Колеманның «Комитет 300», Сэмюэл Хантингтонның «Столкновение цивилизаций и преобразование мирового порядка», Николай Стариковтың  «Шерше ля нефть» кітабын оқу керек...

Мақсат Нұрыпбаев, заңгер, «Құқықтық Қазақстан үшін» ҚБ мүшесі

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір