Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3202 0 пікір 26 Наурыз, 2013 сағат 11:57

Әдепсіз жарнамаларға тыйым салынса

«Көк жәшіктің» көрсетпейтіні жоқ. Тіпті бала-шағамен қатар отырып кино көруден қалып барамыз. Келіндер, бойжеткен қыздар теледидардың алдына мүлдем жоламайтын болды. Ресейдің телеарналарын айтпай-ақ қойдық, өзіміздің отандық арналар да олардан қалысар емес. Бәрінің көрсететіні көргенсіз кинолар. Қазіргінің шығармашылық адамдары, режиссерлер өнерді жалаңаштану деп түсінетін болса керек. Радионың да айналдыратын тақырыбы сол.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің блогына хат жазған Динара есімді келіншек «NS» радиосының күнұзаққа мүшеқапты жарнамалайтынын айтып шағымданыпты. Келіншек бұл баланың психикасын бұзады, жасөспірімдердің алдында ата-ананың беделіне кері әсер етеді дейді.

«Жоғарыда айтылған жарнама біздің мемлекетіміздегі жалпыға ортақ мораль мен әдебтілікті, қоғамдық құндылықтарымызды тәрк етеді. Қазақстанның азаматшасы ретінде және кәмелетке толмаған баланың анасы ретінде ол жарнаманың насихатталуына тиым салып, мұндай бейбастақтықты эфирге шығарған ламазым иесін жауапқа тартуыңызды сұраймын»,- дейді Динара.

Арызданушы көтеріп отырған проблема көптің көкейінде жүрген түйткіл. Бірақ бұл жайттың екінші жағы да бар, атқарушы биліктің БАҚ-тың ішкі ұйымдастырушылық жұмыстарына араласуға хақы жоқ. Алайда, ұлт зиялылары мен ел ағаларын бәрінен бұрын қазақ қоғамының саулығын ойлау, сана-сезімі жоғары ұрпақ өсіру жайы алаңдатса керек. Бұл елдіктің мәселесі. Ал, ел мүддесі шығармашылық еркіндікке қол сұғушылық, сөз бостандығына кедергі келтіру деген сияқты көп сылтаулардан, арзан демократиялық ойындардан қашанда жоғары тұруы тиіс. Бұл жерде, сондай-ақ, өзге мемлекеттің саясатын насихаттайтын, өзге елдің құндылықтарын тықпалайтын ресейлік телеарналардың көпшілігіне де тыйым салған дұрыс деп ойлаймын.

Дереккөз: BAQ.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610