Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3228 0 пікір 26 Наурыз, 2013 сағат 11:16

Оман Каддафидің отбасына саяси баспана берді

Оман Сұлтанаты Ливияның бұрынғы көшбасшысы Муамар Каддафидің отбасына саяси баспана ұсынды, деп хабарлады Ресей Жаңалықтар агенттігі.

Ливияның сыртқы істер және халықаралық байланыстар министрі Мұхаммед Абдель Азиз: «Бұл адамгершілік тұрғыдан жасалған қадам болды», - деп мәлім етті. Бұл уақытқа дейін Каддафидің отбасы Алжирде тұрып келді.

Каддафидің әйелі Сафия, оның қызы Аиша мен екі ұлдары Мұхаммед пен Ганнибал көтерілісшілер Триполиді басып алған 2011 жылдың тамызында отбасыларымен бірге Алжирге қашқан болатын. Алжир оларға саяси баспана беріп, Ливияның жаңа басшылығына беруден бас тартты.

Ливиядағы қарулы қақтығыстар 2011 жылдың ақпанынан қазан айына дейін жалғасты. Басқарушы режимнің жақтастары мен оппозиция күштері арасындағы әскери іс-қимылдар барысында  бес мың адам қаза тапты.

Ел басшылығында 42 жыл болған Муамар Каддафи 20 қазан күні Сирт қаласының маңайында оны тұтқынға алған көтерілісшілердің қолынан көз жұмды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір