Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3095 0 пікір 26 Наурыз, 2013 сағат 06:40

«Кедендік одақтан енді кете алмаймыз»

Қазақ кәсіпкерлері тәуелсіз  ассоциациясының вице-президенті Тимур Назханов мырза осылай деп отыр.  Каpital.kz порталына берген сұхбатында ол: «2009 жылы күзде кедендік одаққа кіретініміз туралы естігенде біз қазақ бизнесі ғана емес,  тұтас Қазақстан аталған ұйымға мүше болуға дайын емес деген едік. Бүгін соған көзіміз анық жетіп отыр», - деді.

- Алғашқы жылы, - дейді қазақ кәсіпкері, - статистикалық мәліметтер кедендік одақтың шеңберіндегі  тауар айналымының жоғары болғанын көрсетті. Алайда 2011 жылы кедендік одақта Қазақстан экспорты құлады.

Қазақ кәсіпкерінің сөзіне қарағанда, Қазақстан жағы Ресей мен Беларуссияға шикізатты кедендік одақсыз да тасымалдап келген. Ал, қытайдан бері өтетін тауар түрлері азаймаған, керісінше 2009 жылдан бері өсе түскен.  Өйткені қытайдан тауар әкеліп сату қазақ кәсіпкерлеріне  тиімді көрінеді. Тиімді болатын себебі, қытай тауарлары арзан әрі тасымал мәселесі де Ресеймен салыстырғанда оңай екен.

Соңғы кездері қазақтың төрт түлігінің басы тағы да арзандай бастады. Себебі кедендік одақ кереге жайғалы Ресейден вагон-вагон ет келетін болды. Оның үстіне біздің кәсіпкерлер өнідіретін тамақ өнімдерін де КО-дағы көршілеріміз өз нарығына енгізбеудің амалдарын жасап қойғанға ұқсайды.

«Біздің кәсіпорындар шығарған тамақ өнімдерінің құны тарифтік сәйкесіздікке байланысты Ресей нарығына кіре алмауда, бір сөзбен айтқанда, кедендік одақта шектеулер көп», - дейді Назханов.

«Кедендік одақ бір елдің пайдасын көздеген мақсат аясында құрылған. Сондықтан да Ресей жағының кәсіпкерлері емін-еркін қимылдап жатыр. Бізде ондай мүмкіндік жоқ». Бұл да Қазақ кәсіпкерлері тәуелсіз  ассоциациясының вице-президенті Тимур Назханов мырзаның байламы. Кедендік одақтан шығудың енді қиын екендігіне налығын Назханов әлі де болса үкіметке сенім артады.

-  Біз кедендік одақ үш жақты үндестік табады, біздің заңдарымыз да ортақ мүддемізге орайластырлады деп сенеміз. Тек, мәселенің осы жағы ұзаққа созылмаса екен, - дейді ол.

Өткенде осы Назханов мырза Елбасының қабылдауында болды. Елбасымыз қазақ қаламгерлерімен кездескен жиында «Тәуелсіздігімізге қауіп төндіретін кез-келген ұйымнан шыға аламыз» деген еді.

Abai.kz

0 пікір