Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3312 0 пікір 26 Наурыз, 2013 сағат 05:27

Қазақстан Барысы: іріктеу кезеңінің екінші айналым нәтижелері

Қазақ күресінен өтетін  республикалық «Қазақстан Барысы» додасына іріктеу кезеңі басталып кетті. Бүгінде «барыс» атануға үмітті балуандар еліміздің түкпір түкпірінде бақ сынауда. Жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрайтын доданы бүкілхалықтық жобаға айналды десек артық емес. Себебі, бүгінге дейін селолық және аудандық бәсекелерге мыңдаған балуан қатысып үлгерген. «Қазақстан барысы» бәсекесінің финалдық сыны биыл 30  маусымда, елорданың 15 жылдық мерейтойымен орайластырылып өтеді. Астанадағы «Сарыарқа» велокешенінде өтетін ақтық сынға берілер жолдамаға талас еліміздің бар аймағында жүріп жатыр.

Назарларыңызға «Қазақстан барысы» жобасына іріктеу кезеңінің екінші айналымындағы нәтижелерді ұсынамыз.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласында өткен іріктеу сынының екінші айналымына 39 балуан қатысты. Олардың ішіндегі екеуі спорт шебері болса, 4 балуан спорт шеберлігіне үміткер. Жетісайлық балуандар  қатарында Азия чемпионаты мен Қазақстан біріншілігінде топ жарғандар да бар. Мақтарал ауданының 4 селолық округінен жиналған спортшылар қазақ күресінен өтетін «Қазақстан барысы» додасының облыстық сынына берілер билетті сарапқа салды. Нәтижесінде, төмендегі балуандар жеңімпаз атанды.

50  келі: Алпамыс Қамалов (Достық ауылы)

60 келі: Еркін Көкшебай

70 келі: Сабыр Егембердиев

+70 келі: Баһадүр Жайнаров

«Тай балуан» - Ілияс Қажы Ислам

Қостанай облысының Феодоров ауданы да өз жеңімпаздарын жария етті. Амантай Мырзағалиев, Жеңіс Баймұхамбетов және Қанат Қабыловтар облыстық сында аудан намысын қорғайды.

«Қазақстан барысы» жобасына іріктеу сынынан Маңғыстау облысы да сырт қалған жоқ. Форт Шевченко қаласындағы спорт сарайында Түпқараған ауданының шын шеберлері анықталды. Аудандық бәсекеде жалпы есебі 181 балуан бақ сынаған. Топ ішінен озған қазақ күресінің майталмандары үшінші, облыстық турға жолдама алды. Олар:

60 келі: А. Текемұрат

70 келі: О. Үсенбаев

80 келі: К. Иманғазиев

90 келі: Т. Мәтешов

+90 келі: Ж. Таңатов

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы іріктеу бәсекесіне 189 балуан қатысып, облыстық сынға төмендегі балуандар жолдама алды.

60 келі: Ғаламат Қобыланов

70 келі: Нұрсұлтан Папау

80 келі: Жандос Сәлиев

90 келі: Жалғас Қалжанов

«Түйе балуан»  - Жалғас Қалжанов

Павлодар облысына қарасты  Красноармейка ауылында «Қазақстан барысы» додасының облыстық сынында белдесетін балуандар есімі белгілі болды. Олар:

64 келі: Аян Бәденов

74 келі: Жаскен Олжабай

+74 келі: Кенжебек Бақпаев

«Қазақстан барысы» додасына іріктеу турының екінші айналымы Атырау облысының бірнеше ауданында аяқталды.  Индер ауданында қарасты Есбол, Жансуат, Бөдене, Өрлік, Елтай және Индербор селолық округтерінен жиналған 127 балуанның ішінен Жалғас Өнербаев пен Ермек Сатаев облыстық турнирге жолдама алды.

Атырау облысының Құрманғазы ауданында Саламат Айталиев, Ерсәт Бірәлин, Шынболат Мусин, Сансызбай Рахмешов, Қаршыға Хайдаров және Мерей Құспанов есімді балуандардың мерейі үстем болды.

Наурыз мерекесі қарсаңында Ақмола облысының Ерейментау, Бұланды, Аршалы, Жақсы және Қорғалжын аудандарында «Қазақстан барысы» жобасына іріктеу турының екінші айналымы сәтті аяқталды.

Аршалы ауданындағы қазақ күресі бәсекесіне 34 балуан қатысып, К. Князев пен Ш. Тумышевқа тең келер ешкім болмады.

Қорғалжын ауданында чемпион атанып, «Қазақстан барысы» жобасының үшінші айналымына жолдама алған балуандар:

54 келі: Ерболат Семейхан

60 келі: Дүйсенбек Қожахметов

66 келі: Жанболат Құлмаев

74 келі: Бақтияр Сұрағанов

82 келі: Нұрболат Мұқатов

90 келі: Қайрат Шаймерденов

Бұланды ауданындағы қазақ күресі бәсекесіне 46 спортшы қатысқан болатын. Жоғары деңгейде өткізілген турнирде төмендегі спортшылар топ жарды.

54 келі: Ғабит Әкімбаев

60 келі: Нұртілеу Қасымов

66 келі: Р. Баяндинов

74 келі: К. Шерехан

82 келі: Е. Құлымбет

90 келі: Муса Сәдуов

+90 келі: Дослан Сәлімжанов

Ерейментау ауданында өткен бәсекеде аса ауыр салмақта топ жарған Мұхаммед Ыбыраевқа облыстық сынның жолдамасы берілді.

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданына қарасты 4 селолық округтің  балуандары облыстық турға қатысу үшін барын салды. Сайыс қорытындысы бойынша, Қайырбек Дайыров пен Жошқын Намазов чемпион атанды.

Ғабит Мүсіреповтың атын алған аудан да өз балуандарын бәйгеге қосады. Аудан орталығында өткен іріктеу сынында Ербатыр Әменкин, Ғизат Қалықов, Райымбек Асқаров және Болат Жақыпбековтер тор жарды.

Қарағанды облысы, Нұра ауданында «Қазақстан барысы» жобасына іріктеу турын сәтті аяқтаған балуандар:

46 келі: А. Әлімжан

51 келі: Т. Шеруов

57 келі: Д. Мүкенов

64 келі: А. Серік

72 келі: Ж. Амангелді

81 келі: А. Шәріп

+ 81 келі: А. Ерғазы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы «Қазақстан барысы» бәсекесіне іріктеу туры:

74 келі: Бақдәулет Төлегенов

81 келі: Иманбек Құдайбергенов

90 келі: Мұхтар Бейсенбеков

+90 келі: Арман Сәрсенбеков

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында аудандық турнир аяқталды. 204 балуан кім мықтыны анықтау үшін Қарауыл төріне жиналған болатын. Нәтижесінде, самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Медеу ауылының өкілі Мереке Тұрашев жеңіске жетті. Аудандық турдың күміс жүлдесін Құндызды селосының шын шебері Марат Нұғымаров иеленді. Ол финалда Мерекені жыға алмаған болатын. Қола жүлде Бөрілі ауылының балуаны, қазақ күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Қонқиевтің еншісінде.

Аталған үш балуан енді облыстық турнирде бақ сынайды.

Балуандарды марапаттауға «Қазақстан барысы» жобасының атқарушы директоры Сәрсен Құранбек мырза, қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Марат Жақыт және «Қазақстан барысы 2012» турнирінің жүлдегерлері Айбек Нұғымаров пен Шалқар Жолмановтар қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, әрбір ауыл мен аудандардағы іріктеу сынын «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту  қоры мен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы бірлесіп өткізуде.

«Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір