Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2527 0 пікір 19 Наурыз, 2013 сағат 12:02

Тарифтен түскен тиынды... Пайдасы кiмге бұйырды?

Табиғи монополияларды реттеу агенттігін халық пен журналистер «монополияға қарсы агенттік» деп атаған да уақыт болған. Бірақ ол заман келмеске кеткенге ұқсайды. Қазір бұл мекеме көп мәселеде қайта монополистердің басты «лоббистіне» айналып шыға келгендей. Алдағы айдың басында қалаулылар ауыл-аймақты аралауға шығады. Соның қарсаңында осы Агенттік басшысын есеп беруге Парламентке шақырған депутаттар кеше одан түлкібұлаңға салмай, ащы шындықты ашық айтуды сұрады: «Тариф қымбаттай ма, жоқ па? Бізді халыққа өтірікші етпеңізші?» деп өтінді қалаулылар. Бірақ нақты жауап ала алмады.Қайта бұл күні олар монополистердің мүддесін қорғаштаған көп дәлел естіді.

- Бүгінде сіздер суға тариф белгілеу­дің жаңа тетіктерін ендіретін 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспар әзірлепсіздер, ол реттелетін осы сала­ның инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңғыртпақ. Осының барлы­ғы тұтынушылардың құқығын қорғау емес, керісінше, тарифтердің шарықтап кетуіне ықпал етпей ме? 4 сәуірде біз ел­ге шығайын деп отырмыз. Тағы да депу­таттар өтірікші болмасын, елдің алдын­да! - деп ескертті агенттік төрағасы Мұ­рат Оспановқа Мәжіліс депутаты Май­ра Айсина.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігін халық пен журналистер «монополияға қарсы агенттік» деп атаған да уақыт болған. Бірақ ол заман келмеске кеткенге ұқсайды. Қазір бұл мекеме көп мәселеде қайта монополистердің басты «лоббистіне» айналып шыға келгендей. Алдағы айдың басында қалаулылар ауыл-аймақты аралауға шығады. Соның қарсаңында осы Агенттік басшысын есеп беруге Парламентке шақырған депутаттар кеше одан түлкібұлаңға салмай, ащы шындықты ашық айтуды сұрады: «Тариф қымбаттай ма, жоқ па? Бізді халыққа өтірікші етпеңізші?» деп өтінді қалаулылар. Бірақ нақты жауап ала алмады.Қайта бұл күні олар монополистердің мүддесін қорғаштаған көп дәлел естіді.

- Бүгінде сіздер суға тариф белгілеу­дің жаңа тетіктерін ендіретін 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспар әзірлепсіздер, ол реттелетін осы сала­ның инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңғыртпақ. Осының барлы­ғы тұтынушылардың құқығын қорғау емес, керісінше, тарифтердің шарықтап кетуіне ықпал етпей ме? 4 сәуірде біз ел­ге шығайын деп отырмыз. Тағы да депу­таттар өтірікші болмасын, елдің алдын­да! - деп ескертті агенттік төрағасы Мұ­рат Оспановқа Мәжіліс депутаты Май­ра Айсина.
- Тұтынушыларды қорғау шарала­ры қарастырылады, - деп жауап қатты М.Оспанов. - Бірінші кезекте, тұтыну ауқымына қарай тарифтерді саралау-дифференциялау енгізілді. Сондай-ақ есептеуіш құралдарының барлығына және жоқтығына қарай саралау ендіріл­ді. Нәтижесінде, еліміз бойынша орта­­­ша есеппен 1 адамға 2 текше метр су тұты­ну кесіледі. Тиісінше, егер бір айда ол адам 4 текшеметр су шығындаса, алғаш­қы екеу үшін І деңгей бойынша төлей­ді, бұл деңгейдің қымбаттауы көп емес. Осылайша, үнемдейтін адамдар жә­не есептеуіш құралдары барлар өсімді  көп сезінбейді. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) төрағасы әлгі ке­шенді жоспарға сәйкес, Қазақстанда­ғы сумен жабдықтау кәсіпорындарын­да кең ауқымды жаңғырту жүретінді­гін хабарлады. «Модернизация кімдер­дің есебінен жүреді? Біз айтамыз: ол негізінен, суды үнемдемейтіндер, есеп­теуіш құралдарын орнатпайтындар есебінен жүреді! Олар үшін тариф өте қымбат болады. Сөйтіп, біз халықтың аз қамтылған бөлігін қорғаймыз!» деді ол. Алайда сараланған тарифтің үнем­­­деуге әкелмейтіндігін халық та, қалау­лылар да айтуда. Қайта ол су, жылу ал­пауыттарына елді қанап, шектен тыс табыс табуларына мүмкіндік беріп отырғандай: мәселен, басқа өңірлер түгілі Астананың өзінде тұрғын үйлер­де шүмектен ыстық су ағу үшін суды ба­рынша ашып, жарты минуттай күту керек. Бұдан кейін тұрғындар суды қайдан үнемдей алсын?! Нәтижесінде, қарапайым халық қанша тырысса да, монополистің қызметінің сапасызды­ғы кесірінен І деңгейдегі 3 текшеметр­лік «квотаға» сыя алмай, асырып алады. Алпауыттар болса, дән риза: осының арқасында «АстанаЭнергоСбыттың» қалтасына түсетін кіріс молаяды. Ұсақ-түйек болса да, бұл жайт елордалықтар­дың еңсесін түсірер жағдайға айна­луда.Есептеуіш құралдары бойынша сараланған тарифті де халық қолда­май жатыр екен. Нақты бір мысалды агент­тік басшысы айтты.

- Жылу энергиясын есептеудің жал­пыүйлік құралдарын орнату мәселесі - халық үшін көкейтесті мәселелердің
бі­рі болып отыр, - деді осы орайда де­путат Асқар Базарбаев. - Бұл құралдар өте қымбат тұрады, сондықтан халық­тың басым көпшілігі оны монополис­тер орнатуға тиіс деп санайды. Агенттік­тің және сіздің жеке позицияңыз қандай?

ТМРА басшысы ондай құралдарды мо­нополист орнататындығын, бірақ оның құнын тұрғындардан өтеттіріп алатындығын мә­лім­деді. «Қалай болғанда, тұтынушыда тек өз пә­теріндегі есептеуіш қана емес, сондай-ақ жалпыүйлік есептеуіш құралының болуы да міндетті!» деп шарт түйді М.Оспанов. Ол - ол ма, агенттік басшысының ұстанымынша, ол құралды жұмысқа жарамды қалыпта ұстап тұру, ауыстыру және басқа шығындарын да тұтынушы көтеруі керек көрінеді: «Егер үйде орнатылған есептеуіш құралына тұтыну­шы­лардың өздері КСК арқылы жауап бермесе, онда монополистің оны сақтауға, дұрыс эксплуа­тациялауға мүмкіндігі болмайды» деп сойылын соқты.

- Мен тіпті бір мысал келтірейін: 2 жыл­дай бұрын, Петропавлда ма, Павлодарда ма, қазір есімде жоқ, бірақ сол жақта «жылу нор­масының» өте аздығы нәтижесінде, кейбір үй тұрғындары есептеуіш құралдарын орнатқанда, нормаға қарағанда, әлдеқайда көп төлейтін бо­лып шығыпты. Содан тұрғындар бұрынғы­дай, «норма» бойынша төлеу үшін әлгі құрал­дарды өздері істен шығарып отырған. Мұндай мысалдар болды, - деді Табиғи монополия­ларды реттеу агенттігінің басшысы. Ақыры қандай болды дерсіз? Әлгі тұрғындарды жылу монополисіне көп ақша төлеуге алпауыттың өзі емес, Агенттік мәжбүрлі түрде көндіріпті: «Біз есептеуіш құралдарын орнатуға тұтыну­шыны ынталандыру үшін ақыр соңында өткен жылдан бастап, тиісті әдістемені енгіздік, - деді Мұрат Оспанов. - Сөйтіп, ондай есептеуіш құралдары жоқтар енді орташадан да 20 па­й­ыз­ға жоғары төлейтін болады».

Осылайша, монополист үшін есептеуіш құралдары жоқ үйлер әлдеқайда «түсімді» болып отыр. «Бүгінде үйлерінде ендігіжал­пыүйлік есептеуіш құралдары орнатылғандар орташадан 50 пайызға дейін аз төлейді» деген ТМРА төрағасы іле-шала мойындады: «Есеп­теуіш құралдарын қойғандар саны өте аз, бар-жоғы 40 пайыз ғана». Мұрат Оспанов мұндай құралдардың қымбат тұратындығын растады. Осыдан келіп, іс, әрине, ілгерілемейді: тұрғын­дар қымбат болғандықтан, құралды сатып ала алмайды, ал оны орнатуға монополист асық­пайды. Бұл ретте бірқатар қалаулылар ондай құ­ралдың құнын алпауыттың тұтынушыдан өн­діруіне қарсы. «Есептеуіш құралдарына қа­тысты сіздің ұстанымыңызбен мен ке­ліс­­пеймін! - деді депутат Мұхтар Тінікеев. - Біз дү­кенге барғанда, өз таразымызды ала бармай­мыз ғой?» Дүкен өзі таразы орнатып, өлшеп береді. Бірақ қазір қалаулылардың да қылар қайраны жоқ: кезінде өздері бұл норманы заң ретінде қабылдаған.

Халықтан «өндіріп» алған осы қаржыларды монополист құрал-жабдықтарды, құбырларды, басқа да ресурстарды жаңартуға жұмсаса, қуанар едік. Бірақ қаражат тасқыны әлгі ал­пауыттардың басындағы тұлғаларды байытуға кетуде: қосымша баяндама жасаған депутат Сейітсұлтан Әйімбетовтің айтуынша, тек та­риф көтеруден түскен 2,7 миллиард теңгені монополистердің құрылтайшылары бонус түрінде өзара бөліп алыпты.
Тағы бір жайт: шағын елді мекендер тұ­тынушылары келер қыстан қысылып шығуы ғажап емес. «Реттеудің жаңа бір әдісі - қуаты шамалы табиғи монополия субъектілерін «өті­нім беру» кампаниясынан тек «хабарлауға» көшіру» деді ТМРА төрағасы. Бұған дейін бұл монополистер өз тарифтерін қымбаттату үшін өтінім беріп, Агенттіктен сарылып хабарын күтетін. Егер оған бағаны қымбаттатуға рұқ­сат етсе, халық пен ақпарат құралдары шұбырып, Агенттіктен жауап сұрайтын. Енді бұл орган ондай «бас аурудан» құтылғалы отыр.

- Сіздердің «реттеудің жаңа әдістемесі» нәтижесінде аудандық қазандықтар, су арна­лары өз қызметтерінің құнын өз беттерімен бекітеді ғой? Яғни ТМРА-ның келісімін алу қажет болмай қалады. Бұл әрине, кәсіпкер ретінде монополистің мүддесін «түгендеп» бе­реді. Ал халық ше? Жалпы, бұл неғылған жаңа саясат? - деп сұрақты төтесінен қойды депутат Ольга Киколенко.
- Иә, биылғы жылдан бастап біз шағын қуаттылықты монополистердің тарифтерін өз­гертуіне қатысты жаңа әдісті қолдануға кі­рісеміз, - деп нықтады Агенттік төрағасы Мұрат Оспанов. - Олардың саны барлық мо­нополистердің 30 пайыздайын құрайды. Агенттіктің алға тартып отырған дәлел-дәйектемесі:оларда баға көтеру туралы өті­нішті сауатты құрай алатын «сауатты эконо­мистер жоқ». «Оның үстіне олар бекітуі үшін өтінішін Агенттіктің аумақтық департа­менті­не әкелейін десе, тым алыста. Сондықтан біз оларға айтып отырмыз: сендер енді тариф­те­ріңді өз бетте­ріңмен, өздерің-ақ өзгертулеріңе болады!» Бұл ретте ол өзгерістің «өткен жыл­дың инфляциясы мөлшерінде болуға» тиістігін айтты. Яғни биылдан бастап, ауыл, по­сел­ке, аудандардағы су, жылу және басқа мо­но­по­листер «Жаңа жыл» сайын «автоматты түр­де» бағаны ин­фляция көлемінде көтеріп отыруға мүмкіндік алды.

Айхан ШӘРІП

"Айқын" газеті

0 пікір