Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2325 0 пікір 19 Наурыз, 2013 сағат 11:02

Жыл басында «Жұлдызды сәттің» тұсауы кесіледі.

Наурыз айының 23-і күні «Қазақстан» Ұлттық арнасында осындай атпен елімізде бұрын соңды болмаған арнайы мегажобаның тұсауы кесіледі. «Жұлдызды сәт» теледуманы арқылы қалың көрермен еліміздегі қарапайым жандардың таң қаларлық өнеріне куә болып,  тамашалай алады. Наурыз, сәуір айларында жобаның алғашқы іріктеу кезеңдері көрсетіледі. Мамыр, маусым айларында өтетін жартылай финал мен ақтық сынды көрермен тікелей эфирде тамашалайды. Бұл кезде жеңімпаз көрермендер жолдаған  «СМС» дауыс беру арқылы анықталады.

Бас жүлдеге 5 млн теңге тағайындалған. Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай әл-Тарази, Қазақстанның еңбек сіңірген  әртісі Майра Мұхамедқызы және Сидней олимпиадасының  жүлдегері  Ислам Байрамуков бар. Аталған бағдарлама ағылшының  "Britain's Got Talent" жобасы негізінде жасалып отыр. Жоба түрлі атпен әлемнің 40 елінде көрсетілді. Түп негізі Ұлыбританияда жасалған бағдарламаны қазақ жерінде көрсету  құқына Ұлттық арна ие болды.

Шығармашылық топ жобаның тартысқа толы қызу да,  тартымды өтетінін айтып отыр. Себебі республика бойынша өткен іріктеу кезінде өнерпаздардың ең үздіктері ғана таңдап алынды. Кастинг былтыр желтоқсан айының 21-і мен 28-і  аралығында барлық облыс  орталықтарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында  өтті. Оған еліміздің әр өңірінде тұрып жатқан  ерекше өнер иелері қатысты. Бұл жобаға қатысушылардың жас ерекшелігі мен мамандығына шектеу қойылған жоқ.

Бағдарламаның мақсаты - еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген беймәлім дарын иелерін қалың жұртшылыққа таныту.

«Жұлдызды сәт» теледуманы әр сенбіде сағат 21.05 болады. Әр бейсенбі күні жобаның күнделігі көрермен назарына ұсынылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606