Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3468 0 пікір 27 Ақпан, 2013 сағат 10:45

Табыт ұшақ

"ҚАЗА БОЛҒАНДАРДЫҢ ОБАЛ-САУАБЫ ПАРАҚОР ШЕНДIЛЕРДIҢ МОЙНЫНДА"

...Алматыдан Астанаға қатынайтын Airbus жолаушылар ұшағы зiкiр салған бақсыдай дiгiрлеп көкке көтерiле бергенде жанымда отыр­ған орта жастағы кiсi күбiрлеп иманын үйiре бастады: "Я, Раббым! Я, Раббым! Аман-есен жеткiзе гөр! Бiлiп-бiлмей iстеген күнәларымды кеше гөр!..".

"Апыр-ай, ә! Мынау бiр бәленi сезiп отыр ма, қалай өзi?" деп өзiңнен-өзiң ма­заң қашады екен. Жолаушылардың көбiнде түр жоқ. Жете ала­мыз ба, жоқ па деген үрей бар көзде­рiнде.

Ұшақ көкке көтерiлiп, жол жорғаға салғандай қалыпты жүрiске көшкенде белдiктi шешiп жайланып отырып, әлгi кiсiнi сөзге тарт­тым. Бiлдей бiр ми­нистр­­лiкте жауапты қызмет iстейдi екен.

"Әрi-берi жиi ұшамын. Жұмыс бабы солай. Бұрын мұндай фобия (тiзгiнсiз қор­қыныш - Е.Б.) деген бәле жоқ едi бойымда. Қайта-қайта ұшақ құлағалы берi пайда болды. Пойызбен-ақ жүргiм келедi, бiрақ оған уақыт тапшы. Ұшаққа мiн­бес­ке амал жоқ. Мына бiз­дiң ұшақтарға сенбеймiн. Жемқорлық барлық саланы жайлап алды. Әскерилердi опат жасаған Ан-72 ұшағын жөндедiк деп өтiрiк құжат берiптi ғой. Қаза болғандардың обал-сауабы парақор шендiлердiң мойнында...", - деп әлгi кiсi әлдене­нiң ұштығын шығарып қойды.

Ұшақ Астананың әуе­жайы­на қонуға жақындағанда ол қайтадан өзiмен-өзi бола қалып, күбiрлей бастады: "Я, Раббым! Я, Раббым!..".

Өткен жексенбiде бас прокурор Асхат Дауылбаев "КТК" теларнасындағы "Слуги народа" бағдарламасында былай дедi: "Қаң­тар айының соңында ғана бiз қарулы күштер генералдарының арасынан "Укрспецэкспорт" өкiлдерiнен пара алған жа­уапты шендi­лердi ұстадық. Бұл iс әскери әуе техникасын жөндеуге қатысты".

Шымкенттiң маңында ҰҚК шекара қызметiнiң басшылары мiнген ұшақ құлап, 27 шекарашы опат болғаннын кейiн қорғаныс министрлiгiнiң қару-жарақ жөнiндегi бас басқармасының бастығы Алмаз Әсенов тұтқындалған болатын. Оған "200 мың доллар пара алды" деген айып тағылды. Бас прокурордың сөзi­не қарағанда, тұтқындаулардың соңы бұл емес.

Бұдан шығатын қорытынды не? Әлдекiмдер авиация саласын майшелпекке айналдырып алған. Мейлi, ол азаматтық авиация болсын, мей­лi әскери авиация болсын. Бұған дәлел Алматы әуежа­йы­на жетпей құлап қалған жолаушылар ұшағы. Осындайды құлақ естiп, көз көрген соң ұшаққа отырғанда қалай қорықпайсың?!

Осыдан кейiн "опат бол­ғандардың обал-сауабы әуе кемесiн "табыт ұшақ­қа" айналдырған парақор шендi­лер­дiң мойнында" демегенде не деймiз?..

Е.Биеке.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір