Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3003 0 пікір 27 Ақпан, 2013 сағат 10:43

Әміржан Қосанов. 7,33 пайыздық тәуелсiздiк

Осы жұрт әлi де Кеден одағының (КО) ел өмiрiне келтiрiп жат­қан әрi одан кейiн де келтiрер кесiрi мен залалын түсiнбей жатқан сияқты. Ел түсiнсiн, осы одақтың ел үшiн, экономикамыз үшiн, бюдже­тi­мiз үшiн бiрнеше қаупi бар.

Бiрiншiсi мынау.

КО мүшелерiнiң арасындағы кеден төлемдерiн өзара бөлiсу шартына сәйкес Ресей оның 87,97 пайызын иелендi. Қазақстанға 7,33 пайыз бе­рiлген. КО шекара аумағы мен транзиттiк жағдайын ескерсек, осыншама соманың басым бөлiгiне ие көршiмiздiң ұпайы түгел екенiн бiлiп қойыңыз! Әрине, "Беларусьтiң өзi 4,7 пайызына ие ғой" деп дауласатындар да табылар. Бiрақ ол елдiң жөнi бөлек: Ресей оған өзiнiң мұнайы мен газын жеңiлдiкпен берiп жатыр, басқа да туыс­қандық жағдай жасауда. Қазақстанға дегенде ондай емеурiн сезiл­мейдi. Оның үстiне өз басым Ресей тарапынан КО идеясын бастауды басқа емес, мүмкiндiгi мол Қазақстан мен Қытай шекарасындағы кеден төлем­дерiне қол жеткiзу деп бiлемiн! Ке­дендiк Клондайк! Бұрын бiз жинаған орасан мол төлемдер ендi "ортақ", яғни Мәс­кеудiң қалтасына кетедi. Бiзге 7,33 пайызы қалады.

Ақорда келiсiп отыр оған, мен, салық төлеушi ретiнде келiсе алмаймын!

Екiншi түйткiл - төбеден: ол ұлттық деңгейден жоғары тұрған КО комис­сия­сына тiреледi. Яғни, ендiгi жерде кеден (қала бердi, экономиканың басқа да маңызды) мәселелерiн Қазақстан басыбайлы өзi емес, Ресей мен Бела­русьтiң мүдделерiне қарайлап шешетiн болады.

Бiр нәрсенi анық түсiнуiмiз керек: достық пен әрiптестiк туралы жалпылама сөздердiң ар жағында мiндеттi түрде "ұлттық мүдде" деген дүние бар. Осы комиссияға кiрген шенеунiктер (ал оның басшысы тағы да сол ресейлiк вице-премьер Шувалов) ең алдымен өз елiнiң мүддесiн алға тартатынын бiлуiмiз керек.

Үшiншi мәселе отандық тауар өндiру­шi­­лер­ге қатысты. Оппозицияны айтпағанда, елiмiздiң шағын және орта бизнесi, билiктiң қабағына қараса да, КО идеясына ашықтан-ашық қарсы шығып отыр емес пе?! Экономикалық деректерге қарасақ, КО тауар өндiретiн кәсiпкерлерге таза зиян да, трансұлттық компанияларға - пайда.

Мәселен, "жанармай бағасын КО дең­гейi­не жеткiзбесек, болмайды!" деген үкiметiмiздiң "уәжiн" қайтесiз! Қазақстанды мұнайы мен газы жоқ Беларусьпен қатар қоюға болмайды ғой! Ресейдiң өзiнде қазiр оның бiр литрi бiр доллар екенiн ескерсек, ертең бензин 150 теңгеден сатылса, бiздiң билiктiң бетi бүлк етпес.

Алда Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру мақсаты тұр. Ол ұйымның шарттары белгiлi. Оған бiздiң шағын және орта бизнес, әсiресе, ауылшаруашылығы дайын емес екенi бесенеден белгiлi. Ресей ДСҰ қатарына кiрiп кеттi. Соның өзiнде ол әлi де осы ұйыммен тiл табыса алмай жатыр: тиiстi құ­жаттарға қол қойса да, оларды орындаудан ау­лақ, мәселен, сол ауыл шаруашылығына дотация беру жағынан.

Ертең осы проблема Қазақстанның да басына түспейдi деп кiм айта алады?

Төртiншi мәселенiң геосаяси сипаты бар. Жасыратын ешнәрсе жоқ: бүгiнде iшкi өмiрде орасан қателiктерге жол берiп, мемлекеттiк капитализм құрудың ең сорақы - олигархтық әдi­сiнен нәтиже шығара алмаған Путин ендiгi жерде сыртқы аренада "собиратель земли российской", яғни бұрынғы ресей табанының астында болған империяны қайта жандандыру идеясын жү­зеге асырмақшы. Сол арқылы келесi сайлауда өз халқының дауысын жинап алмақшы.

Осы үлкен ойынның бiр ғана бөлшегi болғанымызға да ренжитiн ретiмiз бар ғой, тiптi! Оның үстiне Кремль КО одан сайын кеңейту ойы бар екенiн ашық айтып жатыр. Мәселен, Ресеймен ортақ шекарасы жоқ Молдованың жағдайын алайық. Кре­мль осы тәуелсiз елдi газға 30 пайыздық жеңiлдiк беру арқылы Кеден одағының құрамына шақыруының өзi не тұрады. Саяси-экономикалық бопса емес пе? Қазiрдiң өзiнде Молдованың кейбiр пар­тиялары Кеден одағына енуге қарсы референдум өткiзу идеясын көтерiп жатыр. Бұл да бiр ес­керiп қоятын жайт.

Осынау формада бi­рiгу ойы Ақорданың да түпкi ойына сәйкес болуы мүмкiн. Алда барша жұрт асыға күткен постназарбаев кезеңi тұр. Ол межеге президент қалай жет­пекшi? Өз мұрагерiн ер­тең ел сыртында кiмдер қолдау керек? Сол қолдауды ол Кремльге тапсырып қойған жоқ па? Мiне, КО идеясының түпкiлiктi себебiн осыдан iздей берiңiз...

КО тек қана кедендiк төлеммен шектелмейдi, оның артында Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк және Еуразиялық одақ жобасы тұр. КО солардың экономикалық iрге­тасы iспеттес.

Осы жобада орнымыз қандай болмақ? Тәуел­сiздiгiмiзге қаншалықты нұқсан келедi? Ертең Ре­сейдiң қолбаласы боп қалмаймыз ба?

Атам қазақтың бiр мәтелiн жиi айтамыз: "қа­ра қытай қаптағанда са­ры орыс әкеңдей көрiнер" деген. Аталарымыз сол сары орыстың қытайдан да қу болып, әлжуаз басшыларымызға КО идеясын тықпалап, өткiзе алатынын бiлмедi-ау осы...

Мiне, осы сауал төңi­регiнде баршамыз ойланатын кез келдi.

Күнде әрбiр қазақ Тә­уелсiздiгiмiздiң тағдыры не болатынын бiр сәт еске алып, оның өзiне де қатысты екенiн сезiнуi керек-ақ.

Әміржан Қосанов

"Жас Алаш" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499