Жұма, 18 Қазан 2019
Жаңалықтар 1400 0 пікір 27 Ақпан, 2013 сағат 10:20

Аңшылық архаизмге айналып кеткен жоқ па?

Саятшылық - бабамыздан қалған атакәсіп. Жаңа жау­ған қардан кейін таң қылаң бере атын ерттеп, тазысын ертіп, садағын асынып, бүркітін қолына ұстаған күйі аңға шығып кететін аталарымыз ауылға мол олжамен оралатын. Өкінішке қарай, бүгінде саятшылық сөзі архаизмге айналып кеткен сияқты. Әдеби шығармалардан ғана кездестіресің. Ал аңға шығуды «охотаға» алмастырып алдық. «Джипке» отырасың да, мылтық немесе автоматпен қалаған аңыңды атып аласың. Иә, осындайда тек «Сонар» секілді құсбегілер додалары ғана бабамыздан қалған асыл мұраны сақтап қалып отырғандай көрінетіні жасырын емес.

Бүркітшілер:

1. Өмірхан Бәйетбай (Алматы облысы) - 100 мың теңге

2. Елтай Мүптекеев (Алматы облысы) - 70 мың теңге

3. Ермұхан Бәйетбай (Алматы облысы) - 50 мың теңге

4. Жасұлан Бүркітбай (Алматы облысы) - 30 мың теңге

5. Қуаныш Исабеков (Алматы облысы) - 25 мың теңге

Қаршыға:

1. Бауыржан Ғазизхан (Жамбыл облысы) - 30 мың теңге

2. Ермек Иманзайып (Павлодар облысы) - 25 мың теңге

3. Әділ Шәлімбетов (Жамбыл облысы) - 15 мың теңге

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып ке­ле жатқан «Сонар» құсбегілер дода­сы биыл Ал­маты облысының Еңбекші­қазақ ауда­нын­дағы Нұра ауылының шетіндегі Илан­тау тауының баура­йын­да өтті. Астана қа­ла­сы, Павлодар, Ақ­мо­ла, Атырау, Жам­был, Алматы об­лыс­тарының құсбегілері кел­ген екен. Барлығы 39 бүркіт, санадық. Қаршыға ұстаған үш балақай да өзара ше­берді анықтады. Бірінші күні регламент бо­йынша құсбегілер бүркіттерімен «сыр­ласу» сынынан өтті. Яғни бүркітін ша­қы­ру, оны­мен қарым-қатынасы баға­лан­ды. Сон­дай-ақ құсбегілердің киім ки­іс­теріне де мән бе­ріл­ді. Нәтижесінде, ір­іктелгендер ке­лесі кезеңге шығып, ер­теңінде құстарын қоянға салды. Ал одан үздік шыққан 10 құс­бегі бүр­кіт­те­рін түлкіге салды. Нәти­же­сінде, құй­ры­ғын бұлғаңдата қашқан түлкіге құл­ди­лай ұшып келіп, тырп еткізбей ұстаған «Ай­тұяқ» атты бүркіт бас жүлдені же­ңіп алды.

Жалпы, құсбегілер арасындағы «Сонар - 2013» додасы биыл да әдет­тегідей қы­зық­ты өтті. Тіпті, Қытай, Түр­кия, Германия, АҚШ-тан арнайы ке­ліп, қазақтың атакәсі­бін тамашалап жүр­ген туристердің де қа­ра­сы көп. Ара­ларында журналистер де же­терлік. Бәрі де бүркіттермен суретке тү­сіп, құс­бегілердің киімдеріне тамсанып жүр. Мүмкіндікті пайдаланып, осы доданы ұйымдастырған «Қыран федерациясы­ның» атқарушы директоры Бағдат Мүп­те­ке­қы­зы­мен әңгімелесіп, бір бүр­кітті баптау үшін жылына қанша ақша керектігі жайлы сұрадық.

- Мемлекетіміздің көк туында не­лік­тен қалықтаған қыран тұр деп ой­лайсыз?! Өйткені бүркіт еркіндікті сү­йе­ді. Қанша жерден ғалым болсаң да, бұл құсты қолдан көбейте алмайсың. Сон­дықтан балапан кезінен ұядан алып, солай өсіреміз. Баптаудың да маша­қаты ауыр. Зор күтімді қажет ете­ді. Бір бүркітті баптау үшін жылына 1 мил­лион теңгеге жуық қаржы керек, - деді Бағдат Мүптекеқызы.

Мәселе осы жерден шығады ғой. Биылғы «Сонар» додасында бас жүл­де­ге 100 мың теңге сыйақы берілді. 2-орын иегері жан қалтасына 70 мың тең­гені басты. Үздік үштікке енген құс­бегі 50 мың теңгені санап алды. 4-ор­ын­ға 30 мың теңге берілсе, 5-орын иегері 25 мың теңгені қанағат қылды. Енді есептеп көрелікші. Жылына 1 мил­лион теңгені қажет ететін қыран құс­тың иесі 25 мың теңгені қай жыр­ты­ғы­на жұмсамақ? Әлбетте, бұл жер­де ұй­ым­дастырушыларды да кінәлай ал­май­мыз. «Қыран федерациясының» халі белгілі. Шалқып жүрген жоқ. Ақ­ша­ны да Үкіметтен алатыны түсінікті. Бі­рақ Бағ­дат Мүптекеқызының айту­ын­ша, құс­бегілікке мемлекет тарапы­нан жөн­ді көңіл бөлінбей отырған көрінеді.

- Оны айтасыз, бізге миллион тұр­мақ, жүз теңге де бөлінбей отыр. Тек Ұлттық спорт түрлерінің жанынан бір бөлім ашып қойған. Бітті. Басқа жасап жат­қан жақсылықтары жоқ, - деп ағы­нан жарылды атқарушы директор.

Жалпы, бүгінде республика бо­йын­ша бір-ақ құсбегілер мектебі бар. Ең­бек­шіқазақ ауданының Нұра ауы­лын­да орналасқан. Саятшылыққа қы­зық­қандар осында жаттығып, қыран құс­тарды да осы жерде баптайды. Илан­тау бөктері бүркітшілердің жат­ты­ғуы үшін таптырмас жер. Түлкі, қар­сақ, қояндарың мұнда жетерлік. Бірақ жойылып кетудің сәл-ақ алдында тұр­ған көрінеді. Құсбегілердің емес, әлгі жер­дің қойнауына қызыққан «ХЭМКО» ЖШС-нің кесірінен. Бағдат Мүп­теке­қызының айтуынша, Қазақ­стан­дағы Әзір­байжан диаспорасының төрағасы Әбілфайыс Хамедов басқа­ра­тын әлгі ЖШС өткен жылдың сәуір айынан бері Илантаудан карьер қа­зып, тас өнімде­рінің үш түрін өндіру­мен заңсыз табыс тауып келеді екен.

- Өз жерімізге өзіміз ие бола ал­май жүрміз. Арызданбаған жеріміз жоқ. Аудандық прокуратура, облыс­тық әкімшілік - барлығы да бұдан ха­бар­дар. Бірақ ешқайсысы да көмек­тесе алмай отыр. Олардың әрекеттері заңсыз екендік­терін біле тұра, еш шара қолданар емес. Егер бүйте бер­сек, қояндарымыз қырылып, түлкілер жойылып, ең қа­уіптісі - «Қызыл кітап­қа» енген илан өсім­дігі құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Журналистер де келді. Бірақ бір-бірлеп келгендіктен, олар­дан да қо­рық­пай, сес көрсетіп, қуып шығып жа­тыр, - деп шарасыздық біл­дірді Бағ­дат Мүптекеқызы.

Жақын уақытта Алматының жур­налистері топ болып Илантауға қайта барып, заңсыз қазылған карьераны өз көздерімен көріп қайтпақшы.

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір