Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3450 0 пікір 27 Ақпан, 2013 сағат 07:05

Қытайлар отшашу ойнының жаңа түрін тапты

«Есітімеген елде көп» деген - осы: хансу халқының «таппайтыны» жоқ-ау. Олар таяуда бір мерекені (шамасы, қытайлардың ұлттық дәстүрлі мерекелерінің бірі болса керек) иттердің тұмсығына отшашу жасайтын торсылдақтарды тығып ойнапты. Итттердің тұмсығына «кигізілген» торсылдақтар тарс етіп жарылғанда мерекеге қатысқан қытайдың кәрі-жасы қатты сүйсініп, дабыраласа қуанып,  жан ләззатына бөленген көрінеді. Несі бар, ұлттық мерекелерді осылай да атап өтуге болады. Тұтас бір ұлт, ұлт болғанда бір жарым миллиардқа жуық халықтың дабырласып, шаттана қуанғанына не жетсін: мейлі, иттің жарылғыш торсылдақтан мұрыны ұшып кетер, бәлкім езуі тілініп қалатын шығар. Онда тұрған дәнеңе де жоқ. Оның үстіне осындай отшашар ойындарды қытайлар қатты жақсы көреді.  Әйгілі Мао Цзэдун отшашулар шығаратын торсылдақтарға  қарап жатып дүниеден қайтқан болатын.

Тегінде  жұңго елі өзінің бай мәдениеті мен тарихына берік халық. Хансу тілінде төрт диалект бар. Бірақ олар  қытай иреоглифі арқылы тез түсінісе қояды. Қытай бүгінде экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Аталған мемлекеттің қазіргі территориясында 1,5 миллион этникалық қазақ тұрады.

Abai.kz

0 пікір