Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2986 0 пікір 27 Ақпан, 2013 сағат 05:55

Рейтинг.kz: қатерлердің алдын алуға арналған шаралар өте қажет

Рейтинг.kz зерттеу орталығы «Қазақстан-2050» Стратегиясына қатысты шаралардың саяси топтамасына байланысты маңыздыларын анықтады. Маңызды болғанымен де атқарылуы қиын мәселелер де бар. Соның бірі Үштілділікті ынталандыруға бағытталған шараларды жасау (3,38) дейді Рейтинг.kz зерттеу орталығының респонденттері

Сонымен, аталған зерттеу орталығының мәліметіне сүйенсек,  «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы саяси шаралардың жетеуі ең өзекті деп танылды. Олар:

Рейтинг.kz зерттеу орталығы «Қазақстан-2050» Стратегиясына қатысты шаралардың саяси топтамасына байланысты маңыздыларын анықтады. Маңызды болғанымен де атқарылуы қиын мәселелер де бар. Соның бірі Үштілділікті ынталандыруға бағытталған шараларды жасау (3,38) дейді Рейтинг.kz зерттеу орталығының респонденттері

Сонымен, аталған зерттеу орталығының мәліметіне сүйенсек,  «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы саяси шаралардың жетеуі ең өзекті деп танылды. Олар:

  • Әлеуметтік, этностық және діни шиеленістер мен қақтығыстарды еңсерудің жаңа сенімді механизмдерін жасау (6,26)
  • Жекеменшік құқығы, шарттық міндеттемелерді қорғауға кепілдік беру мен оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы заңды қабылдау (6,23)
  • Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындау (6,14)
  • Шекара қызметін дамытудың және мемлекеттік шекараны орта мерзімді кезеңде орнықтырудың арнайы Кешенді жоспарын әзірлеу (6,03)
  • Жергілікті жерлердегі билік органдарының тиісті өкілеттіктерін нығайтуды көздейтін жауапкершілік және өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде заңды қабылдау (5,97)
  • Жергілікті басқаруды дамыту мәселелері, соның ішінде ауыл әкімдерінің сайланбалылығы туралы Заңды қабылдау (5,91)
  • Жемқорлықты құбылыс ретінде алдын алу мен жою үшін жемқорлықпен күресті қылмыстық жауапкершілікпен күшейту арқылы жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру (5,91)

Көріп отырғанымыздай, шаралардың ішіндегі айқындалған жетеуі ұлттық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл 2011-2012жж.  Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін қауіп-қатерлер факторымен байланысты жайттарды аңғартса керек. Сондықтан қоғам мен мемлекет үшін аталған қатерлердің алдын алуға арналған шаралар өте қажет.

Шекара қызметін дамытудың және мемлекеттік шекараны орта мерзімді кезеңде орнықтырудың арнайы Кешенді жоспары өткен жылы шекара әскерінде орын алған қайғылы оқиғаларға («Арқанкерген» шекара бекетіндегі жеке құрамның жоюлуынан бастап әуе апаттының салдарынан шекара әскерінің басшылық құрамының қаза болуына дейін) ел басшылығының тарапынан күтілген жауап болып табылмақ.

Дейтұрғанмен, респонденттердің бағалауы бойынша өзектіліктің ең жоғарғы деңгейі  «Қазақстан-2050» Стратегиясының саяси топтамасындағы шаралардың сәтті жүзеге асуына кепіл бола алмайды. Солардың көбісі екінші өлшемге сәйкес орташадан төмен (4 балл) екені байқалады. Тек ҚР ҰҚК Шекара қызметін күшейту мен нығайту (4,4 балл) және діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындау (4,2 балл) шаралары сәтті жүзеге асады деп сенуге болады.

Респонденттердің бағалауы бойынша сәтті орындалудың төменгі деңгейіне мынадай шаралар орналасты:

  • Жалпыұлттық дүниетанымдық құндылықтар мен қазақстандық бірегейлікті нығайтуда ұлттық интеллигенцияның рөлін арттыру (2,97)
  • Аймақтағы тартысты жағдайдың алғышарттарын жою мақсатында прагматикалық принциптерге негізделген аймақішілік бірігу арқылы аймақтық қауіпсіздікті (оның ішінде Орталық Азия) нығайту механизмдерін жетілдіру (3,09)
  • Ауғанстан мәселесін тезірек саяси реттеуге және қайта қалпына келтіру үрдісіне қатысу (3,26)
  • Үштілділікті ынталандыруға бағытталған шараларды жасау (3,38)
  • Жекеменшік құқығы, шарттық міндеттемелерді қорғауға кепілдік беру мен оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы Заңды қабылдау (3,4)
  • Қазақстан азаматтарын құқықтық қорғауды, олардың шетелдердегі жеке, отбасылық, іскерлік мүдделерін қорғауды күшейту (3,43)
  • Жемқорлықты құбылыс ретінде алдын алу мен жою үшін жемқорлықпен күресті қылмыстық жауапкершілікпен күшейту арқылы жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру (3,47)
  • Әлеуметтік, этностық және діни шиеленістер мен қақтығыстарды еңсерудің жаңа сенімді механизмдерін жасау (3,51)
  • Этностық ерекшеліктеріне байланысты дискриминацияға ұшырамауы үшін әкімшілік заңнаманың тиімділігін арттыру (3,51)
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттіктерін күшейту (3,53)
  • Қазақ тілін дәріптеу мен оны жаңғыртуға бағытталған, оның ішінде терминологиялық жұмысты жетілдіру арқылы кешенді шараларды жүзеге асыру (3,54)

Алдағы уақытта «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі «Қазақстан-2050» Стратегиясына қатысты шаралардың әлеуметтік және экономикалық топтамасының рейтингісін назарға ұсынады.

Abai.kz

0 пікір