Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4839 0 пікір 26 Ақпан, 2013 сағат 07:28

Салауат Кәрім. Қазіргі поэзия: «Сол – Бiр - Адам... Сол – Адам»

Обалы не керек, қазақ поэзиясы парасаты биік, сыналған, қай жағынан болмасын дәстүрі бар, дәстүрлі поэзия. Рухы биік поэзия. Ол - Махамбет, Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Қасым, Жұмекен, Мұқағали...   Рухының биіктігі соншалықты,  не қорқуды, не сескенуді, не жалтақтауды білмейтін поэзия, арлы, абыройын сақтап өткен, ұяты бар, нағыз азаматтық поэзия. Өлмейтін, өлімді жеңген поэзия.

Махамбет қылышын сермеп: «Хан емессің қасқырсың, қас албасты басқырсың» десе, Абай: «Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын?!» деп екеуі де іштегі ақиқаттарын мәңгіге жайып салды. Бүгінде шексіз қайталауға болады. Д.Байрон үш революцияға қатысқан ақын,  бірақ жоғарыдағыдай  бір жерде айтқанын  оқығаным  жоқ, А.Пушкинде, Р.Бернсте де сол, оларда да жоқ емес, болмыстарына қарай өздернікі бар, бірақ біздікіндей емес. Біздікі бәрінен ерекше, бөлек. Олардың да  соры бар, бірақ біздің сорымыз екі елі. Ғасырлар бойы солай, қазір де солай ..
Талантты ақын Темірхан Медетбек  осыдан он жыл  (2002 жылы) бұрын:
Дәл қазір
Жерім де ауру,
Елім де ару

Көктем мен жаз
Жерімді
Жасыл көрпемен
Жауып қояды.
Айығып кетер ме екен?!
- дейді.

Обалы не керек, қазақ поэзиясы парасаты биік, сыналған, қай жағынан болмасын дәстүрі бар, дәстүрлі поэзия. Рухы биік поэзия. Ол - Махамбет, Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Қасым, Жұмекен, Мұқағали...   Рухының биіктігі соншалықты,  не қорқуды, не сескенуді, не жалтақтауды білмейтін поэзия, арлы, абыройын сақтап өткен, ұяты бар, нағыз азаматтық поэзия. Өлмейтін, өлімді жеңген поэзия.

Махамбет қылышын сермеп: «Хан емессің қасқырсың, қас албасты басқырсың» десе, Абай: «Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын?!» деп екеуі де іштегі ақиқаттарын мәңгіге жайып салды. Бүгінде шексіз қайталауға болады. Д.Байрон үш революцияға қатысқан ақын,  бірақ жоғарыдағыдай  бір жерде айтқанын  оқығаным  жоқ, А.Пушкинде, Р.Бернсте де сол, оларда да жоқ емес, болмыстарына қарай өздернікі бар, бірақ біздікіндей емес. Біздікі бәрінен ерекше, бөлек. Олардың да  соры бар, бірақ біздің сорымыз екі елі. Ғасырлар бойы солай, қазір де солай ..
Талантты ақын Темірхан Медетбек  осыдан он жыл  (2002 жылы) бұрын:
Дәл қазір
Жерім де ауру,
Елім де ару

Көктем мен жаз
Жерімді
Жасыл көрпемен
Жауып қояды.
Айығып кетер ме екен?!
- дейді.

Ата бабаларымыз осыншама  кең байтақ жер мен елді келешек  ұрпағына  шекарасын шегелеп кетті. Бұл ешкімнің  талқылайтын мәселесі емес.  Жаһандық әлемде солай түсінеді, ғасырлар барысында жер әлем солай бөлінді. Жаратқан ием, Алланың бергені..... Нүкте!  Жеріміздің кеңдігі де, өткен ғасырлардағы  елдігімізде осы күйде оңайлықпен келе қойған жоқ. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың біртұтас қан бірлігінің, жан бірлігінің жемісі, сол күйде  жетті.  Сөйткен жерім де, елім де  көптен бері ауру.... Темірхан тағы бір он жылдан (2012 жылы ) кейін, «Осылай  кете берсек...» өлеңінде:

Осылай кете берсек...
Ойласам,
Өзегiм өртенiп,
Жаным тұншығып,
Демiм алқынады.
Осылай кете берсек -
Ойдағы суат тартылып,
Бойдағы қуат сарқылады...

Осылай кете берсек -
Түптiң түбiнде
Не болып,
Не қоярын -
Кәмiл бiлемiз:
Киiм таңдамайтын
Диуанадай,
Тиын талғамайтын
Қайыршыдай
Өмiр сүремiз.

Ғабит Мүсірепов: «Қазақ деген бостандық, азаттық сүйетін, даланы,  таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Бұл кезінде ол бұзылмаған ел  (бұзыла білмейтін ел емес, бір бұзылса аяқ қолын жинай алмай кетуі де мүмкін).... Отаршыл билік төрелері үркіте келгенде, қазақ не айла  етерін біле алмай, абыржып қалады да, барлық адамгершілік табиғатынан жаңылады» деп, «Қойын дәптерінде» (Ғабит Мүсірепов . Жинақтары, 1970 жыл.) жазады.

Иә, бүгінде қоғамға да және адамға да  көзге көрінетін анық құбылыс  - қоғамның,адамның, қазақтың адамгершілігінен  жаңылып, айырылып бара жатқаны, елдің рухани азу басындағы  жағдайы. Түзелмейтін ахуал, «аяқ қолымызды жинай алмайтын» кезең алдында тұрғанымыз. Өкінішке орай тарихтан бір түйір сабақ  алмадық. Бұған тікелей кінәлі - өзіміз. Ақ пен қараны айыра алмай, парықсыз кеткен өзіміз.  Ұнасын, ұнамасын, шындық сол.

Елдің  қай түкпіріне, қай шалғайына  бар ма - сол қазақ. Жаны бір, пейілі бір, көңілі  бір, тілі бір, уайымы  бір қазақ. Ал қазір   қапыда қалып, ой үстінде  жүрген  қазақ, дана Абай  айтқандай,  енді өз елінің  артын бағып: «Артының қайырын берсін!» деп отырған қазақ. Өзінің билік  төрелерінен үркіп,  ішінен тынып, тұншығып жүрген қазақ. Тіршілігін оңалта  алмай жүрген ел:  

Ал елiм
Үзiлiп кетердей боп
Жан бағуда.
Бастарын
Бiрде тасқа,
Бiрде тауға соғып
Сандалуда,
Зар қағуда.
Мұнымен iсi жоқ
Бақа бас,
Ешкi сирақтылар
Бiреуi маңырап,
Бiреуi бақылдап,
Бiзде ғажап.. деп
Миымызды шағып
Жар салуда.

Тағы бір талантты, азамат ақын  Иран - Ғайып:
Топ -
Топалаң...
Сыйық бұзар -
Сыңайсыз!
Қапыл -
Қоғам:
Қасiреттi -
Райсыз,
Енжар,
Езгiн!
Билiкте:
Пақыр-Надан -
"Құдай"!
Несiн -
Сұрайсыз?!

Билік туралы жиі айтамыз, кейбіріміз мақтап, сиынып жатамыз, кейбірімз  оны сынап, жерден алып, жерге салып жатамыз. Әр ғасырда, әр кезде солай болды, әркімнің өз құқы.

Биліктің табиғаты ғасырлар бойы танылып келді.  Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (ғ.с) бастап, оның ілімін жалғастырушылары, шығыс даналары, Европа еркін ойшылдарының көзқарастарымен толықсып, өткен соңғы екі ғасырдың ішінде демократиялық  мемлекет қайраткерлерінің пікірлері қалыптасып, жаһан әлемде ашық, әділ (демократиялық) билік сатыларынан өтті, негіздері қаланды, демократиялық жолмен келе жатқан халықтар да, елдер де аз емес, бүкіл Америка, Европа, кейбір Азия солай  өмір сүріп келеді. Бұл әрине, бөлек әңгіме.

Шығыс даналығы билікке үлкен талаптар қоя білді, бұл жөніндегі ұлы ойшылдардың ғылыми еңбектері мен қағидаларларындағы қанатты сөздерінен анық көрінеді. Ю.Баласұғни «Құтты білік» билікке қатысты еңбегінде: «Ей патшам, көр елдің күнін ерікті, тура жүрсең өмір болар көрікті, барлық істі адал қолдан өткізіп, кісілік қыл шындығына жеткізіп», «Әлем билеу үшін зерде - тірек қой, ел билеуге керек- ақыл, жүрек, ой» дейді,  философ Рәшид әд дин: «Өз жүрегін тазарта білген патша бүкіл елді ұры-қарыдан қорғай біледі», атақты тарихшы Қадыр әлі Жалаири : «Патшаның патшалығы - халқының  арқасында», ұлы ақын Әлишер Науаи: «Өлетінін ойламаған патшаның елі ойран болады», «өз ісінің ақырын ойламаған патша -еліне сор», ал дана Құтып:  «Ел байлығы  патша ниетіне байланысты» дейді, ал софылық негізді қалаушылардың бірі Әл Хамит-әл  Ғазали өзінің атақты «Билеушілерге нақыл» еңбегінде : «Елдер мен ұлттарды билейтін патшалар мен сұлтандар, сендерге берілген билік Жаратқан ием, Алланың сыйы ғана - құдыретіңді халқыңның игілігіне арна, ізгілікке баста» деп жазып кетті.

Билік әрқашанда халық мүддесіне  қызмет етуге тиісті, өйткені ол - оның басты міндеті. Халық мүддесінен шықпаған билік кетуі керек, жолды басқаға беруі жөн. Бұл әлемдік тәжірибе  үлгілері, бізде соған үйренуіміз керек және сақтауымыз керек. Өйткені мүдде және мақсат  біреу -   халықты, ұлтты  әрмен қарай  қарай дамыту. Ал біздің билік :
Сол -
Бiр-Адам...
Сол -
Бiр-Адам...
Сол -
Адам:
"Большой Аул" -
Iрге-Тасын қалаған...
...Сыбайласып -
Жең ұшынан жалғасып,
Елдiң -
Хұқын,
Жердiң -
Құтын тонаған!

Ел билігінің  мәселесі түбінде  алдымыздан шығатын мәселе. Өйткені ашық және әділ, адал (демократиялық) сипаттағы,  әлеуметтік қазақ мемлекетін құру және оның мақсат мүддесіне  қызмет ететін  билік мәселесі  келешектің мәселесі емес, ертең-ақ туындауы мүмкін. Оны бүгін ойлағанымыз  жөн. Бұл мәселе де тек қана бір мүделлі  бар  - ол қазақ, қазақ халқы. Басқаның мәселесі емес.
Рухани -
Аштан қатқандығым:
Билiктiң -
Мешкей-Тоқтығынан!
Үнсiз -
Бұғып жатқандығым:
Амалымның -
Жоқтығынан...

Әлемдік жаһандық жүйе - біреудің біреуге ашық әскери, не экономикалық экспанция жасайтын заман емес, ойын тәртібі солай, әркім өз күнін экономикалық тұрғыда, қабылетіне қарай, халқымен санасып отырған Америка, Европа және Азия. Біреудің мәселесі біреуге қажеті жоқ. Өздерінің мәселелері шаш-етектен, тек биліктің жалтақтай қарайтын Ресейде, қорқып қарайтын Қытайда бұғып жатқаны осылардың билігі (мемлекеті) қашан жаңылар екені. Бәрі де сол билікке  байланысты. Қауіпті!
Билік осыдан жиырма екі жыл бұрын жаңылды, содан бері: жердің қазба байлықтарын ысыраптаумен, әлемдік қабылетті өндіріс пен шикізатты   импорттаумен, идеядан  идеяға, реформадан реформаға секірумен орта жолда шашылып, ұлттың табиғи  болмысына, санасы мен тұрмысын ескермей, дамудың, эволюциялық сипатынан тыс біреудің алдындамыз, елудің ішіндеміз, отыздың  артындамыз деген  бос мылжыңмен, өзіне шексіз мадақ пен  өзін  өзі алдаумен келеді. Өкінішке қарай,үміт ақталмады.

Алдамшы мүделлер мен алданыштар, түкке тұрмайтын жетістіктер. Одан қазақтың көріп жатқан қызығы шамалы. Күйін жақсарта алмай жүрген:                  
Көрбақпыз -
Бiз...
Мазақтаңыз,
Мақтаңыз,
Малғұн-Кейiп -
Мәңгүрттенген
шақтамыз:
Иен-Байлықтан -
Iшке кiрген түк "iз" жоқ,
Кiлең -
Үптеп...
Сыртқа кетiп
жатқан "iз"...

Шыдамның да,  төзімнің де шегі бар.  Ол қазақтың ақылы, парасаты, сабырлығы. Онысы елінің қамы,  жиырма екі жыл бұрын  бағына  қонған  басының еркіндігі  мен  қазіргі мемлекет қамы. Қазақтың сақтығынан туған сабырлығы, түсінгендігі...  Қазақ бұғып, үндемей шыдап, түсініп төзіп  келеді. Бірақ бұны түсініп отырған билік жоқ. Түсінбей отыр, түсінбей келеді.

Қазақтың елі, қазақтың жері және тілі деген ұғымдар өте қымбат және қасиетті ұғымдар. Жан беретін, қан ағызатын ұғымдар. Аталған ұғымдарды керегі жоқ ұсақ, тіршілік қаракеттеріне, алдамшы мүделлер мен алданыштарға, түкке тұрмайтын жетістіктерге алмастыруға болмайды.

Тәуелсіздік -  бір адамның, жүз адамның, мың адамның емес, миллионның да емес, тұтас бір халық  ұрпағының ғасырлар бойғы және бүгінгісінің арманы, келешегінің ғұмыры.

Билік - биліктің  мәні мен  мақсатын   ең басынан, 1991 жылдан бастап  түсінген жоқ. Солай кетті..., енді түсінер ме екен?  Енді түсінсе, қашан түсінер екен?!
Abai.kz

0 пікір