Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3491 0 пікір 25 Ақпан, 2013 сағат 11:30

Интерент-конференция: Дүйсен Қасейінов (жалғасы)

Интернет-конференциямыздың кезекті қонағы «ТҮРКСОЙ» Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының төрағасы Дүйсен Қасейінов оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға жалғасы жауап беріп отыр.

Дүйсен  Қорабайұлы «Қазақ тіліне жойылу қаупі төніп тұрған жоқ па?» деген сауалға жауап бере келіп: «Ал қазақ тілінде, меніңше, жойылу қаупі емес, кедейлену, нәрі қашу, жұпыны тілге айналу, қарабайырлану қаупі бар сияқты. Дәл қазір қоғамымызда марқұм Ақселеу Cейдімбек, Рымғали Нұрғалиев ағаларымыздай жатық ойын саралай алатын ғалымдар, кешегіТөлеген мен Мұқағалидай жаныңды баурап алатын ақындар көп пе? Тіл жойылмау үшін ең әуелі мемлекеттілігіміз сақталуы тиіс. Алып империялардың бірінің қолтығына біржола кіріп кетсек, баяғы қалпымызға қайта келуіміз әбден ықтимал», деп ой түйіндейді.

 

- Құрметті Дәке,сізге сұрағым ,осы Түркі әлемінде жақындасып-татуласатын насихаттау жайлы студенттерге лекция оқу орындарында оқыла ма?

- Оны оқу орындарынан сұрастырсаңыз жөн болар деп ойлаймын.

- Дүйсен Қорабайұлы, түркі тілдерінің қайсысына жойылып кету қауіпі төніп тұр? Ондай қауіптен қазақ тілі ада ма, қалай ойлайсыз?

Интернет-конференциямыздың кезекті қонағы «ТҮРКСОЙ» Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының төрағасы Дүйсен Қасейінов оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға жалғасы жауап беріп отыр.

Дүйсен  Қорабайұлы «Қазақ тіліне жойылу қаупі төніп тұрған жоқ па?» деген сауалға жауап бере келіп: «Ал қазақ тілінде, меніңше, жойылу қаупі емес, кедейлену, нәрі қашу, жұпыны тілге айналу, қарабайырлану қаупі бар сияқты. Дәл қазір қоғамымызда марқұм Ақселеу Cейдімбек, Рымғали Нұрғалиев ағаларымыздай жатық ойын саралай алатын ғалымдар, кешегіТөлеген мен Мұқағалидай жаныңды баурап алатын ақындар көп пе? Тіл жойылмау үшін ең әуелі мемлекеттілігіміз сақталуы тиіс. Алып империялардың бірінің қолтығына біржола кіріп кетсек, баяғы қалпымызға қайта келуіміз әбден ықтимал», деп ой түйіндейді.

 

- Құрметті Дәке,сізге сұрағым ,осы Түркі әлемінде жақындасып-татуласатын насихаттау жайлы студенттерге лекция оқу орындарында оқыла ма?

- Оны оқу орындарынан сұрастырсаңыз жөн болар деп ойлаймын.

- Дүйсен Қорабайұлы, түркі тілдерінің қайсысына жойылып кету қауіпі төніп тұр? Ондай қауіптен қазақ тілі ада ма, қалай ойлайсыз?

- Жойылу қаупі, біріншіден, аз санды ұлттарға тән. Этнология ілімі бойынша,  саны миллионнан кем ұлттарға мұндай қауіп аса жақын. Түрік халықтары ішінде ондай елдер жоқ емес, баршылық. Мысалы, Сібір жақта біраз шор, сібір татар, тофа, долған этникалық топтары, Қытайда фу-юй қырғыз тілі сияқты. Мысалы соңғысы нағыз біз білетін көне түрік (енисей) тілінде сөйлейді (көзді "қарақ", аяқты "азақ" деп), ал санына келсек - тек бірер мың-ақ адам.

Ал қазақ тілінде, меніңше, жойылу қаупі емес, кедейлену, нәрі қашу, жұпыны тілге айналу, қарабайырлану қаупі бар сияқты. Дәл қазір қоғамымызда марқұм Ақселеу Cейдімбек, Рымғали Нұрғалиев ағаларымыздай жатық ойын саралай алатын ғалымдар, кешегіТөлеген мен Мұқағалидай жаныңды баурап алатын ақындар көп пе? Тіл жойылмау үшін ең әуелі мемлекеттілігіміз сақталуы тиіс. Алып империялардың бірінің қолтығына біржола кіріп кетсек, баяғы қалпымызға қайта келуіміз әбден ықтимал.

 

- Батыс елдерінен, Ресейден шыққан әйгілі түркологтарды білеміз. Біздің қазақтан да мықты ғалымдар шықты. Бірақ солардың ізін жалғастыратын ұрпақ жоқ сияқты. Жалпы біздің елде түркологтарды дайындау қаншалықты мүмкін?

- Мүмкіншілік адамға, қоғамға, заманға байланысты ғой. Әр мүмкіншілік іске асырыла берсе керемет болар еді ғой. Қысқа қайырсам: мүмкіншілік бізде мол, ал оған қарамастан қолға алынған істер, өкінішке қарай, әлі де өте аз. Тәуелсіздігімізге 22 жыл болса да жоғарғы оқу орнында түркітану (тюрколог) мамандары енді ғана даярлана бастады. Тілшілер (түрік тілінің мамандары) бар, ал түркітанушылар аз. 2010 жылы Астанада Халықаралық Түркі Академиясы құрылып, жұмыс істей бастады. Түркі Академиясы болашақта Қазақстандағы түркітану ғылымының дамуына елеулі үлес қосады деген үміттемін.

- Ассалаумағалекум Дүйсен аға! Бізде құлдық санадан саяси санаға өтетін кез келді. Бүйрегі бұрылып тұрған туысқан халықтарға мәдени экспансия жасап оларды құтқаруға күш салуымыз керек., еліміздің болашақтық мүддесін де түгендеуге болады! деседе Сіздер боп, Қазақ елі боп Қытайда қазақ мектептерін жауып, қазақтардың жерін тартып алып жатқанда ешқандай «ДЫБЫС»  білдірген жоқсыздар. Қазақстан мұнай мен газын қытайға ағызып беріп отыр, сол мүмкіндіктерді пайдалана отырып бір мінез көрсетуге болатын еді. Сіздер қашан мінез көрсетіп, өз тұрғыларыңызда елдің болашағын жоқтайсыздар? Сіздердің үндемей қалуларыңыз сол Қытайларды қолдау немесе сол Қытайларға қараған құлдық психология емес пе?

Екінші сұрақ: қашан жалтақойлық пен құлдық психологиядан құтыламыз? Осы екі сұрақ сіз бен міздің қатарларыңыздағы, үзеңгілестеріңізге лайық деп есептеймін. Адам өмірге бір рет ғана келеді, ал нағыз азамат болып өмір сүру сіздерге тән болуға тиісті.

Құрметпен, Ахметұлы Бейсен

- Құрметті Бейсен мырза, жанайғайыңыз орынды-ақ. Ал, бізге келсек, ТҮРКСОЙ - халықаралық мәдениет ұйымы. Саясатпен шұғылдануға хұқысы жоқ. Мен сол ұйымның жетекшісімін. Өз атымнан емес, ұйымға мүше он төрт түркі республикаларының атынан ортақ пікірді ғана білдіруге мәжбүрмін. Сол  он төрт елдің алтауы ғана тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің жағдайы әртүрлі. Онымен санаспауға болмайды. Арғы жағын өзіңіз түсінерсіз...

 

- Ассалаумағалекум! Аға қандай кітап оқисыз? Қазіргі уақытта қандай кітап оқып жатырсыз?

- Жақында Мағжанды қайтадан оқып шықтым. Биыл ақынның туғанына 120 жыл толады. Түркияда да Мағжанды өте жақсы біледі. Еңбектері аударылған, ескерткіш орнатылған. Түріктер оны қазақтың ғана емес, жалпы түркілердің ұлы ақыны деп есептейді. Ақынның мерейтойына орай, біраз шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз.

Уақытым өте тапшы. Қол тигенде бірнеше ғылыми кітаптарды қарап жатырмын. Николай Егоров (чуваш тюркологы), Иштван Мандоки Қоңырдың былтыр шыққан монографиясы (мажар қыпшағымыз) т.б.  бар. Жақында ғана Тайыр Мансұровтың Нәзір Төреқұлов туралы кітабын, қырғыздың атақты театртанушысы Ж. Иманқұловтың «Ш.Айтматов және театр» кітаптарын бастадым. Екі кітапты да түрік тіліне аудартуды ойлап жүрмін.

- Дүйсеке, амансыз ба? Түркілік мәдениет пен өнерді біртұтас зерттеу, бірыңғай насихаттау тұжырымдамасы әлі жоқ. Бұл жағынан не істеліп жатыр? Өзіңіз бас болып, түркі елдеріндегі европалық балет пен операны жақсы насихаттап жүрсіздер, ал түркілік өркениеттік өнер қашан қолға алынады? Қашан түркілік театр пайда болады?

ЕС

- ТҮРКСОЙ операмен шектеліп қалды деп есептесеңіз, қателесесіз.Дегенмен, операға байланысты бір мысал келтірейін. Біз биылғы жылды Мұқан Төлебаевтың жылы деп жарияладық. "Біржан-Сараны" дүниежүзінің талай атақты опера театр сахналарының төріне шығарамыз. Осы, Сізше, қате, керексіз істер ме? Театр туралы айтсам, соңғы 4 жылда Қазақстанның 14 театры Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Татарстан, Башқұртстан елдерінде өткен театр фестивальдарына ТҮРКСОЙ ұйымының тікелей шақыруымен қатысты. Түркі әлемі театр директорларының Кеңесін құрдық. Репертуар алмасулар басталды. Мәселен, түрік драматургы Тургай Нардың «Төбекөз» спектаклін Қызылорда облыстық театры қойса, әзірбайжан драматургы М. Ф. Ахундовтың «Мсье Жордан» спектаклін Қарағанды қазақ театры сахналады. Қазақ драматургы Дулат Исабековтың «Мұрагерлері» Түркияның Измир театрының тұрақты репертуарына кірді. Ал, "түркілік мәдениет пен өнерді біртұтас зерттеу" үшін, оны алдында бөлек-бөлек зерттеп алу керектігін естен шығармаған жөн. Айтайын дегенім, әр мәселеде байып пен ақыл керек. Бос ұрандау мен арзан эмоцияға салыну бекершілік.

- Ассалаумағалейкум! Латын таңбаларын Қазақ әліпбиіне негіздеп жасаймыз деп шуылдағалы біраз болды. Бұған қатысты зиялылар мен халық екіге жарылды, екі түрлі көзқарас ұстануда. Әрине, латынға негізделген әліпби Қазақ елін геосаяси кеңістікте Орыс бұғауынан босаңсытуы ақиқат. Бірақ, біздің Қазақстандық білім беру жүйесінің 50 пайыздан артығы орыс тілді мектептер, сонда орыс тілді білім беру жүйесі кирилицада қалар болса, орыс тілді және орыс ниетті қазақ қауымы дерлік балаларын орыс тілінде оқытуға көшпей ме? Бұл дегенің қазақ жерінде тұратын барлық славяндармен бірге кемінде 3 млн қазақ деген сөз. Айналып келіп, қазақ елі толығымен қарама-қарсы екі тарапқа бөлінуге алып келеді. Мен өз басым латынға көшуді жан-тәніммен қалаймын. Десе де бұл әрекет біздің елдің болашағына балта шаппай ма? Біз алдымен Қазақ тілін толық пайдаланатын ел болып алмайынша бұндай қимылға бару үлкен саяси қателік болмай ма? Сіздің азаматтық позицияңыз?
Өнербек Радолда

- Қазіргі алфавитіміз арқылы біз тілімізді көгерте алмайтынымыз анық. Тіпті, біраз әріптер орыс тілі мен қазақ тілінде жазылуы бірдей болса да, шындығында, еш сәйкеспейтін дыбыстарды білдіреді. Орфографияда қате деген шаш етектен. Бұдан арылмасақ, тіліміз қазіргі мүгедек-сақау қалпында қала бермек. Гәп осында. Жеке позициям - түбінде латын әліпбиіне көшуіміз қажет. Бұл - заман талабы. Қазіргі күннің өзінде жастардың 90 пайызы латын әліпбиінде хат жаза алады. Болашақ - жастардікі. Сондықтан, бұл мәселені ақсақалдардан гөрі, жастардың шешіміне салу керек. Алайда, ұрандатпай, саяси науқанға айналдырмай жасау керек. 2017 жылы көшеміз деп асығыстық жасаудың да қажеті жоқ. Жалпы, ұлт тағдырына қатысты ең күрделі шешімдер саясаткерлердің қарарымен емес, мамандардың, халықтың талқысы арқылы қабылданғаны жөн.

- Құрметті Дүйсен Қорабайұлы, Бүгінде бас штабы Түркияда орналасқан Түркі мемлекеттері кеңесіне қатысты көзқарасыңыз қалай? Оның негізгі мақсаты не? Осы ұйымның атқарып отырған жұмысын ТҮРКСОЙ істеп отырған жоқ па? Осы кеңеске бас хатшының орынбасары болып қызмет істейтін Дархан Қыдырәлі есімді қазақ жігіті туралы не айтар едіңіз?

Ізгі тілекпен Б.Т бауырыңыз

- Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі Кеңесі) жұмысын бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Сондықтан пәлендей пікір білдіре қою қиын. Түрік кеңесі саясатқа жақындау ұйым. Ал біз тек мәдениетпен айналысатын ұйымбыз. Мәдениетке қатысты ортақ шараларына қатысып тұрамыз.  Дарханды білемін. Терең білімді, зерек жігіт. Ғалым, маман, іскер. Ондай жастардың көбейгеніне қуанам.

- Аса құрметті Дүйсен Қорабайұлы! Сіз қай қызметте болсаңыз да мәдениетті, білікті тұлға ретінде танылдыңыз. Қазіргі ТҮРКСОЙ - түркі елдерінің бәріне керек ұйым. Сізге бір өтініш айтайын деп едім. 1952-1972 жылдары Қазақстан Мұсылмандары Қазиятын (ол кезде мүфтият Ташкентте) Садуақас Ғылмани атты білімдар тұлға басқарды. Бұл кісінің арғы тегі - башқұрт. Соған қарамай қазақша өлең жазып, "Калила мен Димнаны" басқа да туындыларды арабшадан қазақ тіліне аударды. Ол кісінің үлкен еңбегі - 110 мың сөзден тұратын "Қазақша-арабша сөздікті" жасауы еді. Осыдан 40 жыл бұрын жасалған сөздікті сол кездегі Тіл білімі институтының директоры І.Кеңесбаевқа өзі апарып берген. Бірақ сөздік қолжазбасы жоғалып кеткен. Бір қолжазбасы қызының қолында сақталған екен. Соның негізінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арабтанушылары 7 томдық сөздік әзірлеп жатыр. Бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрі Д.Қ.Мыңбай 7 томды мемлекеттік жоспарға енгізіп берді. Біздің өтінішіміз осының "қара жұмысына" (даярлауға) ТҮРКСОЙ 5-6 миллион теңге қаламақы төлеу мәселесін қарастырса. Сөздікке "ТҮРКСОЙ қолдауымен шықты" деп жазсақ. Мұны айтып тұрған себебім, С.Ғылмани Түркиямен, түркі дүниесі тұлғаларымен тығыз байланыста болған. 1907 жылы Ш.Қосшығұлдың Түркияға барып, Парламентте қазақ ахуалы туралы айтқан естелігі осы С.Ғылмани архивінен шықты. Тіпті 50-70 жылдардағы қиын кезеңде түркі дүниесінің дінін қорғауы да үлкен қайраткерлік деп білеміз. Ал, мына сөздігі тұтас институттың еңбегі.

Өтініш айтушы - сөздік әзірлеуші топтың жетекшісі, профессор Самал ТӨЛЕУБАЕВА (8-702-373-40-74)

- Ғылмани атамызды білеміз. Аталмыш еңбекке Еуразия университеті де, Мәдениет министрлігі де тиісті қаражатын бөліпті. Осыған сәйкес жұмыс жасалу керек. Тәртібі осындай ғой. Жұмыс бітпей біздің араласқанымыз дұрыс болмас. Тапсырыс берушінің (заказчик) хұқығын ескермеске болмайды.

- Біз мына жерде Қасейінов туралы мәдениетсіз сөз айтқандардың деңгейін көріп отырмыз. Дүйсен Қорабайұлы жақын таныссаңыз және адамшылығын көрсеңіз, олай демес едіңіз. Аман болыңыз, ел намысын қорғай беріңіз, Дүйсен аға! Астаналық тілекшілеріңіз

- Жылы лебіздеріңіз үшін көп рахмет.

- Түркияға барған ең соңғы сапарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресіп, шыбын жанын пида еткен Кенесары хан туралы сөз қозғап, Ресей империясының отарлау саясатын сын тезіне алды. Іле-шала жазушы-драматург Думан Рамазанның "Кенесары-Күнімжан" атты тарихи драмасы Түрік елінің Анкара мен Ыстамбұл қалаларындағы театр сахналарында түрік тілінде қойылды. Осы екі оқиғаның арасында қандай да бір байланыс бар ма? Президенттің сөзі мен Кенесары туралы спектакльді түркі жұрты қалай қабылдады? Кенесары тұлғасына түрік жұрты неліктен қызығып отыр деп ойлайсыз? Жалпы Кенесары ханға деген өзіңіздің жеке пікіріңіз қандай?

Хафиз Сәмиев, Семейден.

- Түркия елі қазақ туындыларына, тарихына, мәдениетіне әрдайым зор қызығушылық пен құрметпен қарайды. Бұған сенімдімін. Себебі де түсінікті. Тегі бір, туыс, бауыр елміз ғой. Кенесары бабамызға қазақта қандай пікір болушы еді? Мақтан тұтамыз, өте құрметтейміз... Туған әкесі жөнінде төл баласының пікірі қандай болушы еді, Кәке? Өз басым Абылай ханның шапанын сақтап қалған ауылданмын, Байдалы бидің тікелей ұрпағымын. Бұдан артық не дейін?

- ТҮРКСОЙ Лев Гумилевтің 100 жылдығын Станбұлда атап өтті. Түріктер оған қарсы болған жоқ па? Жалпы түріктер орыс түркологтар туралы не айтады?

- Лев Гумилевтің 100 жылдығын біз Ыстанбұлда емес, Анкара қаласында Түрік тарих қоғамымен бірігіп ұйымдастырдық. Бірнеше елдің белгілі түркітанушылары қатысқан жиынға түрік зерттеушілері де үлкен қызығушылық танытты. Мен өз басым ғалымдарды ұлтқа бөлмеймін. Тек қана: ғалым және ғалым еместерге. Джерард Клосон деген ағылшын атақты байы өмірін көнетүрік тарихын зерттеуге арнаған. Белді ғалым болды. Мың беттік этимологиялық сөздікті жазып шықты жалғыз өзі. Юдахин деген орыс жалғыз өзі кезінде ең үлкен қырғыз-орыс сөздігін бітірген. Гумилевке түріктер неге қарсы болсын? Ресей оны неге атап өтпейді деп сұрамайсыз ба...

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір