Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3437 0 пікір 19 Ақпан, 2013 сағат 06:26

Владимир Билинский: «Ресей о баста түзілген хандықтар мен кінәздіктерге ыдырайды.»

Владимир Билинский 1980 жылдардың ортасында «Страна Моксель» кітабын астыртын жазып шыққан қаламгер. Аталған кітапта  ресейлік тарихи әфсана жоққа шығарылады. Орыстардың славяндық тегі мен «жылнамалық жинақтарын» да автор теріске шығарды. Оларды  Екатерина патшайымның өтіріктері санайды. Ресейді «Алтын Орда» дәуірі аяқталған соң пайда болған мемлекет дейді.   Украинада үштомдық «Страны Моксель» кітабы мен «Москвы Ордынской» еңбегінің екі томы басылды. Владимир Билинский қазір Украина астанасы  Киев қаласында тұрады.

Украиндар неге орыстар туралы көп айтады?

- Бір кезде біз олармен бірге болдық, нақтылай айтқанда Ресей империясында немесе Кеңес одағының құрамында болдық.

Владимир Билинский 1980 жылдардың ортасында «Страна Моксель» кітабын астыртын жазып шыққан қаламгер. Аталған кітапта  ресейлік тарихи әфсана жоққа шығарылады. Орыстардың славяндық тегі мен «жылнамалық жинақтарын» да автор теріске шығарды. Оларды  Екатерина патшайымның өтіріктері санайды. Ресейді «Алтын Орда» дәуірі аяқталған соң пайда болған мемлекет дейді.   Украинада үштомдық «Страны Моксель» кітабы мен «Москвы Ордынской» еңбегінің екі томы басылды. Владимир Билинский қазір Украина астанасы  Киев қаласында тұрады.

Украиндар неге орыстар туралы көп айтады?

- Бір кезде біз олармен бірге болдық, нақтылай айтқанда Ресей империясында немесе Кеңес одағының құрамында болдық.

Митрополия әрқашан да зиялы қауымды құртып, жергілікті халыққа өз тілін таңуға құмар. Украин халқы зиялы қауымды үш рет жасақтады. Біріншісі - Киев Русі кезінде. 14-16 ғасырларда поляктар украин элитасын католиктендіруге тырысты. Соңында кінәз Василий Острожский тізе бүкті. Оның үлкен ұлы Януш католик болып, ал православ болған кішісі  Александрды поляктар улап өлтірді. Сол кезде бассыз қалған халық жаңа элитаны туғыза алмастай көрініп еді. Бірақ казақтык орта сол кездегі полковниктер мен гетмандарды қалыптастырды. Сосын ресейліктер оларды орыстандыруға көшті. Оларға тілін,мәдениеті мен тұрмысын сіңірді. Укриандық элитаның үшінші буынын 19-ғасыр соңы мен 20-ғасыр басында  Тарас Шевченко толқытты. Ол толқуды  бәлшебектер өкіметі «шайып» тастады.

Александр Солженицын «ресейліктер коммунизмнен қорлықты көп көрді» деп жазды.

- Ол қандай демократ болса да, орыстық идеяны, шовинизмді насихаттады. Өзінің "Как нам обустроить Россию?" жазбасында украин мен қазақтың біраз облыстарының жаңа Ресейге кіруін үндеді. Солженицын халықтарды айдап салу ботқасын пісірді де, оған қарапайым  жұртшылықтың қақалуына тура келді.

Ресейліктер - шовинистер деген тұжырым қасаң көзқарас па?

- Орыс адамы сізге ешқашан да   украинша (тіліңді біліп, түсініп тұрса да) жауап бермес еді. Керісінше, сіздің өз жағына шығуын тілеп тұрады. Өйткені, өзін қожайын сезінеді. Ол орыстың жамандығынан емес, солай тәрбиеленген.

Онда неменеге укриантілділер Киевке келген бойда орысшаға көшеді?

- Олар украиндар емес, хахолсымақтар. Олардың  қанына құлдық әбден сіңген. Олар ата-анасы берген тілдің ана тілі екенін, сол арқылы Жаратқанға шығуға боларын сезбейді. Империя біздің адамдарды солай тәрбиеледі.    Білесіз ғой, Мұса пайғамбар халқын 40 жыл бойы шөл далада қаңғытып барып  құлдық санадан арылтты.  Өйткені, олар ешкіммен араласпады. Бүгінгі украин ұрпағы да кеңестік дәуірдегі ата-аналары секілді   ойлайды.

Оны қалай өзгерту керек?

- Әр ұлттың ұлттық мақтанышы болу керек, бірақ басқаға зиян келтірмей мақтану керек. Совет өкіметі былай тәрбиеледі:  ештеңеге бас қатырма, жұмыс,пәтер,білімді мемлекет береді. Үш жасар баланы өзінше тәрбиелеу үшін балабаққа алды.Ал әке-шешесі тек жұмыста болды. Сол кезде менің де Совет өкіметінің қандай патриоты болғанымды көрсең ғой.

Орыстілді украиндарға қалай қарайсыз?

- Орыстілді украиндар жоқ. Украин мәдениетінің не орыс мәдениетінің тұтынушылары ғана бар. Бала кезінен орыс тілін естіген украин ақырында орыс тіліне ана тіліндей қарайды. Өзге жерде өз тілін тыққыштайтындарға бейбіт қарай алмаймын. Украинда сізге украиндық  бірдеңе ұнамай ма? Ресейге бар, сонда тұрып өмір сүр.  Ал үйдің қожайынына келіп өз көзқарасыңды таңу - дұрыс емес.Біз мысалы ресейліктерге ештеңемізді таңбаймыз ғой.

Ресей кәзір империя кезіндегідей,  болмаса,  КСРО дәуіріндегідей украиндарға қатерлі ме?

- Ресей  билігінің бізге деген дүниетанымы өзгермейінше, қатерлі болып қала береді. Ресей саясатшылары әлі де баяғы империяны  көксейді. Кәзіргі күйінде  рас, Ресей империя ұғымынсыз тілшілік ете алмайды.  Егер де Ресейден тарихи әфсананы сылып тастасақ, қалатыны - Мәскеу кнәздігі. Мәскеу, Тверь, Рязань  бір кездегі Алтын Орданың бөлек ұлыстары болған.  1290-1294 және 1312-1320 жылдары оның астанасы Мохшы-Наровчат Мәскеу-Липецк-Пенза-Горький төрткүлінің ортасында болды.Бұл Алтын Орданың бір бөлігі болған «нағыз орыс жерлері». 16-ғасырда ыдырағанда, Мәскеу сол кінәздіктен бөлінді.

Реесй  Алтын Орда дәстүрін жалғастырушы ма?

- Оған күмәніңіз болмасын. Кәзір де сол кездегідей заң мен ереже күшінде.

Атап айтқанда?

- Сен бастықсың - мен топаспын. Бұл таза ордалық дәстүр. Күштінің алдында  әркез бас иіп тұру керек. Кеше ғана Обаманың сөзін тыңдадым. Ол «әр адам - Жаратқанның туындысы.  Біреу  - президент, бірі - сыпырушы болса да Әмірикенің байлығы» деді. Ресейде бұндай сөзді ешбір президент айтпайды. Сондықтан да оның тағдыры белгілі. Ол басында қай мемлекеттерді, хандықтар мен кінәздіктерді біріктірсе, солар сияқты түбі  ыдырайды.

Украина да ыдырай ма?

- Жоқ. Бізге ыдырау қайда? Геродотты оқыңыз. Ол Скифияның шекарасы Днестрден Донға дейін деп жазды. Мыңдаған жылдар өтсе де, шекара сол күйінде. Демек, әрқашан солай болды, солай  болып қала бермек. Ал бізді ылғый да «қорқақ қоянсыңдар» деп үйреткені рас, ол - басқа мәселе.Славяндар бұл жерге 5-6 ғасырда келді деді. Ол - өтірік. Біз осы жерде автохтондармыз. Яғни, әуелден түпкіліктіміз.

Украина да біртекті емес. Орталық пен Батыста Киев Русінің ділі де, Шығыс пен Оңтүстік  - Орда құлықты.

- Ондай жағы бар. Бір мен бұл мәселеге басқаша қарар едім. Батыс пен Орталықты жайлап жатқандар өркөкіретер, ал,  өндірісті шығыс пен оңтүстік тұрғындары  тобыр құлықтылар. Олар топпен тірлік етуге дағдыланған, өздерінің жекедара қасиетін елмеуді немесе оған мән бермеуді  жөн көреді. Кәзіргі билікті қарашы. Неге олар басты орындарға өздерінің донецкіліктерін тыққыштайды? Немене, Киевте маман жоқ па? Мәселе отарлық санада. Бұл да орыстық, тіпті, кеңестік құлдықтан қалған сипат.

Украина Кеңес Одағына оралмау нүктесінен өтті ме?

- Халық  өткенге қайтып оралмастай болып алға озып барады. Ал билік  ол нүктеден өтті ме, өтпеді ме - білмеймін. Тәуелсіздікті жариялау дегеніміз сол өткенге оралмау нүктесінен басталады. Бүгінгі билік Еуропамен өмір сүрген жайлы ма, әлде Ресеймен бе деп бас қатырады. Шығысқа қарай аяқ бассаң  - кетпен, сүймен, балға, Батысқа қарасаң - Зингер, мерседес, компьютер. Жас ұрпақ өз қалауын таңдады. 2-3 ұрпақтан соң біздің санамыз  империядан, отаршылдықтан  мүлдем арылады.

Сіз «жақсы әфсанасыз ұлы халық болмайды» деп жаздыңыз. Бізге де сол керек пе?

- Олар 18-19 ғасырларда керек болды. Осылайша ағылшын империясы құрылды. Мемлекет пен супермемлекет ұғымдары  50 жылдан соң тіпті өзгеше болып өзгерді . Бүгінде елдің жетістігіне оның аумағы не тарихы әсер етпейді. Ресей билігі өткенді аңсайды, өздері біреуді қорқытып, солардан өздері қорыққан бұрынғыны аңсайды. Бірақ қарапайым ресейлікке мұның қажеттігі бола қоймас.

Украинада «казак» әфсанасын түзу жөнінде әңгіме болғаны бар ғой.

- Әфсана - ойдан шығарылған нәрсе. Оған әдемі де поэтикалық әр беруге болады. Яғни ойдан аздап қосуға болады, бірақ  құбылыстың өзін жоққа шығару мүмкін емес. Ресей болса өз тарихын толайымен өзгертіп жіберді. Екатерина патшайымның шақыруымен Ресейге неміс тарихшылары  Миллер, Стриттер, Шлецер келді. Олар Ресей мүддесіне ыңғайластырып тарих жазып берді.  1850 жылдары Ресей академиясының президенті, ғылым мен білім министрінің ұлы Алексей Уваров 7729 үйікті қазып, одан славяндық ештеңе таба алмады. Ресейдің орталығын қопарды да тек қана финдік дүниелер тапты. Сол кезде Ресей славян тарихын жазып еді. Ал археология оны жоққа шығарды.

Уваровты академик Спицын «Владимир үйіктері (қорғандары) - славяндардікі» деп жоққа шығарды ғой.

- Әрине, Ресей барын салады. Әфсанасыз оның болашағы жоқ. Соңғы 300 жыл бойы оқытылып келе жатқан Ресей тарихы шетінен үйлеспейтін жайттардан тұрады.  Ресейліктер Новгородтың мұрагерлеріміз дейді.  Оның ежелгі славян республикасы екенін мойындаймын, бірақ оны сондай өшпенділікпен құртты.Немістер Киевтегі Софияны атқан емес. Олардың ескі тарихқа деген өшпенділігі болған жоқ. Ал, басқыншы мәскеуліктер Новгородтағы көзге көрінгеннің бәрін құртты. Иван Грозныйдан соң онда небәрі 850 тұрғын қалды.Олардың саны ондаған мың болатын. Сол себепті де Мәскеу Новгородтың мұрагері бола алмайды. Қасқыр өзі жеген қойдың геніне мұрагер бола алмайды.

Бір ғана адамның 300 жылдық орыс тарихын бұрмалауға әлі келе ме?

- Бастасаң болды. Ресейден бір профессор менің кітаптарымды оқып шығып, жоққа шығарғысы келді. Куликов шайқасынан бастады. Сонда барып, барлық мұражайды, зиратты аралап, қариялардан сұрастырған. Бұл шайқастың еш жерде ізі болмай шықты.  Себебі, Куликов даласынан бұған дейін екі жүз жыл бойы бір сынық найза табылған емес. Болса, қырылған сарбаздардың, жылқының сүйектері мен қару-жарағы табылар еді. Ештеңе болмады, өйткені, шайқас болған емес. Профессор ұқты. Содан бері ол ежелгі орыс тарихынан сабақ бермейтін болды.

Ресей империясы Қап тауы мен Балтық  елдерінсіз, Орта Азиясыз өмір сүре беретін шығар. Бірақ Украинасыз  өмір сүре алмайтын сияқты. Неге?

- Себебі, империя украин халқының  әфсанасына  байланысты құрылған. Неге екені белгісіз, орыс тарихы Киевтен басталады. Неге соны Мәскеуден бастамасқа? Менгі-Темір ханның 1272 жылы Мәскеу кінәздігін құрғандығын тарихшыларға жаздыру қыйын ба? Әрі қарай нанға май жаққандай болар еді. Бірақ оған баспайды. Тарихты Киевтен, украиндардан ұрлай бергісі келеді.

1945 жылы Ресей Бірінші жүниежүзілік соғыста жоғалтқан жерлерін қайтарды. Тіпті, Курил аралдарын қосып алды. Ол кезекті басқыншылыққа дайын ба?

Империяның жоғалған жерлерін жаңа басқыншылықпен қайтару қыйынға соғады, әрине. Оған қыруар күш керек. 1945 жылы Ресей патша дәуіріндегі аумаққа жетеқабыл жерлерін қайтарды, бірақ Финляндияны қайтара алмады. Польша да сыртта қалды. Сосын қырғый қабақ соғыстан ұтылды да 15 республикадан айырылды.  Кәзір Краснояр өлкесіне ішкі өнімнің 11 пайызын ғана қалдырады. Қалғанын Мәскеу алады. Красноярск осыған көне бермек пе? Бұл жөнінде сөйлеген генерал  Лебедті тікұшағымен жарды, бірақ мәселе шешілген жоқ.

Юрий СТРИГУН, Ольга БОГАЧЕВСКАЯ
Джерело: <a href="http://gazeta.ua/ru/articles/history/_rossiya-razvalitsya-na-te-hanstva-i-knyazhestva-s-kotoryh-nachinala-skladyvatsya/480387">Gazeta.ua</a>

Abai.kz

0 пікір