Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3526 0 пікір 18 Ақпан, 2013 сағат 10:21

МҰРАТ ТЕЛІБЕКОВ. МҮШЕСІ ЖОҚ ОДАҚТЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қазір қиямпұрыс пікір айтқан адам қаһарман ретінде қабылданатын болды. О жағынан жұрт тынышта аттандайтын Амантай қажының өзін қапы қалдырып кеткен бір адам бар. Ол - «белгілі де белгісіз» Мұрат Телібеков. Белгілі дейтін себебіміз, қазір дәл Телібековтей жиі сұхбат беретін адам жоқ. Бұл қайдан шыққан өсімдік? Кім, қандай тыңайтқышпен өсірді? Беймәлім. Орыстілді журналистер оның шыққан тегін қажет етпейді, өйткені шындықты білсе, Телібековтің сөзінің салмағы бір сәтте құнсыздануы мүмкін. Орыс газеттері де Мұрат ағамыздың азаматтық көзқарасына қыжалат болып тұрғаны шамалы. Бірақ әйтеуір қазаққа қарсы сөйлейтін адам керек болғанда алдынан табылуы әдетке айналған. Қазақ журналистерінің бір-екеуі сұрап көрген екен, «мұндай ұсақ-түйекпен басымды ауыртпа» деп тыйып тастапты. Соған қарағанда, бір әріптесіміз айтпақшы, «өмірбаянының "но-сы" бар болуы керек». Өзі «технократпын» дейді, бірақ жеткен жетістігі - «ОБЖ»-дан сабақ беру. Өзі әдемі терминдерге құштар, бірақ ғылыми термин түгілі, Қабанбай батырды «эпос кейіпкері» атайды... Жарайды, біреулер жазғандай ұйғыр да болсын, тіпті ахмадия ағымында да болсын, онда біздің шаруамыз не? Бірақ кейбір мәселелерге байланысты «постулаттарынан» үзінді беріп көрейік.

Мұрат пен мұсылмандық

Қазір қиямпұрыс пікір айтқан адам қаһарман ретінде қабылданатын болды. О жағынан жұрт тынышта аттандайтын Амантай қажының өзін қапы қалдырып кеткен бір адам бар. Ол - «белгілі де белгісіз» Мұрат Телібеков. Белгілі дейтін себебіміз, қазір дәл Телібековтей жиі сұхбат беретін адам жоқ. Бұл қайдан шыққан өсімдік? Кім, қандай тыңайтқышпен өсірді? Беймәлім. Орыстілді журналистер оның шыққан тегін қажет етпейді, өйткені шындықты білсе, Телібековтің сөзінің салмағы бір сәтте құнсыздануы мүмкін. Орыс газеттері де Мұрат ағамыздың азаматтық көзқарасына қыжалат болып тұрғаны шамалы. Бірақ әйтеуір қазаққа қарсы сөйлейтін адам керек болғанда алдынан табылуы әдетке айналған. Қазақ журналистерінің бір-екеуі сұрап көрген екен, «мұндай ұсақ-түйекпен басымды ауыртпа» деп тыйып тастапты. Соған қарағанда, бір әріптесіміз айтпақшы, «өмірбаянының "но-сы" бар болуы керек». Өзі «технократпын» дейді, бірақ жеткен жетістігі - «ОБЖ»-дан сабақ беру. Өзі әдемі терминдерге құштар, бірақ ғылыми термин түгілі, Қабанбай батырды «эпос кейіпкері» атайды... Жарайды, біреулер жазғандай ұйғыр да болсын, тіпті ахмадия ағымында да болсын, онда біздің шаруамыз не? Бірақ кейбір мәселелерге байланысты «постулаттарынан» үзінді беріп көрейік.

Мұрат пен мұсылмандық
Бір қарасаң, жемқорларды сойып салып, тәп-тәуір сөйлеген сияқты болады. Бір қарасаң... Осыған дейін әр-әр жерде көзіміз шалған ойлары бір-біріне кереғар, әйтеуір. Өзі мұсылман бола тұра елдегі секталардың жемісті жұмысын жалғастыра беруін қалайды, өзі «Қазақстанның гуманистік, зайырлы (светский)» мемлекет болғанын және жемқорларды ату жазасына кесуді армандайды. Тіпті қолына автомат берсе, парақорларды шырқыратып тұрып атып шығуға дайын екенін де жасырмайды. Бір сөзінде «Кісінің сақал қойғанына қарап күмәндануға болмайды» дейді. Бір сөзінде «Неге сәлде тақпаймын, шапан кимеймін, автомат ұстамаймын, сол себептен де сақал жібермеймін» дейді. Мұсылмандар Одағының төрағасы екенін «пайдаланып», бір Аллаға мәлім кейбір жайттар жайлы батыл болжамдар жасайтыны да бар. Мысалы, «Тозақ жұмаққа жақын жерде орналасқан. Арақашықтығы Қаскелең мен Шамал¬ған¬дай жер, бірақ бұл екеуінің айыр¬машылығы Лос-Анджелес пен Қызылордадай» дейді жұмақ пен тозақтың арасында саяхат жасап келген адамдай. Тағы бір әулиелігі мынау болды: «О дүниеге барғанда, Құдай сіздің әрқайсысыңызға келесі таңдауды ұсынады: а) дұшпаныңды жою, ә) ара-тұра жақындарыңызға келіп, қиын күндерде көмектесу, б) басқа тіршілік иелеріне не затқа айналу, в) жаңадан туғалы жатқан адамның тәніне еніп, тағы бір өмір сүру, г) басқа әлемдерге бару немесе әлемдер арасында саяхат жасау. Басқа да қызықты ұсыныстар болуы мүмкін. Тірі кезіңізде барлық нұсқаларды ойлап үлгеруге тырысыңыздар. О дүниеде ойлануға мұршаңыз болмайды». Міне, осылай сөлейтін адам «Мұсылмандар одағының төрағасы» атанып жүр. Бір ақырзаманды бастан кешірген адамдай, «Ақырзаман кезінде ешқандай дыбыстық эффектілер (жарылыс, шу, т.б.), белгі беретін дыбыстар да болмайды (сирена, зымыран), ештеңе жарылмайды, құламайды, атылмайды», ¬- дейді білгішсініп. Біле білген адамға, бұлай сөйлеудің өзі күпірлік, ал ақырзаманның белгілерін мұсылман баласы Мұраттың аузынан естуге зәру емес еді. Және Мұраттың кейбір сөзі Құран Кәрімде тізіліп тұрған сипаттарға қарсы келіп жататынын қайтерсің. Не керек, бұл кісінің сөзі мен ісі ғана емес, сөзі мен сөзі де қабыспай жатуы заңдылық сияқты...

Ақын, жазушы, драматург...
Эмоцияға берілгіш, бірақ адал ниетті азамат қой деп ойлаушы едік басында. Келе-келе мұның бәрі «айдың бергі беті» екеніне көзіміз жетті. Мұрат Телібековтің бізге белгісіз қыры көп-ақ екен. Алдымен, орысша тәп-тәуір жазатын ақын, прозаик деп естіп едік. Кім біледі деп, әдебиетке деген құштарлығымыз жетелеп, Телібековтің туындыларын іздедік. Абай туралы пьеса жазыпты. «Расында да білімді болды ғой» деп бар ықтиярымызбен бас қойып едік. Қазақтың бас ақыны, ұлт ұстазы Абайдың «сайманында» қал болғанын», «Я весь аул перетрахал!» (Телібековтің сөз саптасы үшін кешірім сұраймыз - ред.) деп «скандал» жасағанын» осы кісіден «біліп» жағамызды ұстадық. Мұрат Телібековтің қаламгерлік қиялында Достоевскийдің іші өтіп, «Еуропаға терезе» болған ғалым Шоқанның, керісінше ішіне жел қарысып, оның қалай терлеп-тепшіп жел шығарғанын Телібеков-жазушы қалам қуатын аямай, тәптіштеп суреттейді. Неше түрлі әдебиет оқыдық қой, бірақ шыны керек, мынандай «шығармашылыққа» кезікпеген екенбіз. Шоқан мен Абай жүрген топырақты аяғымен басу түгіл, сүюге жарамайтын Телібеков, осындай дүние жазатындай, кім еді? Қалың қазақтың ортасында отырып, бір ұлттың маңдайына басқан ұлыларына кездейсоқ дилетанттардың осылай қорлай салатыны ашындырды. Ерінбей, өлеңдерін де оқып көрдік. Сүйіктісіне арнаған: «Ты для меня как привычная вещь. Что-то вроде удобной одежды» деген теңеулері де, «Стискиваю зубы. Терплю. Можно заделать эту дыру кирпичами. Пригласить строителей...» деген «жыр жолдары» тәнті қылды десек, жалған айтқан болар едік.

Қазақстанның күйреуі туралы

«Телібеков тақырыбына» тереңдей келе, «қоғамдық пікір конвейерінің» араласпаған тақырыбы жоқ екенін байқадық. Қазақстанның төл Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болғанына, жер-су аттарының қазақшалануына да қарсы болғанын қазір біліп жатырмыз. Бұл кісінің елді басқару жайында да өз пікірі бар көрінеді. Президенттің саясатына көңілі толмайды да, «Сабыржан Махметов, Алмас Естеков, Қара Алмасқа үміт артып едім, олардікі өз жемсауынан артыла алмады. Қазақстанды осындай адамдар қолға алып, есірткі бизнесіне көңіл қою керек» деп өз «вариантын» ұсынады. Сосын, неге екенін, бұл елдің болашағына өте бір күмәнмен қарайды. «Қарағандының шахтерлері, Ембінің мұнайшылары, Шымкенттің мақташылары неге Астанадағы жалқауларды асырауы керек? Оған орталықтағы шенеуніктердің жауабы дайын: «Елді бөлуге болмайды!». Бірақ Араб мемлекеттері бөлініп кеткеннен араб мәдениеті жойылып кеткен жоқ қой? Алдымен Арғын, сосын Қыпшақ мемлекеті пайда болады. Кіші жүздер федерациясы құрылады». Конституцияға қарсы қылмыс болсын-болмасын, бірақ осы мемлекет үшін қабырғасы қайысып жүрген адам айтатын сөз емес бұл.

Оралмандар туралы
«Біз елімізден орыс, кәріс, немістерді қуып жатырмыз, олардың құқын шектейтін небір заңдар қабылдадық. Ал сонымен бірге Моңғолиядан, Қытай, Иран мен Ауғанстаннан қазақтарды жинап жатырмыз. Ертең елге қауіп төнсе, мына сырттан келген қазақтар қайтадан қашып кетеді. Елді қорғайтын - осындағы ұйғырлар, кәрістер мен орыстар». Көке, басқа ұлттың құқығын шектейтін қай заңды көрдіңіз? Орыс пен кәрісті кім қуыпты бұл елден? Қайта бар байлығымызды ауыздарына тосып отырған жоқпыз ба? Ал «оралмандар ертең қайта қашып кетеді» деген сөз талай қандасымыздың қабырғасына батады деп ойлаған жоқсыз ба?..

Қазақ тілі туралы
Мұрат Телібековтің тіл туралы танымы да «бір түрлі». Мысалы, тілдің байлығын оның әдеби тілімен емес, жаргонымен өлшейтіні қызық. «Қазақ тілінде жаргон жоқтығын байқадыңдар ма? - деп ашынады ол. - Орыс, ағылшын, басқа тілдерде бар жаргон қазақ тілінде жоқ. Яғни қазақ тілі дамымай қалған. Қазақ тілі қартайып, өліп барады».

Қазақтар туралы
Бірақ бұл кісінің барлық ой-пікірлері қазақ туралы постулаттарының кебісін сүртуге де жарамайды.  «Қазақ үшін қазақтардың өздерінен гөрі орыстар көп еңбек сіңірді. Тәуелсіздікті абсолюттендіру мен бірұлттылыққа (тек қана қазақ болсын деу - ред.) ұмтылу бізді құртып тынуы мүмкін. Қазақ халқы ақыры америкалық үндістер сияқты, жойылып тынады». Шыдай тұрыңыз, тағы бар. «Казахская нация всегда будет чужой подстилкой, гигиеническим тампоном в чужом влагалище, геморроидальной свечой, которую будут вводить в задний проход какой-нибудь великой державе (аударуға дәтіміз жетпеді - ред.). Осындай пікірлерді оқып, «тақиялы періштенің» қазақты жақсы көрмейтініне, керек десеңіз, қазақты жек көретініне күмәніміз қалмады. «Казахская нация, в лучшем случае, станет чужим презервативом. Через нее будут сношаться великие нации (русская с китайской, турецкая с узбекской) На этом поприще казахская нация будет изощряться! Презервативы ведь бывают разные: ребристые, игольчатые, с усиками и бакенбардами» деп тақырыпты меңгергенін де байқатып қояды ол. Бүкіл қазақты осылай қорлауға («постулатының» жалғасы ұзақ, бірақ газет көлемі көтермейді) моральдық құқықты кім берді? Онысымен қоймай, «мен қазақтың жыртығын жамап жүрмін» деп Құдайдың құтты күні әкімдер мен министрлерге ақыл айтып отырады.
Енді айтылған сөз үшін жауапкершілікке келсек. Журналист Рахат Жақсыбай: «Мұрат Телібеков мырзадан сұхбат алуға барғанымызда, ол кісі тақиясыз отыр екен. Фотоаппаратымызды көріп, «мен тақиямды кие қояйын» дегені. «Е, неге?» деп едік, «Мұсылманның атынан сөз сөйлейтін адамның тақиясыз жүргені - харам» деп салды», - деп жазады сұхбатының кіріспесінде. «Хабардың» тізгіншісі ғайбат айтпайтын шығар деп, осы сөзге тоқтадық. Байқадыңыз ба, қызығы - Телібековтің суретте ғана тақия киетіні емес, ең ғажабы - бұл кісінің «мұсылманның атынан сөз сөйлейтін адамның» жауапкершілігін сезінуінде. «Мұсылманның атынан сөйлеу» жауапкершілігін сезіне тұра, мұсылман баласы айту түгіл ойлаудың өзіне ұялатын лас сөздерді жазатыны қызық та. Мұсылман әдебі, ислам этикасы дегенге пысқырмайтыны таңғалдырмай қайтсін.
«Мені 528 494 адам қолдайды, сенбесеңіз, Қазақстанды аралап, санап шығыңыз, мен оларға құжат, куәлік те, ақша да бермеймін, тіркемеймін де» дейді. Ғажап емес пе! Жалғыз өзің ерігіп жүріп, бүкіл халықтың атынан сөйлеу біздің елде ғана мүмкін шығар. Жалпы, Мұсылмандар одағы болса, Одақ атаулыны тіркеудің жолы болу керек. Мүшесі жоқ одақ бола ма әйтпесе?..

Д.МӘКЕЖАН

"Халық сөзі" газеті

0 пікір