Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3159 0 пікір 1 Ақпан, 2013 сағат 09:49

Әсия БАҒДӘУЛЕТҚЫЗЫ. СЕНІМ ДАҒДАРЫСЫ

Біреулер оларды «жын қызметшілері» дейді. Біреулер Алланың айрықша шапағатына бөленіп, арнайы миссиямен келген керемет иелері санайды. Енді біреулер жан қинамай ақша табудың жолын тапқан шарлатандар деп біледі. Не керек, қазір «экстрасенс» тақырыбы «модный» болып тұр. Әркімнің де пікір құқы бар-ау, бірақ соңғы кезде экстрасенстер «бұл не дейді екеннен» гөрі ақиқатты айтатын оракулдар сияқты қабылданып жүр. Онсыз да мистикалық ойлауға бейім халық едік, көріпкел-балгерлер «күніне тоқсан тоғыз бәлені» айтып, басымызды қатырып қойды.
Біреудің бағын қызғанып отырған біз жоқ, бірақ күн суытса - көріпкел, күн жылынса да көріпкел. Ұшақ құласа да, терракт болса да көріпкел. Журналистер қит етсе бақсы-балгерге жүгіретін әдет тапты. «Экстрасенс» деген сөз «эксперт» дегенмен бірдей естілетін болды. Бақыт Жұматова, Жан Әлібеков дегендердің танымалдылығы Асанәлі Әшімовтерден кем емес. Ал енді вокзалдың бұрышында отырып алып, «балаң келер жылы үйленеді» деп құмалақ шашу мен орталық телевизиядан «шекарашыларөзін өзі жарды» деп иландырудың  арасында айырмашылық бар ғой.
Орындалмаған болжамдар

Біреулер оларды «жын қызметшілері» дейді. Біреулер Алланың айрықша шапағатына бөленіп, арнайы миссиямен келген керемет иелері санайды. Енді біреулер жан қинамай ақша табудың жолын тапқан шарлатандар деп біледі. Не керек, қазір «экстрасенс» тақырыбы «модный» болып тұр. Әркімнің де пікір құқы бар-ау, бірақ соңғы кезде экстрасенстер «бұл не дейді екеннен» гөрі ақиқатты айтатын оракулдар сияқты қабылданып жүр. Онсыз да мистикалық ойлауға бейім халық едік, көріпкел-балгерлер «күніне тоқсан тоғыз бәлені» айтып, басымызды қатырып қойды.
Біреудің бағын қызғанып отырған біз жоқ, бірақ күн суытса - көріпкел, күн жылынса да көріпкел. Ұшақ құласа да, терракт болса да көріпкел. Журналистер қит етсе бақсы-балгерге жүгіретін әдет тапты. «Экстрасенс» деген сөз «эксперт» дегенмен бірдей естілетін болды. Бақыт Жұматова, Жан Әлібеков дегендердің танымалдылығы Асанәлі Әшімовтерден кем емес. Ал енді вокзалдың бұрышында отырып алып, «балаң келер жылы үйленеді» деп құмалақ шашу мен орталық телевизиядан «шекарашыларөзін өзі жарды» деп иландырудың  арасында айырмашылық бар ғой.
Орындалмаған болжамдар
Енді мәшһүр экстрасенстердің кейбір көріпкелдіктерін еске түсірейік. Ылғи да инопланетяндардың келуін күтіп жүретін Бақыт Жұматова: «2012 жылы жаңа Құдай туылады», - деді екі жыл бұрын (Астапыралла). «Сонда біздер, бұрынғы еврейлер мен арабтар тәрізді, оның жерге түсуінің куәсі боламыз». Поу, деген! Ал «Жаңа Құдай жыл бойы туылады», - дегенді қалай түсінуге болады? Шахерезадамыз тағы да:«2012 жылы Президент сайлауы өтіп, онда Елбасы 101% дауыспен жеңіске жетеді» деп уәде берген болатын. Бірақ Бақыт айтты екен деп ешкім кезектен тыс сайлау өткізбеді. Оның «Арқанкергенге» байланысты болжамын әлі күнге «билікті айыптау» үшін қолданып, «Бақыт Жұматова Челах кінәсіз деген» дейтіндер бар. Ал сол апайымыз былтыр жазда«Бұл баланыңсотқа дейін аман-есен жетуі неғайбыл», - деп білгішсінбеп пе еді? Соған қарамастан, Славамыз аман-есен, аз десеңіз қасқайып тұрып кінәсін мойындады (сену-сенбеу өз құқыңыз). Сотқа дін-аман жетіп, тіпті қазір өмірлік жазасын өтеп отыр.Соттан кейін «Челахты өлтіре алмай қалған» Бәкең іле-шала: «Мен болашақтан Челахты көріп тұрғаным жоқ», - деп салды. Бір ауыз сөз, бірақ қандай қанқұйлы қылмыскер үшін де ауыр сөз. Бірақ ол аз Жұматоваға. Жұматова Қазақстанның, тіпті әлемнің тағдырына алаңдаулы.«Болашақта адамдардың «үшінші көзі» ашылып, бәрі көріпкел болады, инопланетяндар Жерге түседі», - деп сандырақтайды. Болашақта не болатынын Алладан кейін осы кісі-ақ білсін дейікші. Бірақ ол «болашаққа» дейін кім бар, кім жоқ. Ыңғайлы емес пе? Әрине, көріпкелдер примадоннасында «күдік тудырмайтын» болжамдар да бар. Мысалы,«2013 жылы Қазақстанның Бразилия, Аргентина сияқты елдермен байланыс орнатуға мүмкіншілігі зор».Мен сізге айтайын, Латын Америкасымен байланыс орнай бастағанын байқау үшін көріпкел болудың әсте қажеті жоқ. «Жаңа компьютерлер пайда болады», «Жаңа миллиардерлер пайда болады»деген «ғажайыптарына» қатысты да айтарымыз сол. Енді осындай балгерден елдің тағдыры, Елбасының мерзімі туралы сұрап зікір салу қаншалықты орынды? Рас, басында «Битва экстрасенсов» жобасынан пайғамбардай көрген жұрт Бақыт Жұматоваға иланды. Тіпті Астанада алғашқылардың бірі болып сұхбат алған да өзіміз едік. Бірақ орындалмаған болжамдары көбейген сайын сенім де бір түрлі саяқси бере ме, қалай...
Тағы бір мәшһүр жұлдызшы Назарбек Қожамсейіт бір жыл бұрын: «2012 жылы ақырзаман болмайды, бірақ бұл рухани тазару жылы болады. 21 желтоқсанда, әсіресе, арам жүрген адамдарға, алаяқтарға, халықтың қамын ойламай өз беттерімен кеткендерге қатты болады. Жер-ана олармен қоштасады», - деп салған болатын. Желтоқсан өтіп, қаңтар келді, жемқорлар жер басып жүріп жатыр. Тіпті Храпуновпен, Әбіләзовпен қоштасқан ештеңесі жоқ. Әлде 2013-ке аман жеткендердің бәрі сүттен ақ, судан таза, халықтың қамын ойлаған, өз бетімен кетпеген пәкизат жандар деп түсінуіміз керек пе? Әрине, күдік келтірмейтін болжамдар Қожамсейітте де толып жатыр. «Сиқырлы» арақпен ауру атаулыны емдеп, тіпті «мәңгі жастық эликсирін» тапқан ағамыз «2013 жылы көктемде қиын болады, өзен-көлдер тасиды», - дейді, мысалы. Даладағы қарға қараңыз да, күдіктеніп көріңіз.
Тәуіп пен... теңге
Бұл оқиғада ең қызығы Назарбек ағамыздың мемлекеттен жалақы сұрайтыны. Сөз райына қарасаң, бұдан былай болжам (тегін болжам - ред.) жасамаймын деп бұлданады. «Мәсімовтің үкіметі кезінде мәсі киіп шығамыз дедім, оным рас шықты. Серік Ахметовтің үкіметі кезінде бораннан көз ашпаймыз дедім. Айтқаным келеді. Былтыр жазда қуаңшылық болады дегенмін. Оным да дөп шықты». Мейлің ғой. Бәрінен де ұнағаны мынау болды: «Ал келер жаздың не боларын тек шенділерге айтамын». Жұлдызшылардың ерекше қасиетін Жаратқан жіберсе, шенді-шекпенділер мен бай-бағландарға ғана айтсын деп жібермеген шығар. Амантай қажымен жағаласып, Обамаға тыныштық бермейтін Назарбек ағамыз бірде Америка президентіне болжамдарын «тегін» жазып жіберетінін айтып қалған-ды. Сөйтіп тұрып «туған» үкіметінен ақша сұрағанына жол болсын. Ақыры бұл кісі өз сөзіне сенімдіекен, онда 21 желтоқсаннан кейін Қаржы полициясын таратып жіберіп, оның бюджетін Назекеңнің қолына ұсынуға қалай қарайсыздар?..
Журналистерге өзімсіне сөйлейтін ағамыз қашан хабарлассаң да міндетсініп отырады. Айтатыны бір сарын. «2003 жылы қой сойып, қанын суға ағызып жіберіп, Зыряновскідегі жер сілкінісінің бетін қайтардым». «Өте жақсы болған», - дейміз біз. Бірақ өзіңіз ойлаңызшы, бір ауылға жақсылық жасаған адам соны міндетсінетін бе еді?Мәшһүр Жүсіп Көпеев кезінде белгілі жұлдызшы болған. Бірақ ол елден ақша сұрады дегенге күмәнім бар.
Есесіне қазіргі көріпкелдер ақшаны күреп табады дейді. Енді ше, бір сағатын 50-100 мың теңгеге бағалайтын Жұматова бай болмағанда, кім бай болады? Ондай адамға жеті оққағар жалдайтын дәулет қайдан келеді? Аңызға айналған Бақыт апамыздың адресіне айтылатын мынандай сында ұшан-теңіз: «Б.Жұматовада 2012 жылдың наурызында болдым. Ойлап қарасам, бірде бір сұрағыма анық жауап бермеген екен. Не істейтінімді, қанша балам барын, жұлдыз бойынша кім екенімді де таба алмапты. «Сиқырлы» сіріңкелерін жағып жіберіп сұрайтыны: «Менің ойымнан 30, 40, 60 мың доллар деген сандар кетпей жатыр. Бұл сіз үшін көп пе, аз ба?». Қысқасы, ақшаң бар ма, жоқ па, соны тексереді. «Ондай ақшам жоқ» десең, бірден қызығушылығы бәсеңдеп сала береді». «Бір қабылдауына 50000 теңге алады, біз жоғалып кеткен туысымызды іздеп барғанбыз. «Туысың тірі, жақында келеді», - деді. Екі күннен кейін оның қайтыс болғанын естідік»...
Аңқау қазақты кім алдамай жатыр деп қоя салайын дейсің. Бірақ Құдай-ау, бұл кісілер мемлекеттік маңыздағы тақырыптарға араласады ғой. Әйтпесе, «Жақында Ақтау Қазақстанның астанасы болады» (Б.Жұматова) деген сөзді қайтіп түсінеміз? Сонда деймін, «қой дейтін қожа» түгіл, «Ау, сіз былай болады деп едіңіз, болмады ғой?» дейтін жан жоқ. Жалпы, негізсіз болжамдар айтып, елді дүрліктіргендерге заң алдындағы жауапкершілік мәселесі қаралу керек сияқты.Әйтпесе, тәуіптерді былай қойғанда, қазір екінің бірі болжам айтқыш болып барады. Ел назарындағы Челах сотында, мәселен, қорғаушының жалған мәлімдеме жасап, тергеу амалдарын тежеп, елді адастырғаны бар. Эколог Елеусізов айдың-күннің аманында «Алматы қирағалы жатыр» деп көріпкел бола қалғаны анау. Оу, бұл елде әркім өз ісімен айналысатын күн қашан туады?Жер сілкінісі туралы сейсмологтар сөйлесін. Челахтың кінәлі-кінәсіздігін тәуіп емес, тергеушілер айтсын...
Әй, бірақ... Көріпкелдердің жұлдызы жанса, оған биліктің де сіңірген еңбегі бар. Неге журналистер Жұматоваға жүгіреді? Өйткені ресми ақпарат халықтың көңілінен шықпайды. Халық бір сандыраққа балама болатын екінші сандырақты іздеп тұрады. Өкілетті органдарға сенуден қалған. Яғни, елде сенім дағдарысы. Қоңырау.

"Халық сөзі" газеті

0 пікір