Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2605 0 пікір 1 Ақпан, 2013 сағат 09:40

Гриша ағайдың қазаққа жаны ашыған емес және ашымайды да

Г.Марченко жағы талмай, көптен берi әйел­дердiң зейнеткерлiк жасын ұлғайту мәселесiн көтерiп жүр. Есеп-қисапқа сүйенiп, ел бюджетiн үнемдеу жағынан сараптаса, бәлкiм, бұл ұсыныс дұрыс та шығар. Алайда халық қазынасын үнемдеудiң басқа жолдары барын басқа емес, дәл осы Марченко бiзден жақсы бiледi. Сөйте тұрып, ұлтқа бағытталған өлшеусiз қия­натты жасауға құлшынатынын қайтерсiз.

Зейнет жасын ұзартудың көптеген кемшiлiктерi күнi бүгiнге дейiн айтылып та, жазылып та келедi. Соған қарамастан, бас банкир өз ұстанымынан бас тартар емес. Оның себебiн iшiмiз сезедi де. Тек тiлiмiз қысқа. Әйтпесе, неге басқа өзiмiз­дiң қазақ азаматтары осындай ұсыныспен жұртты даурықтырып, есiн шығармайды? Шындап келгенде, қа­зақтың өсiп-өнуiне кiмдер­дiң мүдделi, ал кiмдердiң қаламайтынын осыдан-ақ бiлуге болады.

Қазiр салыстырмалы түр­де алып қарасақ, отыздан асқан қазақ әйелдерiнiң денсаулығы сын көтермейдi. Тiптi тұрмыс құрмаған отыз жастағы қыздарымыздан жүрек-қан тамырлары жүйе­сiмен ауыратындары, гинекологиялық түрлi дертке және сүт бездерiнiң рак ауруына шалдыққандары өте көп. Бұрынғы апалары сияқты сапалы тамақ тұтынбаған, экологияның ластануы, әлеуметтiк жағдайының жетiспеуi жастарымыздың жүйкесiн жұқартып, мiнезiне сына қаққан. Ал ендi осы ұрпақтың буынын алпыс үш жаста зейнетке шығару қаншалықты қисынды? Көз алдыңызға елестетiп көрiңiз­шi, ауру-сырқау, жүдеп-жадаған, әбден қажыған кем­пiрдiң iлiнiп салынып жұмыс­қа келiп-кеткенi қалай болмақ? Кемпiр деп кемсiткенiм емес, бiрақ дәл қазiргi күн­көрiсi қиын жағдаймен алпыс­қа жетпей, кемпiрге айналған әйелдер көбейген. Ақ­ша табу үшiн арпалысып, жанталасқан қыз-келiншек­терiмiздiң жеке өмiрiне көңiл бөлуге уақыты да жетпейдi қазiр. Күнi-түнi жұмыс деп жүрiп, дұрыс тамақтануы да неғайбыл. Сөйт­кен әйелдерiмiздi жұ­мыс iстетуге тағы мәжбүр­леп, зейнетке шығу жасын ұлғайтсақ не болмақ? Мұн­дай апаларымыз үйдегi және жұмысындағы жастардың көз күйiгiне айналмай ма? Үйiндегi келiнi баласын енесiне тастап, жұмысқа шыққысы келедi. Ал өзге жастарға орнын босатпай, алпыс үшке дейiн қалт-құлт етiп жүрген апаның сүйкiмдi көрiнбесi анық. Қарап отырсаңыз, Марченко қоғамда осындай келеңсiздiк тудыруға, азаматтардың отбасылық, қызметтiк араздығын тудыруға белсенiп отырғандай. Қазақы менталитет бойынша, ата-әже келiнi мен баласының табыс та­уып, аяқтарынан тұруы үшiн немерелерiн бағып жәрдем еткен. Егер Гриша ағайдың ұсынысы қабылданар болса, тiкелей қазақ ұлтының мен­талитетiне бiрiншi болып сына қағылады. Өзiмен енесi жарысып жұмыс iстеп жүр­се, қай келiн бала санын көбейтiп, үйде отырады? Осыдан келiп, демографияның да ахуалы ушықпай ма? Г.Марченко осыны көздеген болса, онда жағдайымыз мүшкiл болмақ.

Г.Марченконың айтқанына немқұрайды қарамай, бұған қоғам болып тойтарыс беретiн уақыт жеттi. Өзi өмiр сүрген мемлекеттiң ерекшелiгiн, қазақ халқының жағдайы мен менталитетiн ескермей, ессiз ұсыныс жасағыштарды жауапты қызметтерге жолатпау керек.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ

Алматы қаласы.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір