Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6063 0 пікір 29 Қаңтар, 2013 сағат 09:05

Александр Дугин. Түркі бірлігі – ЦРУ-дің ойлап тапқаны

Саясаттанушы-әлеуметтанушы  Александр Дугин Ресейдің сойылын көтерген ойларымен әрқашан баспасөздің шаңын қағып, қоғамдық пікірлердің отына май құйып тұрады. Ресейдің империя ретіндегі маңызды құрамдас бөлігі - түркі халықтары болғандықтан һәм оның жартысы посткеңестік кеңістікте жеке шаңырақ құрып кеткеннен кейін де орыс геосаясаты оңай беріле қойған жоқ. Еуразиялық блок арқылы ықпал жүргізуді ойластырған Ресей үшін икемге келмей тұрған бір ел Түркия болса керек. Ал, Түркияны өзіміз күнде әйгілі сериалдан көріп жүргеніміздей, АҚШ пен Израиль айналдырып келеді. Қалай дегенде де түркі әлеміне ықпал жүргізуге талас жүріп жатқаны анық. Алуан-алуан пікір бар дегендей, Дугиннің ойы дүдәмал ма, емес пе, өзіңіз бажайлап көріңіз...    Александр ДУГИН: «Түркі халықтарын біріктіруді көздейтін неоосманшыл жобаны ЦРУ ойлап тапқан. Бұл түріктің өзін құлдырау мен хаосқа әкеледі» дейді ол.

Түрік билігі тығырыққа тірелді. Ол кезекті мәрте атлантикалық сценарий бойынша жүріп барады. Түркия Америкамен жақындасып, Ресей мен Тегераннан, еуразиялық блоктан алыстады. Және антисириялық кикілжіңдерге араласты.

Саясаттанушы-әлеуметтанушы  Александр Дугин Ресейдің сойылын көтерген ойларымен әрқашан баспасөздің шаңын қағып, қоғамдық пікірлердің отына май құйып тұрады. Ресейдің империя ретіндегі маңызды құрамдас бөлігі - түркі халықтары болғандықтан һәм оның жартысы посткеңестік кеңістікте жеке шаңырақ құрып кеткеннен кейін де орыс геосаясаты оңай беріле қойған жоқ. Еуразиялық блок арқылы ықпал жүргізуді ойластырған Ресей үшін икемге келмей тұрған бір ел Түркия болса керек. Ал, Түркияны өзіміз күнде әйгілі сериалдан көріп жүргеніміздей, АҚШ пен Израиль айналдырып келеді. Қалай дегенде де түркі әлеміне ықпал жүргізуге талас жүріп жатқаны анық. Алуан-алуан пікір бар дегендей, Дугиннің ойы дүдәмал ма, емес пе, өзіңіз бажайлап көріңіз...    Александр ДУГИН: «Түркі халықтарын біріктіруді көздейтін неоосманшыл жобаны ЦРУ ойлап тапқан. Бұл түріктің өзін құлдырау мен хаосқа әкеледі» дейді ол.

Түрік билігі тығырыққа тірелді. Ол кезекті мәрте атлантикалық сценарий бойынша жүріп барады. Түркия Америкамен жақындасып, Ресей мен Тегераннан, еуразиялық блоктан алыстады. Және антисириялық кикілжіңдерге араласты.

Түрік геосаясаты соңғы 20-30 жылда өте қуатты эволюцияны бастан өткерді. Егер де, бұдан сәл ертерек уақытқа үңілсек, Осман империясының Ресей империясының қарсыласы болғанын еске аламыз. Және әрқашан біз османдық Түркиямен одақ құруға талпынғанда Англия мен Францияның араласуымен Батыс бұған түбегейлі қарсылық танытты. Пәлсапашы Константин Леонтьев Осман мен Ресейдің - екі империяның жанасымы - керісінше олардың бірігуіне логикалық мүмкіндік берер еді, осылайша олар өзін де, өзгені де жоюға тырысқан Батыстың алдында бірін бірі  қорғап қалар еді дегенді айтқан еді. Леонтьев бұл қарым-қатынаста әулие болып шықты, бірақ, оны ешкім тыңдамады. Керісінше Осман империясы тарағанда, Ленин Кеңестік Ресейді жасақтап, ұлттық Түркияны құрған Кемал Ататүрікпен одақтас болды. Қарсыласу аяқталып, біз ынтымақтастықпен Қапқаздағы шекараны бірге белгіледік. Мұның салдарынан, әрине, армяндар айтарлықтай дәрежеде зардап шекті, өйткені, Қарабақ әзірбайжандарға берілді. Тағы көптеген өзге де даулы сәттер болғанымен, ресейлік-түріктік қарым-қатынастар оң өзгерістерге бағыт алды.

Соғыстың соңына дейін нәсілшілдік блоктағы ("Оси") елдер мен Германияны бағдарлаған Түркия екінші дүниежүзілік соғыстан соң таңдау алдында тұрды: не шығыс блокқа, не батысқа қосылу керек еді.

Сталиндік басып кіру қаупі (шынайы немесе жалған) болғандықтан түріктер Батысты таңдады, НАТО-ның бөлігіне айналды, және содан бері ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап Түркия Батыстың, атлантизмнің, НАТО-ның лагерінде келе жатыр.

Осы арадан пантұраншылдық жобасы басталады.

Көпшілігі түріктерді  этникалық нәсілшіл-ұлтшылдар деп ойлайды. Негізінде, бұл Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) жобасы болатын. Олар түріктің арнайы қызметі мен түріктерге Кеңес Одағының құрамына кірген Орталық Азиядағы түркі халықтарына ықпал етуді күшейтуді ұсынған еді. Кейін, Кеңестер Одағы құлаған соң Орталық Азияда еркін ел болған республикаларға, сондай-ақ, Еділ жағалауындағы (Поволжье), Қапқаздағы, түкпірдегі Сахаға дейінгі түркі халықтарына ықпал ету көзделген болатын.

Пантұраншылдық - Түркияға арналған американдық геосаяси стратегиялық жоспардың өкілдері мен батысшылдық, атлантизмді жақтаушылардың идеясы болды. Түріктің өзіне бұл аса қажет емес. Және түрік мектептеріне тарату арқылы саяси жобаны шынайы жүзеге асыру түк те емес. Жаңадан пайда болған мемлекеттерге Түркияны қайта бағыттау, мұның барлығы күйреуге ұшырау еді, өйткені, қазіргі түрікке бұл қол емес. Олар бұл қағидатты қолдады, дегенмен, оған өте селқос қарады.

Неліктен? Өйткені, Түркияның шынайы мүддесі оның ұлттық шекарасын сақтауға байланысты өріледі. Себебі, олар үшін күрдтер факторы өте үлкен мәселе туындатып отыр. Күрделі проблеманың бірі Солтүстік Кипрмен және өзге де проблемалармен тікелей байланысты.

Міне, сол себептен, 1991 жылдан соң Кеңес Одағымен, Ресеймен қарсы келудің тиімсіздігін түсінген Түркияның еуразиялық бағытқа аууы басталды. Осы сәтте, Ленин мен Ататүріктің дәуірі кезіндегідей, ендігі уақыттан бастап түрік мүддесіне қауіп төндірмейтін Ресеймен байланысты қайта қарау идеясы бас көтерді.

Ал, Америка шекараны қайта бөлуді, Таяу Шығысқа экспансияса жасауды жалғастырып келеді. Әсіресе, Иракқа басып кірген соң Америка күрд мәселесін "жібітіп" қойды, АҚШ пен Израильдің Таяу Шығыстағы саясаты Түркияның ұлттық мүдделеріне қауіп төндіріп отыр. Кешегі Ресей, ішінара Иран сияқты қарсыластар мен АҚШ-тың одақтастары орын ауыстырды. Түрік билігі еуразиялық жоба туралы ойлана бастады. Әсіресе, бұл түрік әскери құрылымында байқалды. Бұл - Түркияның кемалдық кілт жөніндегі мүдделерін қайта қарауына және Еуразиялық одақ тарапына, сонымен қатар Ресейге, Иранға қарай жақындап, АҚШ-тан алыстауына, НАТО құрамынан Түркияның шығуы туралы алғашқы идеяның пайда болуына шейін алып келді.

Бұл үрдістер Ресей мен Түркияның жақындасуы қызу, әсіресе, экономикалық байланыс өскен 2000 жылдары басталды. Сауда айналымы бірнеше есеге артты. Орыс туристері түрік экономикасының бөлінбес бөлігіне айналды, мұның бәрі саяси еуразияланудан хабар бергендей еді.

Американдықтар істің насырға шауып бара жатқанын, Түркияны жоғалта бастағанын сезді, күрд факторын қайта жандандырып, Еуропа және АҚШ Конгресінде армян геноцидін мойындау туралы мәселе қойды. Ал, мұны Анкара өте ауыр қабылдады. Олар Түркия билігін мемлекеттік қайта құруды жүзеге асыруға бағытталған, еуразиялық астыртын әрекетке қатысып жүр деп айыптап, "Эргенекон" ісін ойлап тапты.

Ал, кемалдық өсиет-ғақлияға сәйкес, саясат шеңберден шығып бара жатқанда түрік әскерилері тарихта бірнеше мәрте мемлекеттік қайта құруды жүзеге асырып, өзінің әскери қадағалауын орнататын. Сондықтан, бұл тарихи шындыққа ұқсас еді. Ал, бұл ретте ол антиеуразиялық сипат алып, американдық іспен қабысты. Соның нәтижесінде, Түркияның әскери жоғары шенділері өз қызметтерінде жаңылысып, ойластырылған сылтау негізінде түрмеге отырғызылды. Бұл - "Эргенекон" ісі болатын.

Осылайша, американдықтар Түркияға, Ердоғанға ықпал етуді тағы да қолға алды. Мұнымен тағы бір жаңа бетбұрыс байланысты. Бұл аздап пантұраншылдық саясатты еске салғанымен, "паносмандық саясат" немесе "неоосмандық саясат" атына ие болды.

Және бұл неоосмандық саясат қазіргі кезде Түркияның американдықтар ықпалындағы араб режимімен, соның ішінде Сауд Арабиясы және Катармен жақындасуынан көрінеді. Түркияның бағыты Асадқа қарсы қатаң бағыт алып, Иран және Ресеймен байланыстар кілт суына бастады.

Негізі, османшыл геосаясат - пантұраншылдық іспетті жалған еді. Түркияның қазіргі заманауи ахуалы Осман империясына ұқсас жағдайды ешқашан қалпына келтіре алмайтынын көрсетіп отыр.

Таяу Шығыстағы ықпалын күшейтуге шынайы әрекеттену, әсіресе, Сауд Арабиясы, Катар және сол сияқты ультрасалафиттік радикалдық ислам мемлекеттерімен одақтасу тек бір ғана жәйтке, Түрік Республикасын күйретуге, халықтың жартысы енетін ашық ұлтшылдар, кемалшылдар, республикашылдар және азшылықты құрайтын діни фанаттар арасындағы азаматтық соғысқа алып келеді, сондай-ақ, Түркияның этникалық белгілері бойынша құлауына итермелейді.

Түркияны кемалдық шекара шеңберінде сақтаудың жалғыз жолы - еуразиялық бағыт. Дегенмен, бұл ретте "Эргенекон" ісі бойынша Түркияның ағымдағы билігіне шектеу қойылып отыр. Сондықтан, қазір әскери-еуразияшылдарды түрмеден босатқанның өзінде олар өз жендеттерін жеңіл кешіре салуы мүмкін.

Түрік билігі тығырыққа тірелді. Ол кезекті рет атлантикалық сценариймен жүріп барады. Олар Америкамен жақындаса отырып, Ресей мен Тегераннан, еуразиялық блоктан да алыстады. Және олар саудтықтармен бірге радикалдық экстремистерді қолдай отырып, антисириялық іске белсене қатысуда.

Әрине, араб исламы бүгінде Түркияның көшбасшылық жағдайын қабылдап аларлықтай жағдайда емес. Бұл - шындық. Түркияға бұл саясат еш тиімді болмайды. Сондықтан, Түркия бүлдіргіш жобаларға одан сайын үйір болады. Осыған орай, Түркияның қазіргі геосаясаты сын көтермейтін жағдайда тұр деп айта аламын. Неоосманизм - бұл, шындыққа жанаспайды, иллюзия. Және ешқандай жағымды нәтиже бермейді, ал, жағымсыз жәйтке жақын арада кез болуы ғажап емес.

Сол себепті маған бүгінде ресей-түрік қарым-қатынасы үшін аса қолайлы күндер болмай тұрғандай көрінеді. Түркия дұрыс жолға түспеді. Ол қазір түрік мемлекеті мен түрікті әлсірететін, кемалдық мұраларды жоятын соқпаққа түсті. Оны жойғанымен, шынайы қараған жанға ашық, зайырлы талаптарға бой үйреткен түрік мемлекетінде радикалды ислам қоғамын құру мүмкін емес.

Сәйкесінше, ыдырау, қирау, қақтығыс, қан, тәртіпсіздік пен хаос - Түркияға қауіп төндіреді. Егер ол өзінің неоосмандық жалған, алдамшы, тығырыққа бастар жолынан бас тартпаса...

Аударған - Думан АНАШ

(Ақпарат көзі - "Взгляд")

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3555