Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4939 0 пікір 28 Қаңтар, 2013 сағат 10:22

Құл Керім Елемес. Екі ғасырдың екі ақыны (жалғасы)

Ендеше, Абайдың «Әуелі иманды бол» дегені осы имандағы жеті шартқа шүбәсіз сен дегені. Өзі имансыздың басқаға «Иманды бол» деп айтуға, бұйыруға еш қақысы жоқ. Демек, Абай иманды. Иманды Абай өзі ұнатпаған, көзі жетпеген істі халқына «Істе» деп айтпасы, зорлап таңбасы анық. Біз оған (Абайға) сенейік. Сенейік те, біз де Оның Аллаһы болған әрі бәріміздің де Жалғыз Иеміз болған бір ғана Аллаһқа иман келтірейік! Өйткені, «Аллаһ иман келтіргендердің Иесі» Құран (2-257).

Жасыратын несі бар? Біз ғасыр бойына Абайды иманынан «арашалап» ұстап келдік. Ондағы мақсатымыз, оны өзімізге жақынтаду еді. Бірақ, неге екені «белгісіз» Абай бізден алыстай берді. Алыстай берді. Сөйтсек, Абай бізден алыстай бермепті. Керісінше, біз (Мұқағалидан басқамыз) Абайдан алыстай беріппіз. Дәл солай. Сөйтіппіз. Тағы да Моласындай бақсының, Жалғыз қапты, ол, тап шыны! Иә, Сөйтіпті Абай.

Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей?

Бахи қоймас фәнидің мінін білмей. (Абай)

Ендеше, Абайдың «Әуелі иманды бол» дегені осы имандағы жеті шартқа шүбәсіз сен дегені. Өзі имансыздың басқаға «Иманды бол» деп айтуға, бұйыруға еш қақысы жоқ. Демек, Абай иманды. Иманды Абай өзі ұнатпаған, көзі жетпеген істі халқына «Істе» деп айтпасы, зорлап таңбасы анық. Біз оған (Абайға) сенейік. Сенейік те, біз де Оның Аллаһы болған әрі бәріміздің де Жалғыз Иеміз болған бір ғана Аллаһқа иман келтірейік! Өйткені, «Аллаһ иман келтіргендердің Иесі» Құран (2-257).

Жасыратын несі бар? Біз ғасыр бойына Абайды иманынан «арашалап» ұстап келдік. Ондағы мақсатымыз, оны өзімізге жақынтаду еді. Бірақ, неге екені «белгісіз» Абай бізден алыстай берді. Алыстай берді. Сөйтсек, Абай бізден алыстай бермепті. Керісінше, біз (Мұқағалидан басқамыз) Абайдан алыстай беріппіз. Дәл солай. Сөйтіппіз. Тағы да Моласындай бақсының, Жалғыз қапты, ол, тап шыны! Иә, Сөйтіпті Абай.

Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей?

Бахи қоймас фәнидің мінін білмей. (Абай)

Бұ дүниесі (фәни - жалған) баянсыздың, О дүниесі (бахи - шын) қаран. Жаратылысында пенде атаулы (әулие болса да) Бұ дүниеге әуелі Аллаһқа құлшылық, сосын рухына О дүниелік иман жинау үшін келеді. Сол иманды жинау барысындағы Құдайға құлшылық нәтижесі, ілімі, өнері соңғылыққа көз, жолшырақ, өнеге мен үлгі, сөз болып қалады. Абайдікі де, Мұқағалидікі де - сол. Сөзіміздің айқындамасы міне мынау: «Егер Аллаһ сендерге медет берсе, сендерге тең келер ешкім болмайды» Құран (3-160).

Әмәнту (Аллаһқа иман) оқымаған кісі бар ма?

Уә, кутубиһи (кітаптары) дегенмен ісі бар ма? (Абай)

Бұл түйінге мән берсек, Абай заманында Аллаһқа иман келтірмеген (сенбеген) кісі болмаған. Бірақ, Оның (Аллаһтың) кітаптарына ден қойып, ілім іздеген пенде некенсаяқ немесе жоқ болған. Ал, біз қазір, Аллаһтың кітаптарын зеределеу түгілі, Оның Өзіне Абай замандастарындай иман келтіріп немесе сеніп жүрміз бе? Жоқ! Неге? Дәлеліміз бар. «Заман солай болды». Онда Мұқағали-шы? Тіпті, біздіңше, ол ішіп өтті ғой өмірден. Ендеше, Мұқаңа иман, Хаққа құлдық танымы қайдан келді? Бұған оның өз сөзімен жауап берер болсақ, былай:

Мұхаммедтің үмбеті - Мұсылманмын! (Мұқағали)

Бұл жәй, әшейін айта салған сөз бе? Біздіңше, жоқ. Өйткені, шын мұсылман, шын Құдайдың құлы ғана Мұхаммедке (сғс) үмбет бола алады. Әрі Құдайға құл, Мұхаммедке үмбет болған адам әсте жамандық істемейді. Бір пендешілік жасап қойған күннің өзінде, ондай адам тез, табанда таубасына келеді. Мұсылман - ол, тек жақсы адам. Жақсы адам бола алмаса, ол адамның шын мұсылман да бола алмағаны. Демек, Мұқағали - «Мұсылманмын» деді. Әлхамдулиллә! Ендеше, Мұқағали да сөзсіз жақсы адам. Немесе сөзсіз жақсы адам болған. Ал, ондай жақсы адамдарға Құранның берген серті, жауабы мынау: «Кімде-кім өзін Аллаһқа тапсырып, жақсы іс істей білсе, оның сауабын Аллаһ алдынан алады» (2-112). Міне, Ол (Мұқағали), олар (Абайлар) алды. Олар Аллаһ алдынан Алғандарынан бізге де қалдырды. Қазақша айтқанда, езулерінен енші беріп кетті. Өйткені, олар жақсы адамдар еді. Олар жақсы адамдар болғандықтан да, олар - Аллаһ Тағаланың сіз бен біздің рухымызға жағып қалдырған рухани шырақтары болды. Олардың біздің жүрегімізде жанып тұрғаны да, жана беретіні де сондықтан. Бірақ,

Бойда қайрат, ойда көз

Болмаған соң, айтпа сөз! (Абай)

Өкінішті. Біздің заман Аллаһтан бізді, діннен ілімді бөліп тастады. Медицина ғылымының жан (рух) жайлы жақ ашпай, тапқанымен тәнді емдейтіні соған мысал. Қасиетсіздік, қабілетсіздік, аспан асты «Бір мендік» соның жемісі деп жұртты сендіріп көрші қазір. «Е-е!» дейді де қояды. Сенгенсиді. Бірақ, сенбейді. Болмаса Аллаһсыз дін, дінсіз ғылым жоқ екені Әл-Мисақтан дәлелденген ақиқат еді. Құранда: «Мұны тек ақыл иелері ғана біледі» (3-7) делінген. Сол ақыл иелерінің бірі Мұқағали осы дін мен ғылым жайлы:

Дін - ғылымның анасы.

Дін - ғылымның атасы.

Ғылым - діннің баласы.

Дін - ғылымның көкесі.

.  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .

Қол қусырып Құдайға

Ғылым мен дін бірге бар!

- деп қағидаласа, Адам Ата ұрпақтарына Аллаһ тарабынан ескертілген ендігі - От (Топырақ пен Топансу апаттары болып өткен) апатының білтесі саналатын, «Қасиетті іс қыламын» деп, қасіреттің оғын дайындауға себепші болған ғұлама ғалым А. Эйнштейннің өзі Аллаһ ақиқатына көзі жеткенде: «Дінсіз ғылым көр. Ғылымсыз дін ақсақ» деп бекітті. Бұл сөзінің түбінде, оның атом құпиясын ашуға бара жатқан жолында Аллаһты танымағаны, бірақ болары болған соң барып Оны танып, бармақ тістеген өксікті өкініші жатыр. Бұл, бір жағынан, оның бізге, «Мен қателестім, енді сендер де қателесіп қалмаңдар» дегені. Қасиетті Құранда бұл туралы: «Аллаһ сендердің өз бастарыңнан мысал келтіреді» (30-28) делінген. Сол мысал міне осы - А.Эинштейн. Немесе оның атом жаңалығын ашудағы тапқырлығы.

Ақылдағы көзсіздік (дінсіздік) - Аллаһты, имани ілімді танымаушылдық. Аллаһты танымаған, ақылы көзсіздің ғылымға баруы ғылымдағы көзсіздікке тірейді. Ал, ғылымдағы көзсіздік, айналып келгенде күллі адамзатты құртып-жоюдың себепшісі болып шыға келеді. Ондай ғылым А.Эинштейн айтқан ғылымдағы дінсіздіктен туған КӨРлік болмай немене? Бұл жайлы Абай:

Сөзді ұғар көкірегі болса көзді.

- деді. Мұндағы (және жалпы) Абай сөзі - Құран сөзі. Құраннан нәр алған, Құран ақиқатымен ақиқаттанған, қаруланған хақиқи сөз. Оқыңыз. Құранда Аллаһ Тағала: «Негізінен көздер соқыр емес, көкіректегі көңіл көзі соқыр» (22-46) деген.

Демек, Аллаһсыз, дінсіз ғылым жоқ. Дінсіз ғылым адамзатқа бақыт әкелмейді. Біздің бұл пікірімізді француз ғалымы, доктор Лекомт де Ньюи: «Білімнің дамуы рухани дамумен параллель болмайынша, адамзат ешқашан бақытты бола алмайды. Өмірде бірер (тек бірер ғана) ғылыми жаңалық табуға (Ол да Аллаһтың ғылымы әрі Оның нәсіп етуімен) болады. Бірақ, бәрібір, адамға бақыт және міндет беретін нәрсе руханият (дін)» деп растайды. Ал, ендеше, біз қай бағытты ұстанудамыз? Ойланайық!

Мойындау ізденстің басы. Демек, біз әлі,

Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ.

Наданның көзін қойып, көңілін (жүрек көзін) ашпақ.

-деп, жүз толғанып, мың толысқан Абай дітінің, танымының, мақсатының артында, айдаласында жүрміз. Оған жақындау, тану, жете түйсіну үшін бізге Мұқағали ізденісі, Мұқағали танымы (Дін - ғылымның атасы) керек. Оның Абайды тануы - Аллаһты бұрынғысынан да жете тануына себеп болған. Құранда Аллаһты тануда себеп жоққа шығарылмайды. Қайта дәріптеледі. Мысалы, пайғамбарлар адамдардың Аллаһты тануына бірінші ескертушілар. Себепкерлер.

Мұқағали: «Пушкин мен Абайға айналып соға берем» депті. Пушкин жайлы сөз басқа (ол да Аллаһты танып, 12 өлең жазған). Абайға шын айналып бір соққан ақылы ояудың әуелі Аллаһты Абайша танып (Аллаһтың Өзі де рас! Сөзі де рас!) шықпауы мүмкін емес. Егер көкірегі көзді (дінді) болса. Өйткені, Абай тұтас тұлғасымен, болмысымен діндәр. Өз шындығын жасырғысы келмейтін ізденушінің Абай жайлы бұл ақиқатты мойындамауы да мүмкін емес. Кезінде яһудилер Тауратты бұрмалағаны секілді, Абайды, дұрысы Абай идеясын біз қанша құдайсыз (атеист, буддист, кришнаит) деп бұрмалағанымызбен иманды, мұсылман Абай Абай күйінде қала береді. Кетсек біз кетеміз бұ дүниеден осы, оны (Абайды, Абай таныған Аллаһты) танымаған күйімізде...

Демек, Аллаһ ақиқатын танымаған пенде адамдар арасында да ескерілусіз қалады. Мұқағали әне соны білді. Білді де Тәңірін таныды. Дұрысы оған да Аллаһ Өзін тануды нәсіп етті. Оқыңыз: «Ол - Аллаһ Жалғыз» Құран (112-1).

Жаратушы Жалғыз Ием, қуат бер?! (Мұқағали)

Оның тіпті, Фәни мен Бақиды тұтастырып жатқан «Моцарт - Жан азасы» ақыл-ойға сыймайтын ішкі рух әлемінің сөзге айналған тұтас бір тұлғасы еді. Ол биікті топырағымызда Мұқағали жалғыз игерді.

Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой.

.  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .

Өмір дегенің - бір күндік сәуле екен ғой. (Мұқағали)

Бұл - тану. Бұл - иман нұры. Арғы тегі - Аллаһ. Ақылға сыймас Аллаһ нұры. Мұқағали көп ретте Аллаһ жайлы ашық кетпегенімен, оның жыр - ділінің түбінде жылтырап иман нұры жатады. Ол нұрды да имани діті бар адам ғана діттей алмақ.

Адам Ата (адам баласы демекші) өлмесін!

Ақыр заман келмесін!

* *            *

Мекенім Ніл дәрия - Меккем менің.

Келеді мәңгілікке мекендегім.

Ол мұнда Хақтан - Жәннатты тілеп тұр)

Дәриға-ай, Зулфыхарды (Зурфыхарды емес, Бурақты)

ерттеп мініп,

Көрмеген мекеніме кетер ме едім?!

Семсерін Хазірет Әлі ескек етіп,

Жерорта теңізінен өтер ме едім?! (Мұқағали)

Бұл мысалды келтірудегі мақсатымыз, Мұқағали Ұлы Жаратушы Аллаһ Тағаланы тану жолында жалпы діннен, оның ішінде хақ дін - Исламнан, Ислам тарихынан толық білімдар екенін көпке ескертіп өту.

Құбылаға бет алып, қол қусырып,

Сәждеге бас қоятын қайда күнім?! (Мұқағали)

Аллаһтың адал құлы, адамның алапат ақыны Мұқағали мұнда тазалықты, тақуалықты қалай аңсап өткен? Қандай ділгірлік? Өзіне ғана емес-ау халқына, қасиеті қашып, (ол өмір сүрген тұста) иманы іри бастаған қазағына арнап аңсау ғой бұл.

Түсіндім!

Түсінбейтін өрекпе екем.

Қалай мен адамдардан бөлек кетем?

О, менің сүттен аққан қос бұлағым,

Айтыңдар, нем бар менің бөлек, бөтен?

Құттықтап  құстар сайрап сөйлеседі,

Құдайдан келген әлде дерек  пе екен?!

Айтыңдар, мазасы жоқ бұл ғаламға,

Алысып аспан мен жер тулағанда,

Адамнан бір құрбандық керек пе екен?

. . . . . . . . . . . . . . .

Мың сәлем!

Құдыретке жеткізіңдер,

Құрбандық керек болса шалсын мені!

Әлем тыныш болса екен арт жағымда! (Мұқағали)

Бұған, бұл берілуге, бұл өтінуге бір сенбесе өлгеннен соң қайта тірілуге («Біз шынында өлгендерді тірілтеміз». «Олар Сүр (сырнай сияқты аспап) үрленген замат қабырларынан тұрып, Раббылырына қарай жүгіреді» (36 - 12, 50). «Ақырғы орын - Аллаһтың алды» Құран (3-28) сенбейтін, өлімді «Бірақ құрып-жоғалу» деп, Аллаһтың Құран арқылы білдірілген ақиқаттарын «Аңыз» («Біздің аяттарымызды тек опасыз кәпірлер ғана мойындамайды» (31-32).  Олар: «Бұл (Құран) тек бағзы замандардан қалған аңыз» дейді» (6-25) деп білетін, иманнан хабарсыз,  көкірек көзі жабық, өмірді дүдамал сүріп жүрген дүниеқор ғана сенбейді. Және келіп, жаны жалған, тілі шын, жүрегінің шындығын бір де рет айтып, жазып көрмеген екі беті бар жазғыш сенбейді. Өйткені, ондайлар басқаларды да өз айналасынан іздейді. Ондайлардың еркі өзінде. Дегенмен, ойланған жақсы. Құранда: «Аллаһ  бір адамның көкірегіне екі жүрек жаратқан емес» (33-4) делінген.

«Пышағыңызды әбден өткірлеп қайраңыз да, бауыздауды дәл тауып, бір тартқаннан қалтырмай, сеспей қатыратын болыңыз» («Құран хикаялары»). Міне бұл, Сымайыл пайғамбардың Аллаһ жолына өзін қүрбан шалғалы тұрған әкесі Ибраһимге (ғ.с) айтқаны.

Туған елдің маңдайының қырсығын,

Арылтуға керек болса бір шығын,

Жаным әкем!

Құрбандыққа мені шал,

Қамықпағын, қиылар деп қыршыным. (Байрон)

Бұл - ұқсастық. Үшеуі де құрбандыққа тәуекел. Бұл - ділдегі, танымдағы ұқсастық. Шындардың айтатын шыңырауындағы ұқсастық. Шындық. Ақиқатты тану. Хаққа құлдық. Аллаһқа, инабатты, иманды іс жолына өзін арнаудың соңы - бұл. Ағынан жарылудың мұнан асқаны болмайды. Десе де, Байронды қайдам, өйткені, бұл өлең «Эпбай қызының монологы» ғой. Ал, Мұқағалидың Аллаһқа ант беріп, ұлылықпен - Смайылмен (ғ.с) үндескені шексіз. Шүбәсіз.

Дүнйедегі жауыздық біткенді

Артыңдар маған, көтерем.

(Егер)

Жауыздық біткен менімен ғана бірге өлсе,

Қазыр-ақ өліп кетер ем! (Мұқағали)

Және бір ойландыратыны өлім жәйлі Мұқағалидан көп жазған ақын жоқ. Әрі бағалап жазды. Бүл өмірдің жалған, ол - ахирет өмірінің шындығын сезді. Құранда Аллаһ: «Дүниенің пайдасы аз. Аллаһтан қорыққандар үшін ахирет қайырлы» (4-77) десе, оны Мұқағали:

Жер!

Сенің «есігіңді» қағып тұрмын.

* * *

Асылып жауыр қылған арқаңнан да,

Қойының әлдеқайда қымбат маған!

-        деп, Ұлы Раббының алдына ертерек кетуге бел буды. Аллаһ Тағала болса Бұ дүниеде Өзін танып, тек қана игі іс істеген жақсылар ұшін О дүниенің қайырын онан ары айқындап, «Тақуалар үшін Раббының қасында іргесінен бұлақтар ағып жататын, мәңгілік тұрақ болатын ұжымақтар бар» (3-15) екенін сездірді. Бұл - Аллаһ Сөзі - Рас Сөз! Бірақ,

Рас Сөздің (Аллаһ Сөзінің) кім білер қасиетін?! ( Абай)

Жоқ, дегенмен Құдайға шүкір, Мұқаң білді.  Дұрысы, Мұқағалиға бұл ақиқат ақиқат Иесі Аллаһ тарабынан білдірілді.

Абай өлеңдерінің қай бірін оқысаңыз да негізін Құран аяттарынан немесе Пайғамбар хадистерінен алғанын жазбай танисыз. Мұның быразына мақаламызда көзімізді жеткізсек керек? Сенбейсіз бе? Оқыңыз. Салыстырып, сабырмен оқыңыз. Әрине, бұл «Абай көшірмеші» деген жаңсақ ұғым тудырмаса керек?

Құран аяттары пенденің сөзі емес, Аллаһтың сөзі.

Көптің қамын әуелі Тәңірі ойлаған.

- деп Абай айтпақшы, ол (аяттар) - Ұлы Жаратушы Аллаһ Тағаланың Адам ата ғалаиһис сәлам ұрпақтары болған күллі адам баласына адасып, кұнәлі болмаулары, шындықты танып, Тура жолмен (Ислам) жүрулері үшін Пайғамбарымыз (сғс) арқылы жіберілген аяндары еді. Немесе «Құранды шайтандар әкелген жоқ» (27-210). «Құранды расында Біз түсірдік әрі Біз оның қорғаушысымыз» (15-9). Демек, «Құран - күллі жахан халқына уағыз - насйхат» Құран (6-90). Немесе,

Құран - Рас, Аллаһтың сөзі дүр ол! (Абай)

Ол - Сөз емес, нұр-тұғын! Ақылы оянып, жан жанары ашылған, ең парасатты пенденің (Абай мен Мұқағали сияқты) одан енші алуы әбден заңды. Жалпы оған (Құранға) кім жұғыса кетсе де жарқырап, нұрлап сала бермек. Берекеті артып, шынданбақ. Әрі Тура жолға түспек. Дейтұрғанмен Аллаһтан, Аллаһ Сөзінен асып айту, сөйлеу әуелден жоқ. Өйткені, «Аллаһ сөзі ең жоғары сөз» Құран (9-40). Тіпті, бұлай айтуымыз түгілі, ойлауымыздың өзі асқан күпіршілік. Астаһфируллаһ! Сондықтан,

Ақылға симас Ол - Аллаһ! (Абай)

Абай сіз бен бізге оғжетпес болғанымен, Ұлы Жаратушы Аллаһ Тағала алдында - құл! Пенде. Жай пенде. Оның алдында реті бойынша - Пайғамбарлар, әулйелер, әнбиелер, шайыхтар мен шейттер, сосын барып Абай мен Мұқағали сияқты даналар тұрады. Демек, олардың бәрі де Раббы алдында еңәуелі құл. Олар түгілі, он сегіз мың ғалам құл! Сондықтан Құранда: «Көк пен жердегілердің барлығы Аллаһы дәріптейді» (57-1) делінген. Демек, жаратылыс атаулы (біз де соның ішіндеміз) түгелімен өзін жаратқан Раббысын мадақтап, растап, зікір (еске алып) етіп тұрады. Абайдың,

Тағдыр етсе Аллаһ,

Не көрмейдібәндә?!

- деуі осы тылсым құдыретті сезгені.

Сөзімізді қортар болсақ, бізде, соңғы екі ғасырда Құранға сүйеніп, Аллаһтың нұрымен нұрлана отырып, шынайы нұрлы сөз айтқан ақын екеу. Олар - Абай мен Мұқағали. Қызығы біз Абай мен Мұқағалиды танимыз. Олар таныған, сиынған Жалғыз Жаратушы Аллаһты танымаймыз. Неліктен? Өйткені, шын Абай Абай емес - діндәр Ибраһим еді де, шын Мұқағали Мұқағали емес - құл Мұхамедқали еді. Ал, біздің танитынымыз, қазірге дейін танығанымыз ақындықтағы діндәр Ибраһим мен құл Мұхаммедқалиға  барар жолдағы жай Абай мен жәй Мұқағали ғана. Сондықтан діндәр Ибраһим мен құл Мұхаммедқалиды тану енді басталады. Ол үшін Абайдың емес Ибраһимның, Мұқағалидың емес Мұхаммедқалидың мынадай жұректі нұрсыздықтан, ақиқатсыздықтан, ашығы дінсіздіктен жұлқа оятар Илаһи да нұрлы жан дауыстарын және де бір рет шын, жанымызбен тыңдап көрелікші, қане!

 

Ө С И Е Т

Аллаһтың Өзі де рас.

Сөзі де рас!

* * *

Распенен таласпа мүһмин (мұсылман) болсаң!

* * *

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй,

Ол - Аллаһты жаннан тәтті!

(Ибраһим)

Бірігіңдер әлемнің мұсылманы,

Құрбан болсын Құдайым үшін жаның!!

(Мұхаммедқали)

Cоңы

Ақпан, 2000 жыл

"Abai.kz"

0 пікір