Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4972 0 пікір 23 Қаңтар, 2013 сағат 13:10

«Парыз» телехикаясы

«Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көрермендердің сұрауы бойынша «Парыз» телехикаясы қаңтардың 28-нен бастап, сағат 18.05-те қайта  көрсетіле бастайды деп хабарлайды «Қазақстан РТРК» АҚ -ның баспасөз хатшысы.

«Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен «Сатайфильм» түсірген отандық телехикая қазақ полицейлерінің  қылмыс әлемімен аяусыз күресі баяндалады.  Махаббат пен қатігездік, адалдық пен сатқындық, кәсіби шеберлік пен табанды күрес, ұстанымдар қақтығысы сияқты  шытырман оқиғаларға толы телехикая көрерменімен қайта қауышпақ.

«Сатайфильмнің» бұл туындысы Голливуд пен Болливуд түсірген фильмдерден еш кем емес. Ұлттық арнаның тапсырысы болғандықтан, шығармашылық топ сериалды түсіруде ұлттық құндылықтарға басымдық берген.

Жасұлан Пошанов, фильмнің қоюшы режиссері:

Біздің Ішкі істер қызметкерлері, тек біздің ғана емес әлемдік полицейлер туралы фильмдер көп. «Парыздың» айырмашылығы,  Қазақстанда болып жатқан оқиға, қазақтың полицейлерін, олардың қазақи қасиеттерін көрсетуге тырыстық.

Қос полицей Асан мен Нартайдың бастан кешкендері 30 серияға арқау болады. Бірі - тісқаққан тәртіп сақшысы, екіншісі - оқуды жаңа бітірген жас маман. Асанның бейнесін Әділ Ахметов сомдаса, Нартайдың рөлінде Азамат Сатыбалды. Екеуі көпшілікке Астана мен Алматы драма театрларының белді актерлары ретінде жақсы таныс.

Әділ Ахметов, актер:

Түсірілім кезінде әртүрлі оқиғалар болды. Аяғымызды қайырып алған кездеріміз. Біріміздің басымыз біріміздің бетімізге тиген кездері есіме түсіп кетеді.

Азамат Сатыбалды, актер:

Өзім өмірде шыдамсыздау, күйгелектеу адаммын. Ал фильмдегі Нартайдың образы өте сабырлы «жеті  рет өлшеп, бір рет кесетін» жігіт. Екі айдан аса Нартайдың сабырлығы өзіме берілген сияқты.

Кейіпкерлердің жеке қасиеттерін бойларына сіңірген актерлар алғаш рет тапаншадан оқ атып, қолға кісен салуды үйреніпті. Содан болар, фильмдегі басты трюктерді де өздері орындайды. «Парыз» атты  қастерлі ұғымды өмірлік қағида еткен жандар мен қарақшылық жолды серік еткендер арасындағы қақтығыста кімнің мерейі үстем болады? Оқиғаның қалай аяқталатынын білгілеріңіз келсе, «Қазақстан» ұлттық арнасынан кешкі сағат 18.05-те  «Парыз» телехикаясын тамашалаңыздар!

0 пікір