Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3760 0 пікір 22 Қаңтар, 2013 сағат 16:32

Қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы аяқталды (фото)

Астанадағы "Қазмедиа" орталығында өткен қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы өз жұмысын аяқтады. Бұл шараны ұйымдастырушылар - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, www.abai.kz ақпараттық порталы, www.alash-orda.kz ақпараттық порталы және «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы.

Төменде жиын барысында және конференциядан кейін facebook.com әлеуметтік желісіндегі айтылған пікірлер мен лебіздерді, ұсыныстарды жинақтап беріп отырмыз.

Алдағы уақытта қазақ сайттары редакторларының ұсыныстары мен пікірлерін есепке алып, арнайы бірлескен талқылатын өткен соң, қазақ сайттары редакторлары конференциясының қарарын жариялайтын боламыз.

Abai.kz

Арман Қырықбаев, Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

Алдағы жылда 450 интернет ресурсын ашу жоспарланып отыр, бүгінге дейін жергілікті жерлердегі басылымдардың 167 интернет парақшасы ашылса, жалпы 200-ге жуық басылымның интернет парақшасы бар, оның басым көпшілігі қазақ тілінде. Биыл ақпарат саласын дамытуға 1 миллиард теңге бөлінсе, оның 110 миллиондайы интернет ресурстарға бөлінген.

Ерлан Қарин, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының хатшысы:

Достар! Конференцияны ұйымдастыруға атсалысып, талқылауларға белсенді қатысып, келіп, қолдағандарыңызға мың алғыс! Меніңше, маңызды әрі пайдалы жиын болған сияқты. Әрине, бәрін бір күнде шеше қоймаспыз, дегенмен арнайы кездесіп салалық мәселелерді жан-жақты талқылағанымыздың өзі үлкен қадам. Осымен іс-шара өтті екен деп көтерілген мәселелер қалып қалмасын. Осы топта ұсыныстарды талқылай берейік. Және ең бастысы - келесіде амандықта кездескенше! Көпшіліктеріңізді білемін және жаңа әріптестеріммен таныстым, конференция аясында көріп, жүздескеніме қуаныштымын.

Айдос Сарым, саясаттанушы, Abai.kz ақпараттық порталының үйлестірушісі:

«Қазақ сайттары» мемлекетқұрушы қазақ ұлтының басын біріктірудегі басты қозғаушы күш яғни, Қазақстандағы ақпараттың ең бірінші иесі.  Сондықтан олар өздерінің осы жауапшкершілігін сезіне білуі, соның арқасында салиқалы түрде кәсіби бәсекелестікті дамытуға атсалысуы керек. Сонда ғана болашақта әлемдік бәсекеге қабілетті қазақ сайттарының көш керуенін түзуге болады. Сондықтан конференция соңында арнайы қарар жобасын қабылдап, оны ғаламтор беттерінде талқылау арқылы ортақ пікірге келуге тиіспіз.

Асхат Еркімбай, блоггер, журналист:

Кез-келген нәрсенің ғылыми негізі болуы керек деп есептеймін. Сондықтан қарарларыңызға Интернет журналистика, жаңа медианы зерттегісі келетіндер үшін арнайы гранттар бөлінсін немесе орталық құрылсын дегенді қосуларыңызды өтінемін. Одан кейін медиатренерлерді дайындау үшін де арнайы бір орталық құрылуы керек немесе қазіргі үкіметтік емес ұйымдарға арнайы гранттар бөлінсе екен.

Нәзия Жоямергенқызы, журналист:

Достар, қазіргі Қазақ интернетін дамытуға блогерлер де, ІТ саласының мамандары да үлкен үлес қосуда. Оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бұл олардың сапалық деңгейі жоғары деген сөз емес. Әлбетте, Интернет журналистиканы тек кәсіби журналистер, 4-6 жыл журфакта білім алған мамандар жүргізсін деу - жаңсақтық. Алайда сапаға көңіл бөлгісі келетін сайттар білікті мамандарды тартса керек-ті жұмысқа. Әттең, оған да қаражат тапшы. Сондықтан ұсыныс-пікірлер жиналуда, ұйымдастырушылар арнайы құжат қабылдауды жоспарлап отыр. "Бізді журналистер өзекке тепті" деп рнежудің де жөні жоқ. Айналып келгенде, бәріміздің илегеніміз және илейтініміз - бір терінің пұшпағы. Алда қиын өткел, атқарар қыруар тірлік тұр. Сондықтан іске сәт!

Қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы аяқталды. Қызу тартыспен өткен жиынның берері мол. Алға қояр мақсат пен міндеттердің біразы айқындалды.

Ғалимұрат Жүкел:

Қазақ сайттарының редакторлары алғаш рет бас қосты. Бәрекелді! Шараның жоғары деңгейде өткендігін Дәурен, Айдос және Берік ағаларымыздың керемет суретінен-ақ байқауға болады. Әзірге жиында көтерілген мәселелерді шолып шығу мүмкін болмай тұр. Өйткені жұмыс уақыты әлі аяқталмады. Бірақ, «Қазақ сайттары» - мемлекетқұрушы қазақ ұлтының басын біріктірудегі басты қозғаушы күш" деген тақырыпқа назар аударсақ (Абай.кз-дағы бас мақала) нақты мәселелер көтерілгенге ұқсайды. Конференцияда тек орталықта айтылар жайттар ғана емес, өңірлердегі қазақ сайты һәм қазконтент мәселесі көтерілді дегенге сенім мол. Осылайша, тым болмағанда "Интернет деген м.агент",- деп түсінетін аймақтардағы қате пікірді түзету мәселесі айтылған болар.

Асем Чапай:

Қазақ сайттары редакторларының конференциясынан түйгенім көп болды. Жалпы жобаны ұйымдастырудағы жауапкершілік пен бағдарламаның құрылымы, тақырыптары, бөлімдері бәрі жоспарға сай өтті. Бұл салаға тікелей қатысым болмаса да, ақпарат кеңістігіндегі жаңалықтар мен жаңашылдықты тыңдауда көптеген тиімді ақпараттар ала алдым. Не түсіндім, нені түсінбедім және қорытынды ойымды, ұсыныстарды ертеңгі күннің еншісіне қалдырып отырмын. Ең бастысы осы кездесудің жалғасы үзілмесе деген тілек бар!

0 пікір