Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3064 0 пікір 18 Қаңтар, 2013 сағат 10:25

Айдос САРЫМ, саясаттанушы: МОҢҒОЛИЯ РЕСЕЙДІҢ БОДАНЫ БОЛАТЫНДАЙ АҚЫМАҚ ЕЛ ЕМЕС

Өткен жылы Ресейдің  Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Моңғолияның 2014 жылы Ресейге қосылатынын айтып, ол келісім Дмитрий Медведев билігі тұсында қабылданғанын мәлімдеп еді. Орманды елде осынау мәлімдеме үлкен пікірталас тудырған-ды сонда. Сіз қалай ойлайсыз, расымен де Моңғолия Ресейдің боданы болмақ па?
-     Моңғол жұртшылығы, олардың саяси элитасы дәл сондай келісімге келетіндей ақымақ ел емес. Соңғы кездері Ресей нақты саяси мүдденің орнына қиялға бергісіз нәрселерге бой алдырып отырғандай. Және осындай дүниелер арқылы бұрынғы Кеңес Одағына кірген әріптестеріне ықпал ету мақсатында айтқан секілді. Әрине екі алпауыт елдің ортасында тұрған Моңғолияның шет жаққа шығу жағдайы Қазақстанмен салыстырғанда өте қиын. Мүмкіндіктері артып тұрса да, Ресейдің ірі компаниялары Моңғолияның ішкі нарығына, жер асты байлықтарына ие болу жағынан ұтылып жатыр. Меніңше, қазіргі жағдайда Моңғолияға Ресей мен Қытай ғана емес, Жапония, Канада, АҚШ компанияларын елге тарту арқылы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, Ресейдің ықпалынан шығу мақсатындағы тіршіліктерін жалғастыра бергені дұрыс. Ал Ресейге туыс болып келетін Украинаның өзі ат тонын ала қашқан кезде, орысқа он қайнаса сорпасы қосылмайтын моңғолдың қосыла қоюы екіталай.

Өткен жылы Ресейдің  Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Моңғолияның 2014 жылы Ресейге қосылатынын айтып, ол келісім Дмитрий Медведев билігі тұсында қабылданғанын мәлімдеп еді. Орманды елде осынау мәлімдеме үлкен пікірталас тудырған-ды сонда. Сіз қалай ойлайсыз, расымен де Моңғолия Ресейдің боданы болмақ па?
-     Моңғол жұртшылығы, олардың саяси элитасы дәл сондай келісімге келетіндей ақымақ ел емес. Соңғы кездері Ресей нақты саяси мүдденің орнына қиялға бергісіз нәрселерге бой алдырып отырғандай. Және осындай дүниелер арқылы бұрынғы Кеңес Одағына кірген әріптестеріне ықпал ету мақсатында айтқан секілді. Әрине екі алпауыт елдің ортасында тұрған Моңғолияның шет жаққа шығу жағдайы Қазақстанмен салыстырғанда өте қиын. Мүмкіндіктері артып тұрса да, Ресейдің ірі компаниялары Моңғолияның ішкі нарығына, жер асты байлықтарына ие болу жағынан ұтылып жатыр. Меніңше, қазіргі жағдайда Моңғолияға Ресей мен Қытай ғана емес, Жапония, Канада, АҚШ компанияларын елге тарту арқылы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, Ресейдің ықпалынан шығу мақсатындағы тіршіліктерін жалғастыра бергені дұрыс. Ал Ресейге туыс болып келетін Украинаның өзі ат тонын ала қашқан кезде, орысқа он қайнаса сорпасы қосылмайтын моңғолдың қосыла қоюы екіталай.
-     Моңғолияның ұлы мемлекеттік жоғарғы Хуралының төрағасы «бұл дұрыс шешім» деген сыңайда әңгіменің шет жағасын шығарып отыр емес пе?
-     Әрбір елдің ішінде өз ақымақтары мен қиялилары да болады. Мысалы, біздің депутаттардың арасында Еуразиялық одақ туралы неше түрлі қияли пікір айтып жүрген азаматтар жеткілікті. Мұндай пікірлер айтыла беретін шығар. Бірақ Моңғолиядағы демократияның дамуы мұндай жағдайға апара қоймайды. Әрі ішкі саясатын шешетін президенті мен үкіметі бар.
-     Десе де, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» емес пе?! Ресейдің Сыртқы істер министрі 2012 жылы Д.Медведев президент болып тұрған тұста, моңғол басшысы екеуінің арасында осындай келісім жасалғанын неге сүйеніп айтты сонда?
-     Ол орыстардың меңзеп отырғанындай келісім емес. Үлкен қиянаттың бірі мынада: Еуразиялық қауымдастық дегенде Ресей бұрынғы Кеңес одағы империясын қайта қалпына келтіруді мақсат етсе, Қазақстан одан экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізуді жолға қойып отыр. Ресей өздеріне не керек екендігін түсінбей, әріптестерімен шынайы пікір алмасу жүргізіп жатқан жоқ. Интеграция болмас бұрын, кез келген ең алдымен «интеграция дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беруі керек. Біздер «алдымен интеграцияны алып алайық, сосын жауап іздейміз» деген сияқты тіршілік кешіп жатырмыз. Бұл да сол секілді жағдай. Қалай болғанда да, Қытаймен қарым-қатынас жасап отырған Моңғолия екі жақпен де ойнауға мәжбүр. Бұл олардың мәңгілік ойындары.
-     Соңда Қытай Моңғолияға тісін «батырып» отыр ма?
-     Бұл орайда Қытайда моңғолдардың көптігін ескеруге тиіспіз. Қытай өздеріндегі моңғолдардың санын ескере отырып, Моңғолиямен қарым-қатынас жасауда. Құйтұрқы саясат жүргізсе, ол ішкі Қытайдағы жағдайды бұзуы мүмкін. Себебі, соңғы кездері Қытайда болған бүліктердің көбін жергілікті моңғолдар бастаған. Қытай оларды жаулап алады деген пікір жоқ, тек қана жер асты байлықтарына қол жеткізу, экономикалық тұрғыдан тәуелді қылу саясатын жүргізіп жатыр. Қазіргі нобайын есептесек, Моңғолияның Қытаймен қарым-қатынасы Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткішке ие.
-     Мысалы үшін, Кедендік одақтың соңы түбінде одақтасу жағдайына апарып соғуы қаншалықты ықтимал?
-     Ресей Тынық мұхиты елдерімен қарым-қатынас жүргізіп отыр және осы тұрғыда Моңғолиямен де белгілі бір тұрғыда ынтымақтастық орнатуды мақсат етіп алға қойған болуы әбден мүмкін. Мысалы, Моңғолиямен кезінде өте тығыз қарым-қатынаста болған. Кеңес одағы өз дәуірінде Моңғолияны Болгариямен қатар он алтыншы республикамыз деп атап жүрді. Қазір дәл сондай саясат жүргізуге келгенде Ресейдің қауқары да, мүмкіндігі де жоқ. Себебі, орыстар Сібірден айырылып қалайын деп отырған жайы бар. Бүкіл Ресей халқының бес пайызы ғана Орал тауларының арғы жағынан Тынық мұхитқа дейінгі аралықта өмір сүріп жатыр. Қытайдың кәсіпкерлері Сібірге баса-көктеп кіріп, орыстарға инвесторлық тұрғыдан бәсекелестік тудыруда. Нақты деректерді алсақ, Моңғолияға 1990 - 2011 жылдардағы салынған инвестициялар көлемімен есептегенде Ресей алғашқы жетілікке де кірмейді екен. Ең бірінші орында Канада мемлекеті тұр. Гонконг, Жапония секілді басқа елдер бұл орайда әлдеқайда белсенді. Мүмкін Ресей де осындай мәселелерге араласқысы келіп жатқан шығар. Бүгінгі күні металдар жағынан керемет инвестициялық мүмкіндіктер ашылып жатыр. Бір ғана мәселе ол - алтын мен мырышты шығару. Моңғолияның жақсы темір жолдары болса әлемге Ресейден гөрі Қытай арқылы шыққаны тиімді. Кезінде КСРО мен Қытай арасы қырғиқабақ болғанда моңғол мен қытай арасында темір жол саласы дамымай қалды. Міне, қазір осы мәселені қытайлықтар қолға алып жатыр. Моңғолдардың қытайдағы туыстарына еркін түрде визасыз барып, келуіне мүмкіндіктері бар. Осының барлығын қаперге алсақ, Моңғолия Үкіметі үшін транзит мәселесінде Ресейде гөрі Қытай тиімді мемлекет. Ресей бұл тұрғыда жұмыстарын жасай береді. Қазақстанның компаниялары Моңғолиямен қарым-қатынас мақсатында жұмыс істеуі керек. Оған біздің мүмкіндігіміз бар. Моңғолия халқының біразы қазақтар екенін де ұмытпағанымыз жөн. Қазақстан үкіметі мүдделестік жағынан Қытай мен Ресей арасында мүмкіндігін дамыту үшін Моңғолияның жер асты байлықтары үшін таласуы керек. Мыс қоры бойынша Моңғолия әлемде 4- орында. Алтын ойынша 30-орында. Көмір қоры бойынша да алғашқы орында келеді. Яғни, бұрын игерілмеген дүниелер енді ғана ашылып жатыр. Канада, Ресей, Корея, Гонконг компанияларымен бірге тендерлерге қатысып, мүмкіндіктерімізді арттыра беруіміз керек. Бұл бір жағынан қазақ азаматтарын қолдау тұрғысынан, екіншіден, Қазақстан секілді әріптес тарту Моңғолияның қолын ұзартады. Ол тек Қытай мен Ресейге ғана емес, басқа елдердің инвестициясы арқылы сауда балансын түзейді. Бір мемлекеттің осыған дейін өткен жолын, тарихын, арман-мұратын ысырып қойып, басқа мемлекеттің құрамына кіру ол - қиянаттың ең үлкені.
-     Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров одақтасу іске асқаннан кейін моңғол мектептерінде орыс тілін міндетті пәндердің қатарына қосу туралы айтып отыр...
-     Мен білетін моңғол элитасы көп жағдайда ағылшын тілін меңгерумен қоса, басқа жағынан да әлемдік нарыққа мойын бұрып жатыр. Бірінші кезекте «моңғолға орыс тілінің қажеттілігі қандай?» деген мәселе туындайды. Бұл орыстың өз қалауы. Моңғол жазуының кириллица екендігін ескерген болуы тиіс. Немесе бұрынғыдай қалпына келтіреміз деген талпыну болуы мүмкін. Бірақ мұндай шешім қабылдау үшін жалпы келісімшарт, содан кейін моңғол үкіметінің шешімі керек. Оның бәрі қабылданбай, қоғамдық талқылаудан өтпей жатып, «болды» немесе «болады» деп айта қоюқиындау. Егер шынымен солай болса, моңғол үкіметіне күмән келтіруіміз керек сияқты. Моңғолиядағы демократия әлдеқайда дамыған. Үіметі бұл туралы не дейді екен? Олардың да оппозициясы бар.
-     Одақтасу туралы келісім АҚШ-тың қарсылығын тудыратын белгілі. Мұның соңы неге апарады?
-     Жақында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, басқа да саясаткерлері ТМД аумағындағы орын алып жатқан Кеңес одағын қайтару, империяны қалпына келтіру сияқты дүниелерге қарсылық танытты. Сондықтан АҚШ пен Қытай бұған еш мүмкіндік бермейді. Бүгінгі моңғол элитасы, жастары орыс тілінен гөрі ағылшын тілін оқытуды алға қойған. Шет елде өзім қатысып көрген жиындарда байқағаным моңғолдың азаматтары ағылшын тіліне жақын. «Одақтасудың» соңы қалай боларын күтейік. Бірақ одан үлкен прогресс көріп тұрған жоқпын. Бүгінгі Ресейдің саясаты нақты мүддеден гөрі сол баяғы империяны аңсау, сол тұрғыда келсін-келмесін айтып қалу, өз халқына үміт сыйлау секілді өзін-өзі алдау болып көрінеді.
Әңгімелескен - Жанкелді Қаржан

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3549