Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3453 0 пікір 4 Қаңтар, 2013 сағат 12:18

Валерий Могильницкий. Ягоданың өлім лабораториясы

Карлагта НКВД-ның басшысы Генрих Ягоданың да туған-туыстары жазасын өтегенін біреу білсе, біреу білмес.

Қарағанды мен Қарағанды облысының ҰҚК мұрағаттарында №2133 іспен Карлагта жазасын өтеген, атақты қаныпезер Генрих Ягоданың апасы Фрида Григорьевна Фриндлянд-Ягода жайлы мәліметтер сақтаулы. Ол «сүйікті інісі Генрихтің» 1937 жылы ату жазасына кесілуінен кейін-ақ тұтқындалған. Фрида Ягоданы сол жылы 28 тамызда НКВД-ның жендеттері ұстап, халық жауының туысы ретінде қамауға алады. Осылай 8 жылды арқалап, айдауға ұшырайды.

Фрида Ягода өз жазасын Темник, кейіннен Сегежский лагерлерінде өтейді. 1941 жылдан 1945 жылға дейін атақты Карлагқа ауыстырылып, «тозақ мекені» ретінде сипатталатын орында азапқа толы ауыр күндерін өткізеді.

Ол інісі Генрих Ягоданы революцияның қаһарманы деп әспеттеп, камералас достарына «Генрих революция мен Сталинге қалтқысыз қызмет етті, ал Сталин оңбаған бәрін сатып, бауырымның түбіне жетті» деп айтып отыратын.

1946 жылы Ф.Г.Гриндлянд-Ягода бостандыққа шығарылып, Қарағандыдағы Жаңа қала ауданына қоныстанады. Алайда 1949 жылы «халық арасында антикеңестік насихат жүргізді және Кеңес одағы еңбекшілерінің тұрмысына қарсы жұмыс жүргізді» деген айыппен қайта тұтқындалады.

Карлагта НКВД-ның басшысы Генрих Ягоданың да туған-туыстары жазасын өтегенін біреу білсе, біреу білмес.

Қарағанды мен Қарағанды облысының ҰҚК мұрағаттарында №2133 іспен Карлагта жазасын өтеген, атақты қаныпезер Генрих Ягоданың апасы Фрида Григорьевна Фриндлянд-Ягода жайлы мәліметтер сақтаулы. Ол «сүйікті інісі Генрихтің» 1937 жылы ату жазасына кесілуінен кейін-ақ тұтқындалған. Фрида Ягоданы сол жылы 28 тамызда НКВД-ның жендеттері ұстап, халық жауының туысы ретінде қамауға алады. Осылай 8 жылды арқалап, айдауға ұшырайды.

Фрида Ягода өз жазасын Темник, кейіннен Сегежский лагерлерінде өтейді. 1941 жылдан 1945 жылға дейін атақты Карлагқа ауыстырылып, «тозақ мекені» ретінде сипатталатын орында азапқа толы ауыр күндерін өткізеді.

Ол інісі Генрих Ягоданы революцияның қаһарманы деп әспеттеп, камералас достарына «Генрих революция мен Сталинге қалтқысыз қызмет етті, ал Сталин оңбаған бәрін сатып, бауырымның түбіне жетті» деп айтып отыратын.

1946 жылы Ф.Г.Гриндлянд-Ягода бостандыққа шығарылып, Қарағандыдағы Жаңа қала ауданына қоныстанады. Алайда 1949 жылы «халық арасында антикеңестік насихат жүргізді және Кеңес одағы еңбекшілерінің тұрмысына қарсы жұмыс жүргізді» деген айыппен қайта тұтқындалады.

Мұрағат құжаттарында Фрида Ягоданың қай кезде не сөйлегені, кімдермен аралас-құралас болғаны т.б. туралы мәліметтер баршылық. Крылов мектебі ұстазының «Ф.Г.Гриндлянд-Ягода үнемі көп жұмыс істеп, аз тамақтанатыны, шаршайтыны туралы жиі шағымданатыны» туралы пікірлері мұрағатта сақталған. Куәгерлердің жазуынша ол Қарағандының киім-кешек, азық-түлікпен аз қамтылатыны, дүкендерде болатын бітпейтін кезектер т.б. туралы үнемі шағымданып, арызданып жүреді.

Осы аталған себептер Фрида Ягоданың тағы да он жылға лагерге айдалуына себеп болады. Мұрағатта сақталған үкімде оның аса қауіпті қылмыскер екендігі жазылған (Қарағанды және Қарағанды облысындағы ҰҚК мұрағаты. №0456, 36 п.).

1949 жылы ол Степной лагерьге айдалады. 6 жылдан кейін рақымшылық жасалады.

Фрида әйелдің тағдыры міне осындай! Бұл әйел де өзге ақын, жазушы, саясаткерлер сияқты Сталин заманындағы құйтырқы саясат пен жүйенің құрбаны болды. Ф.Г.Фриндлянд-Ягоданың жеке құжатындағы мәліметтерден байқайтынымыздай оның тағдыры жақсы аяқталады. 1958 жылы 24 ақпанда ол сауықтыру құқығын алады. Ол кезде оның жасы 59-да болады. Байғұс әйел өмірінің 18 жылын қанышер інісі құрған тажал шеңберінде өткізеді.

-       Ия, Генрих үлкен күнә жасады, ол қаншама адамның қанын мойнына жүктеді,- деп мойындайды ол. - Ол тек адамдарды атуға бұйрық беріп қана қоймай, Сталиннің жауларын азаптап өлтіру үшін у дайындайтын лаборотория құрды. Айтыңдаршы, менің не жазығым бар? Менің туған-туыстарым мен бауырларымды не үшін азаптайды? Біз бәріміз Генрихті адамгершіл етіп тәрбиелеу үшін барымызды салдық, оған жоғары медициналық білім де бердік. Оны адамдарды өлтірсін деп емес, дәрігер болып адам өмірін құтқарсын деп тіледік.

Осылай деген ол:

-  Бәрінің кесірі - Генрихтің билікке құмарлығында еді... Ол ешнәрсеге көзі тоймай, болған сайын болсам деді. Коммунистік идеология адамдарды өмірдің өзі күрес деп үйретті. Олардың ойынша қоғамның дамуы таптардың күресінен тұрады. Менің інімді осы ой тәрбилеп шығарды. Ол Сталинге қарсы шыққанның бәрін қырып-жоюды көздеді. Қожайынына берілгені үшін өзіне лайық сыйлыққа да қол жеткізді...

Генрих большевик партиясының идеясынан басқаға сенбеді. Тіпті Жаратушының бар екеніне де сенбей, нағыз атеист екенін дәлелдеді. Бірақ кейіннен әрбір ату жазасынан кейін құдайдан күнәсін кешіруді тілейтінді шығарды.

Ягоданың күнәсі телегей-теңіз болатын. Эдуард Радзинский өзінің «Сталин: өмір мен өлім» атты кітабында былай деп жазады: Ол алғашқы жылдары Лениннің «Әрбір партияшыл чекист болуы тиіс» деген сөзін «тереңдетіп» «әрбір азамат чекист болуы қажет» деп түсінді. Осыдан кейін адамдардың бір-бірінің үстінен жинайтын ақпараттары көбейді. Ягоданың қатысуымен орын алған алғашқы аты-шулы іс Донбасс шахтасындағы «зиянкестерге» арналған «шахташылар ісі» болатын. 53 инженер техниканы бүлдіру арқылы көмір өндірісі мен энергетикаға зиян келтіреді. Осылайша олар бейбіт өмірдегі халық жауларына айналып шыға келді. Ягода Сталиннің қолын алып, қошемет естігеннен кейін мұндай іс жалғаса берді. Өйткені «тап күресі жалғасып жатқан» еді.

Жүйенің адамды жазалаушы механизмі және адамдарды бір-біріне айдап салу арқылы Ягоданың дәурені жүріп тұрды. Осы арқылы зиялылар мен еркін ойлылардың бәрі азап шекті. Оның бастамасымен Троцкий, Каменов, Зиновьев сияқты серкелерге үкім шығарған «Промпартии», «Югостали» деп аталатын аты шулы істер қаралды. Аталған тұлғалар Ресей территориясында террористік топ құру, Сталинге, партияға, мемлекетке кез-келген уақытта қауіп төндіру фактілерімен жауапқа тартылды. Шын мәнісінде Троцкий, Каменов, Зиновьевтер практик емес, теоретиктер болатын. Троцкий дер кезінде шет ел асып НКВД-ның шеңгелінен уақытша болса да құтылса, Каменов пен Зиновьев большевиктерге деген соңғы үмітімен елде қалған болатын. Бұл сенім өзін ақтамайтын еді. Тергеуші Черток Каменевке «Сен неге шет елге қашпадың? Сендер қорқақсыңдар. Оны Лениннің өзі айтқан. Егер біз сендерді босатсақ, бірінші кездескен комсомол жазаларыңды береді. Егер сенбесеңдер олардан өздерің сұраңдар. «Каменов пен, Зиновьев кім?» деп сұрасаңдар, «Олар отанның жаулары!» деп жауап береді» дейді.

Г.Ягода Сталинге революцияның ірі өкілдерінен, партия мен КСРО-дағы ірі бәсекелестерінен құтылуға көмектескен. Ол қожайынының нұсқауымен Куйбышев, Горький, Менжинский, Чичериндерді шығыстың атақты азаптап өлтіру әдістерімен ажал құштырған.

Ягода құрған азаптау абақтылары мен лабороториялары НКВД-ның құрамында көп уақыттар бойы сақталып тұрған. Бұл орындар қанқұйлы Ежов, Берия және Абакумовтардың дәуірінде де талайларды опат еткен...

Югославия маршалы И.Тито Сталиннің ықпалынан шыққан уақытта оны өлтірудің де жолдары қарастырылған. НКВД-ның лабороториясында дайындалған тез әсер еткіш улы газ КСРО елшісі Григулевичтің И.Титоға сыйлаған бриллиант жүзігі арқылы иесіне жетеді. И.Тито жүзік қорабын ашып, қолына таққаннан кейін-ақ өлім құшады.

НКВД лабороториясында дайындалған арнайы операция осылайша аяқталады.

Сталин дәуірінде ешбір операция сәтсіз аяқталмаған. Қазіргі таңда Ягода ірі тұлғаларға өлім себумен ғана емес, адамдарды жаппай қырып-жоюшы ретінде тарихқа енді. Мәскеу-Волга каналы құрылысы кезінде Ягоданың бастамасымен қаншама тұтқын жұмысқа жегіліп, азаптан ажал құшқан. Осы құрылыстың түбінде қаншама боздақтың сүйегі жатыр. Азап лагерлерінің Ягоданың бұйрығымен шамамен 3 миллионға жуық адам қайтыс болған.

Сталин Генрихтің жұмысы бәрібір көңілі толмайды. Өйткені оның өлім лабороториясы «өте баяу қимылдаған» болатын. Әрбір троцкишіл мен зиновьевшілді табуға ұзақ уақыт сарп етілді.

Ягоданың бір ерекшелігі болған. Ол әрбір «халық жауын» атқаннан кейін оқтың оқшантайын алып, «Зиновьев», «Каменев» деген жазу жапсырып жәшікке салады. Бір күні осыны Сталинге көрсеткенде ол:

-  Бар-жоғы бір жәшік қана ма? - деп сұраған екен.

Фриндлянд-Ягода өзінің қаныпезер Ягоданың бауыры екенін ұзақ уақыт бойы жасырып келген. Ол фамилиясын сұраған адамға «Фриндлянд» деп жауап береді. 1958 жылы сауықтыру құқығына ие болғаннан кейін ол өзінің Генрихпен туыстығы туралы ашық айта бастаған.

Ф.Ягода өмірінің соңғы күндерін Қарағандыдағы «Тұран-Әлем» банкінің қасында Тайсия есімді апасымен бірге өткізеді. 1959-1965 жылдары күзетші, инженер-экономист болып қызмет еткен Максим Максимович Шохор кітапханада жұмыс істеген Ф.Ягоданы еңбексүйгіш, әңгімешіл деп суреттейді. Оның атуынша Ягоданың отбасы түгел репрессияға ұшырап, қырылады. Анасы Мария Гавриловна 8 жыл Томскідегі лагерге айдалып, алғашқы сәттерде-ақ жүрегі шыдамай қайтыс болады. Әйелі өзімен бірге ату жазасына кесіледі. 5 әпке-қарындасы 8 жылдан кем емес мерзімге түрлі лагерлерге айдалып кетеді. Мұның бәрі аталған мерзімінен де ұзақ қиындық көрді. Ф.Ягоданың 18 жылын тар қапаста өткізгенін мәсал ете аламыз.

Г.Ягоданың ұлы - Гарик балалар үйіне өткізіледі. Ол осы жерден Томскідегі әжесі Мария Гвариловнаға екі рет хат жазады. Біріншісінде «Құрметті әже, аяулы апатайым. Сен менің жалғызымсың, мен де сенің жалғызыңмын. Егер мен өлмей, тірі қалсам, үлкен болып өсемін. Ал сен ол кезде тіптен кәрі боласың. Мен сені сол кезде асыраймын. Сәлеммен Гарик» деп жазса, екіншісінде «Құрметті әже, мен әлі өлмедім. Мен саған бұрын жазғанымды айтып отырғаным жоқ. Бірақ мен талай рет өліп келемін. Сәлеммен немерең» деп жазған.

Ф.Ягоданың әпкесі Тайсияның Виола есімді қызы болады. Сауықтырудан кейін өз қызын әрең дегенде балалар үйінің бірінен табады. Бірақ ол осы уақытқа кейін НКВД-ның тәрбиесін көріп, бой түзеген еді. Ол өзінің анасы мен туыстарын «халық жауы» ретінде жек көріп, намыстанатын.

Тайсия Григориевна жүрегі қан жылап, қызын бері қарату үшін барын салады. Ақыры соңында ананың қажыр-қайраты қызының қатқан жүрегін жібітеді. Виола Медицина университетіне түсіп, кейіннен Ленинградқа кетеді. Сол жерден анасын қасына шақырады. Анасы бұл шақыруды қуана қарсы алады. Бірақ тағдырдың жазуымен қызына сәл жетпей, жалғанмен қоштасады.

Фрида Григорьевна да Қарағандыда өмірінің соңына дейін қалмайды. Оның жүрегі де қызы өмір сүретін Горький қаласына тартып тұрады. Ақыры жолға шығып, сол жерде қайтыс болады.

Сталиндік жүйе қаншама отбасына қайғы әкеліп, бала мен ананы бөліп әкетті. Қаншама адамның жүрегі қан жылады. Жүйеден ажал құшқан адамның санында есеп болмады. 1956 жылы КПСС-тің ХХ съезінде Сталиннің жеке басқа табынушылығы айыпталып, қуғындағы талай азаматтарға жеңілдік жасалды. Көптеген жәйттің беті ашылды. Ғалымдар әлі күнге дейін халыққа қарсы неліктен жаппай қуғын-сүргін ұйымдастырылды, оның қыртысты тұстары қандай еді, бұл неге ұлан-ғайыр атырапты қамтыды деген сауалға жауап іздеуде. Біз де осы сауалға бір сәт жауап іздеп көрейікші.

Астана плюс №5 қыркүйек-қазан 2012 жыл

Орыс тілінен аударған - Сәкен Есіркепов

«Abai.kz»

0 пікір