Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3235 0 пікір 4 Қаңтар, 2013 сағат 11:10

Бес күннің ішінде ме, әлде бесінші күні тіркеле ме?

Көші-қон мәселесінің түйткілді тұстары көп екені мәлім. Көші-қон саясатына байланысты «Abai.kz» ақпараттық порталы әркез мақалалар жариялап келе жатқаны оқырманға аян.

Төмендегі хатты тұрақты авторларымыздың бірі - Бекқожа Жылқыбекұлы жолдапты. Хатта Қытайдан туысшылап қыдырып келген ағайынының уақытша тіркелуінен туындаған мәселесін көтеріпті.

Мұндай мәселе бір адамның басында ғана емес, ағайын-бауырын бір көріп, Атамекенге сапарлап келетін әрбір қазақтың алдынан шығатыны рас. Тек соған құлақ асатын құзырлы орын болса ғой...

«Abai.kz»

«Шетелден келген азамттар бес күннің ішінде белгілі бір мекен-жайға тіркелуі керек» деген заңның бабы бары рас. Бірақ «Ең соңғы күні тіркелуі қажет» деген заң қайдан шықты?

27 желтоқсан күні кедендік шегарадан өтіп тарихи отанына көшіп келген туысым 30 желтоқсан күні Астана қаласына келді. Астанаға келісімен оны Астана қаласы көші-қон полиция мекемесіне тіркеуге ертіп бардым. Онда отырған бір қыз:

- Мен қазір өте қарбаласпын. Бұл азаматты шегарадан кіргеннен кейінгі 5-ші күні ған тіркейміз! - деп, саусағын санап жіберіп, 2013 жылдың 1 қаңтары күні келіп тіркелуді қатаң түрде бұйырды. Мен  бұл бұйрыққа аң-таң қалдым! Сонда «шет ел азаматтары 5 күн ішінде тіркелуі керек» деген заң «соңғы күні тіркелуі керек» деп өзгертілген бе, қалай деген ойда қалдым. Заң солай өзгертілмеген болса, бұл мәселеге көші-қон полиция қызыметкерлері не үшін салғырт қарайды? Көші-қон полиция қызметкерлерінің бұлай мың құбылуы заңға сия ма?! Заңға сыйса, ол қандай заң? Көші-қон полиция қызыметкерлері не үшін халықты қайта-қайта өз алдыларына келтіре беруге әуес? Елбасымыздың «Мемілекеттік қызметкерлер халық үшін қызымет істеуі тиіс» деген ұстанымы қайда? Осы бір қарапайым болса да, маңызы өте зор іс жөнінде Астана қаласы көші-қон полициясы басқармасының бастығынан тікелей түсініктеме беруін сұраймын.

Құрметпен,

Астана қаласының тұрғыны

Бекқожа Жылқыбекұлы

0 пікір