Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5712 0 пікір 28 Желтоқсан, 2012 сағат 07:57

Канаданың Шаролесі Қазақстан «азаматтығын» алды

Қараша айында Канададан Астанаға «Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының желісін құру (тұқым қалыптастыру)» жобасын жүзеге асыру аясында асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал партиясы жетті. Барлығы 250 бас үй жануарының 237-сі тайынша болса, 13-і өгізше.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ дерегіне жүгінсек, қазақстандық жағдайға бейімделген «Шароле» тұқымының етті малдарын, Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданында орналасқан «Тимофеевка-Агро» ЖШС алыпты. Шетелдік сиырларды бейімдеу оңайға соқпады. Карантин мерзімінде сынап бағанасының -45С градус деңгейіне дейін күрт төмендеген шыңылтыр аяз ахуалды қиындатып жіберді. Алайда, канадалық ірі қара сынақтан сүрінбей өтіп, жергілікті қатал ауа райына төзімділік танытты, деп хабарлайды Аграрлық несие корпорациясының баспасөз қызметі.

«Карантин науқаны аяқталды, сиырларымыз тез бейімделіп, қазірдің өзінде семіре, салмақ өсіре бастады. Бұл үшін барлық жағдай қарастырылған», - дейді «Тимофеевка-Агро» ЖШС басшысы Асылжан Құрбанов.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын құру» жобасы шеңберінде, қолданыстағы мал өсіру базасы ауқымында, Әулиекөл және Шароле тұқымдарының төлдеуге қауқарлы кем дегенде 2 мың басын бір уақытта баптап ұстау арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту көзделуде. Осы мақсатта 10 ескі сиыр қорасын жаңғырту, 20 адамға шақталған санитарлық өткізу нысанын салу және қажетті инфрақұрылым нүктелерін тұрғызу, Шароле тұқымының асыл тұқымды табынын, жем-шөп себуші, жинаушы және дайындаушы ауыл шаруашылығы техникасын, жем-шөп қамдауға арналған құрал-жабдық сатып алу жоспарлануда.

А.Құрбановтың айтуынша, аталған бағытта жұмыс жіті жүргізілуде: «Жол картасы» бағдарламасы аясында жылына бір уақытта баптап ұстау бойынша ірі қара малының төлдейтін 2 мың басынан тұратын (1,5 мың Әулиекөл тұқымы, 500 бас Шароле тұқымы) тұқым қалыптастыру жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асты. Осымен бірге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша, 630 млн теңге сомасындағы несие алынды. Бұл қаржы биыл игеріліп бітті.

Бәрімізге белгілі, елдегі асыл тұқымды мал шаруашылығының сапасын арттыруда, сиырдың етті тұқымдарының өнімділігін көтеруде және ауыл шаруашылығының асыл тұқымды және өнімді қырларын жетілдіру межеленген жасанды сұрыптау жұмыстарын ынталандыруда «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі «Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының (тұқым қалыптастыру) желісін құру» инвестициялық бағдарламасы аясында жобаларды қаржыландыруды жүргізуде.

Мәселен, 2010-2011 жылдар аралығы республика аумағына жоғары өнімділікке ие шетелдік сұрыптаудан өткен асыл тұқымды ірі қараның 15,8 мың басы әкелінді. Оның ішінде, 2011 жылы нақты 13,5 мың бас сиыр жеткізілсе, мұның 3,6 мыңын немесе 27 пайызын бизнес өкілдері өз қаржысы есебінен тасыса, 9,9 мың басын (73%) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер Холдингтің несиелік әлеуетін пайдалана отырып әкелді. Жоба аясында шетелдік сұрыптауға тиесілі асыл әрі таза тұқымды ірі қара малының 12 мың басын жеткізу жоспарлануда.

2016 жылға қарай «Тимофеевка-Агро» ЖШС толық қуатына шығуға ниеттенуде.

"Abai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499