Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3371 0 пікір 27 Қараша, 2012 сағат 09:50

Ахметов азаматтық жасады

бұдан былай Үкімет жиыны қазақша өтеді

Жаңа Үкіметтің басшысы Серік Ахметов Министрлер кабинетінің отырыстары мен ірі жиындарды мемлекеттік тілде өткізу туралы шешім қабылдапты. Серік Нығметұлы бұл идеяны жүзеге асыруға кеше кірісіп кетті: Үкіметтің кешегі отырысы толығымен тек қазақ тілінде өтті. Бір айта кетер жайт, осынау ізгі істің ел ертеңі - жастар тақырыбынан бастау алуында да бір символикалық мән бардай. Ағалардан нұсқау болған соң, Министрлер кабинетінің кешегі кеңейтілген жиынында мінберге шыққан белсенді жастар да ана тілде майын тамыза сөйледі.

Жиынның екінші жартысында да мемлекеттік тіл өзінің мәртебелі орнынан түспеді, үстемдігін сақтады: ел Парламентінің «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің» нақтыланған жаңа жобасын қабылдауына орай ел Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа қаулының жобасын таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев те баяндамасын басынан аяғына дейін қазақ тілінде жасап шықты. 

бұдан былай Үкімет жиыны қазақша өтеді

Жаңа Үкіметтің басшысы Серік Ахметов Министрлер кабинетінің отырыстары мен ірі жиындарды мемлекеттік тілде өткізу туралы шешім қабылдапты. Серік Нығметұлы бұл идеяны жүзеге асыруға кеше кірісіп кетті: Үкіметтің кешегі отырысы толығымен тек қазақ тілінде өтті. Бір айта кетер жайт, осынау ізгі істің ел ертеңі - жастар тақырыбынан бастау алуында да бір символикалық мән бардай. Ағалардан нұсқау болған соң, Министрлер кабинетінің кешегі кеңейтілген жиынында мінберге шыққан белсенді жастар да ана тілде майын тамыза сөйледі.

Жиынның екінші жартысында да мемлекеттік тіл өзінің мәртебелі орнынан түспеді, үстемдігін сақтады: ел Парламентінің «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің» нақтыланған жаңа жобасын қабылдауына орай ел Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа қаулының жобасын таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев те баяндамасын басынан аяғына дейін қазақ тілінде жасап шықты. 
Осы жиын көрсеткеніндей, Қазақстан Үкіметінің отырысын мемлекеттік тілде өткізудің еш қиындығы жоқ екен. Бұл ретте әлі күнге мемлекеттік тілді игермегендер үшін жап-жақсы ілеспе аударма жүрді. Ал орыс тілді журналистерге баяндамалардың орысша нұсқасы таратылып берілді.

Отан - жастарға!

Қазақстандық жастардың Отан үшін не жасауға дайын екендігі көшбасшы партияның жастар қанатының екінші съезінде паш етілді. Ал кеше өздерінің жиындарына жиылған Үкімет мүшелері, «Нұр Отанмен» алқа құрып, енді Отанның, яғни мемлекеттің жастарға қандай қолдау көрсететіндігі жөнінде ақылдасты. 
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының ІІ Съезі өтті, - деді жиналғандарға Премьер С.Ахметов. - Өздеріңіз білесіздер, жастар мәселесі қашанда Мемлекет басшысының ерекше назарында. Оларға қамқорлық, жан-жақты қолдау - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы жиында Президент Үкіметке мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде, жұмыспен қамту, баспана салу, әлеуметтік қорғау, мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жобасын дайындау бар.
Осы орайда «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ел Үкіметінің «Жас Отан» Съезінде қойылған міндеттерге үлкен көңіл бөліп, жедел түрде кеңейтілген отырыс өткізгені үшін алғысын білдірді. «Өйткені Съезде айтылғандар тек партиямыздың жастар қанатының мүшелеріне ғана емес, жалпы қазақстандық жастарға арналды, - деді Б.Сағынтаев. - Сол алқалы жиын барысында көптеген өмірлік маңызды, өте мәнді мәселелер көтерілді». Біріншіден, оның айтуынша, Елбасы өзінің баяндамасында бір министрліктің ғана емес, барлық саланың басшылығы жастар ісімен айналысулары керектігіне арнайы тоқталып, соған баса назар аудартты. 
«Яғни бұл жалғыз Білім және ғылым ми­нистрлігінің ғана жұмысы емес, оған Үкіметтің барлық құрылымдары, сондай-ақ жергілікті билік органдары тартылуы қажет! - деді Ба­қытжан Сағынтаев. - Екіншіден, біз енді тек оқушылармен жә­не студенттермен ғана шек­теліп қалмауға тиіспіз. Бұдан былай жұмысшы жастарға да, спортшы жастарға да, әскери жастарға да көңіл бөлу керек болады, олардың еш­қай­сысы жастар саясатынан тыс қалмауы, тегіс қамтылуы қажет. Бұл - «Қазақстан көш­басшысының біздің бәріміздің алды­мызға қойып отырған ортақ талабы» деп түсінуіміз керек». 
Үшінші мәселе, «Мемлекет басшысы елі­міз­де әзірленіп жатқан бағдарла­малар­дың барлығы жастардың қатысуымен да­йын­далуға тиістігін нықтады». «Президент «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларына өзгерістер енгізу, ғалам­тор­да жастарды жұмысқа орналастыруға арналған еңбек биржасын құру және басқа да көптеген ұсыныстар айтты» деген Б.Сағынтаев Үкі­мет басшысына жүгінді: «Осы жұмыс­тар­ды, әлгі өзгерістерді әзірлеу барысында, Серік Нығ­метұлы, жастардың өздерін шақырып, ой-пікірін білулеріңізді сізден сұраймын. Егер олардың өзгеріс, ой-пікір, ұсыныстары еске­ріл­мей қалып жатса, Елбасы тапсырмасы орындалмай қал­ды деп есептеледі». 
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірін­ші орынбасары тағы бірер ұсынысын Үкіметке енгізді: «Бұған қоса, Білім және ғылым ми­нистрлігінде жаңадан құрылған Жастар ісі комитеті жастар ой бөлісетін пі­кірсайыс алаң­дарын көбірек ашса?! Біз өз тарапымыздан оған атсалысамыз. Сон­да жастардың көкейтес­ті проблемала­рын дер кезінде естіп, дөп басып отырар едік, - деді ол. - Тағы бір жайт, қазір Ербол Тұрмаханұлының басшылығымен, жұ­мыс тобы құрылып, мемлекеттік жас­тар сая­сатының жаңа тұжырымдамасы жасалып жа­тыр. Сонымен бірге Үкіметте жастар сая­саты туралы жаңа заңын қа­былдауға бағыт­тал­ған жұмыс жүруде. Бұл үдеріске біздің «Жас Отан» жастар қа­натының белсенділері қаты­суда» дей келе, Бақытжан Сағынтаев съезде Елбасы айтқан ұсыныстар мен тапсырмалар осы Тұжырымдама мен заң жобасында ес­ке­ріліп, өз шешімін табуы қажеттігін еске салды. Үкімет отырысында баяндама жа­са­ған Білім және ғылым министрі Бақыт­жан Жұмағұлов мұны растады. 
- «Жас Отанның» ІІ съезі еліміздегі жас­тар саясатының жаңа бетін ашты, - деді Үкі­мет отырысына арнайы шақы­рыл­ған «Жас Отан» жастар қанатының атқа­рушы хатшысы Нұр­лан Сыдықов. - «Жас Отанның» «Жас­тар - Отанға» страте­гия­сы жастарды жаңа идеяларды ұсынушы, қозғаушы күш ретінде мемлекет пен қоғам дамуына өз үлестерін қосуға ша­қыратын құжат. Демек, жәрдемді сырттан күтпей, өз тағдырына өзі жауапты жас ұрпақты қалыптастыру басты мақсат болып табы­ла­ды. Стратегия жаңғырту міндеттерін шешу жолында жас қазақстандықтарды жұ­мыл­ды­руға бағытталған, - дей келе, ол «бел­сен­ді жастар мен ірі жастар ұйымда­рының басын бір арнаға тоғыстырып, қоғамды елең еткізер жаңа, тың азаматтық бастамаларды жүйелі тұрғыда ұйымдас­ты­руды» - «Жас Отан­­ның» алдында тұр­ған басты міндеттердің бірі деп мәлімдеді.
- Мемлекет басшысы сонау қиын-қыс­тау заманда да жастарды «алтын қор» деп бағалап, білім алуына, кәсіпқой ма­ман болуына барша қолдау көрсетті,-деді сөз алған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспі­рімдер ұйымы респуб­ликалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нәзира Бөлтірі­кова. - Сол Тәуелсіздіктің таңында се­білген дәндер бүгінде өркен жайды. «Осы ұрпақ үкілеген арманды, аманатты алып жүре ала ма?» деген сауал мына сіз­дер­дің - аға буынның көкейінде тұрғаны жа­сырын емес. Осы күмәннан арылыңыз­дар. Себебі бүгінгі ұрпақ - Азаттық рухында тәрбиеленген, нағыз білімді, бо­ла­шағына нық сеніммен қарайтын ұрпақ. Бүгінгі ұрпақ қиын-қыстау заманды көр­месе де, өткен тарихты бағалайды, құр­меттейді, - дей келе, Нәзира былтыр, Тәуел­сіздіктің 20 жылдығында, 6 шілдеде Пре­­зидент Н.Назарбаевтың өзі қабыл­дап, төс белгілерін тағып, ақ туды тапсыр­ған «жасұлан­дықтардың» қатары бүгінде 700 мыңға жеткен­дігін мәлім етті. 
- Бүгінде халқымыздың төрттен бірін жас­тар құрап отыр, - деді жиынды қо­рыт­қан Серік Ахметов. - Оларға жағдай жасалуда. Елбасының съездегі тапсыр­малары бойынша қажетті заңдар мен бағдарламалар қабылда­нады. Осы құжат­тардың кейін әр облыста, әр елді мекенде сапалы орындалуына бақылауды күшейту қажет. 
Үкімет басшысы Білім және ғылым ми­нистрлігіне, мемлекеттік органдармен, жергі­лікті әкімдіктермен бірге, Елбасы тапсыр­ма­ларының сапалы жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Аталған жұмысты бақылау вице-премьер Ербол Орын­баевқа жүк­телді.
- Бүгін Үкімет басшысы біздің ми­нистр­лікке Мемлекет басшысының съезде қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі кешенді жос­пар әзірлеу туралы нақты тапсырма жүкте­-
ді, - деді жур­налистер алдына шыққан БҒМ басшысы Бақытжан Жұмағұлов. - Ол құжатқа Президенттің биылғы жыл үдерінде жас­тарға қатысты берген басқа да тапсырма­лары енеді. 

Жедел сұхбат
Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, Білім және ғы­лым министрі:

- Таяуда Қазақстан Тұңғыш Президент күнін атап өтеді, бұл мерекенің мәні неде?
- Біз тұңғыш рет Тұңғыш Президент күнін атап өткелі отырмыз. Жалпы, Пре­зидент күнін өткізу дәстүрі - әлемде бар тәжірибе. Ол АҚШ-та да аталып өтеді. Осылайша, елі­міздің Тұңғыш Президенті сайланған күн­ді - 1 желтоқсанды осындай мереке деп бел­гілеу ұйғарылған еді. Оны атап өтудің басты тұжырымдамасы мынау: біз, жас мемлекет 20 жылдан сәл астам уақыт ішінде экономика, саясат, әлеуметтік сала­ларда орасан зор же­тістіктерге қол жеткіздік, осылардың барлығы Н.Назарбаевтың тұлға­сымен және есімімен байланысты. Қазақстан Көшбасшысының елімізді гүлденген мемле­кетке айналдыру ба­ғытында қабылдаған сындарлы шешімдерін, жасаған батыл қа­дам­дарын зерттеп, зерделей түсуіміз қажет. Осы себепті де бүгінде «Назар­баев оқулары», оқушылардың Елбасы өмір­баянын білуден әртүрлі жарыстар өткізілу­де, бұлар бізге Нұр­сұлтан Назарбаевтың қоғам­ды дамы­ту­дың барлық заңдылықтарына ір­гелі көз­қа­растарын, сондай-ақ Қазақстанда жүр­ген және жүріп жатқан үдерістерді жақсы­рақ білуге мүмкіндік береді. Осы арқылы жастар елімізде не жасалғандығын, не жүріп жат­қандығын түсінеді. Бұл дегеніңіз - ғылы­ми мәселе. Сондықтан да біз оқушыларымызға Елбасы туралы шығарма жазуды тапсырдық. Әрине, бұл - ғылыми зерделеудің анағұрлым қарапайымдандырылған түрі. Бірақ соның барысында балалардың осының бәрін қалай түсінетіндігін, айналасында болып жатқанды олардың қалай қабылдайтынын, олардың бала санасында бұл оқиғалардың қандай із тастап, қалай көрініс тауып жатқандығын бі­леміз. Меніңше, бұл біздің балаларымыздың дұрыс қалыптасуларына жол ашады. 
Егер кең ауқымда алсақ, Қазақстан Көш­бас­шы­сының тұлғасы - тек өз ішімізде ғана емес, сондай-ақ әлемдік деңгейде зерттеуге лайық. Бүгінде бүкіл әлем «Назарбаев фено­меніне» таңғалады. Кеңес Одағының артта қалған мемлекетінің осыншама орасан та­быс­тарға жеткендігіне қайран қалады. Енді міне, біз жаһандық рейтингте әлемдік озық дамыған елдер ішінде 51-тұғырға көтеріліп отырмыз.
- Тұңғыш Президент күніне орай, Ел­­басыға сыйлық әзірлеңдер деп балабақшадағы бүл­діршіндерге де тапсырма беріліпті. Бұл бөбектер әлі оқи не жаза алмайды, теледи­дардан жаңа­лықтар көрмейді. Бұл шенділердің асыра сілтеуі емес пе?
- Балабақшаларда да ондай жақсы шара­лар өтіп жатса, несі артық?! Хат жаза алмаса да, 3-4 жасар балақайлар суреттерін салулары мүмкін. Ол бүлдіршіндерден де «Қазақстан­ның келешегін қалай көресің?», «Қазақстан­ның тұрақтылығын қалай түсінесің?» деп сұраса, ол бала ашық аспанды салуы мүмкін, жарқы­рап нұрын төгіп тұрған күнді қосуы мүмкін. Әр нәрседен жаман ештеңе іздемеу керек. Тек жақсылықты көру керек. Көрмей­мін деген адам түйені де көрмейді...

Елдос СЕНБАЙ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616